Мұхаметқали Тәукин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұхамметқали сұлтан
Лауазымы
Кіші жүздің батыс бөлігінің билеуші-сұлтаны
1847 — 1865
Ізашары Баймұхамед сұлтан
Ізбасары Әлмұхамед сұлтан
Өмірбаяны
Діні Мұсылман
Дүниеге келуі 1814 (1814)
Қайтыс болуы 1894 (1894)
Династия Төре
Әкесі Тәуке сұлтан

Тәукин Мұхаметқали (1814 – 20.2.1894) – сұлтан, Кіші жүздің Батыс бөлігінің басқарушысы (1847 – 1865).

Айшуақ ханның немересі. Орынбордағы Неплюев кадет корпусында оқыған. Корпусты толық бітірместен, 1831 жылы 25 қарашада Кіші жүздің Батыс бөлігі басшысының қарамағына әкімшілік қызметке жіберілді. Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісті басуға қатысты. 1839 жылы Ресейдің Хиуаға жіберген әскери экспедицияның құрамына енді. 1847 жылы Кіші жүздің Батыс бөлігінің сұлтаны (правитель) болып тағайындалды. Сұлтан М.Баймұхамедов бастаған Кіші жүз қазақтары өкілдерінің қатарында Петерборға барып, император [[Николай I-нің қабылдауында болып, “Әулие Владимир” орденімен марапатталды. 1860 жылы екінші рет Мәскеу мен Петерборға Кіші жүз өкілдерімен барды. Осы сапарында Ш.Уәлиханов, П.И. Небольсин, Л.Н. Плотников секілді шығыстанушылармен танысты және императорлық ерікті экон. қоғамға мүше болып қабылданды. Петерборда шығатын “Экономические записки” журналына қазақтардың шаруашылығы туралы мақаласын жариялады. Кіші жүз сұлтандарының шежіресін қағазға түсірумен айналысты. 1865 жылы полковник шенінде отставкаға шықты. 1868 жылы патша өкіметі қабылдаған “Уақытша ережеге” наразылық танытқаны үшін 1870 жылы Архангельскіге жер аударылып, одан 1874 жылы елге оралды.

Дереккөздер

 | ]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9,, 8-том

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Мұхаметқали Тәукин туралы ақпарат, Мұхаметқали Тәукин дегеніміз не? Мұхаметқали Тәукин нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *