Тоқтақия хан
Тоқтақия хан— 1377 жылы билік еткен Ақ Орданың ханы. Тоқтақия — Ұрыс ханның екінші ұлы.
Тоқтақия хан | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
1377 — 1377 | ||
Ізашары | Ұрыс хан | |
Ізбасары | Темірмәлік хан | |
Өмірбаяны | ||
Діні | Ислам | |
Дүниеге келуі | белгісіз | |
Қайтыс болуы | 1377 | |
Династия | Ордаежендіктер | |
Әкесі | Ұрыс хан | |
Балалары | ұлдары: Болат сұлтан, Бұғұшақ, Тәңірберді қыздары: Бақышбике, Севді, Тәтлі | |
өңдеу ![]() |
Өмір баяны
1376 жылы Тоқтақияның ағасы Құтлық Бұға Тоқтамыспен болған шайқаста қаза болады. 1377 жылы Әмір Темірдің көмегімен Тоқтамыс Ақ Ордаға қарсы екінші жорығына аттанады. Оған қарсы жіберген Ақ Орда әскеріне Тоқтақия басшылық жасап, Тоқтамысты Сауран маңында тас-талқан етеді. Осыдан кейін Ұрыс хан Темірланға соғыс қаупімен Тоқтамысты өзіне беруді талап етеді, бірақ Ақсақ Темір бұл талапты қабылдамайды.
1377 жылы Әмір Темірдің өзі Ақ Ордаға қарсы жорыққа дайындала бастайды және көп ұзамай оның шекарасына басып кіріп, Сығанақтағы Ұрыс хан әскерлеріне қарама-қарсы орналасады. Бірақ қатты аяздан жауынгерлер қолдарына қару ұстай алмай, Темірлан Орданы жаулап алуды көктемге қалдырады. Алайда, Ұрыс хан кенеттен қайтыс болғандықтан, шешуші қақтығыс орын алмайды. Тоқтақия әкесінің орнын басқанымен, екі айдан кейін ол да қайтыс болады. Оның орнына билікке Ұрыс ханның келесі ұлы Темір-Мәлік келеді.
Жанұясы
Тоқтақияның үш ұлы – Болат сұлтан, Бұғұшақ, Тәңірберді және үш қызы – Бақышбике, Севді, Тәтлі болды. Тоқтақия немересі, Болаттың ұлы Керей 1465 жылы Жәнібек інісімен Қазақ хандығын құрады.
Әдебиет
- Р.Ю. Почекаев. «Орда патшалары» - Санкт-Петербург. Еуразия. 2010
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Тоқтақия хан туралы ақпарат, Тоқтақия хан дегеніміз не? Тоқтақия хан нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!