Болат сұлтан
Болат сұлтан (? - 1428 жылы қайтыс болды) - Шыңғыс хан әулетінен шыққан сұлтан, Жошы ханның он үшінші ұлы Тоқа Темірден, немесе Жошының тұңғышы Орда Еженнен тараған Ұрыс ханның немересі, қазақтың тұңғыш ханы Керейдің әкесі. Немере ағасы Барақпен бірлесіп Алтын Орданы біріктіруге тырысты, алайда мақсатына жетпей, Мансұр бидің жақтастарының қолынан қаза болды.
Болат сұлтан | |
Болат Тоқтақияұлы | |
Қайтыс болған күні | 1428 |
---|---|
Қайтыс болған жері | Жетісу, қазіргі Қазақстан |
Мемлекет | Алтын Орда |
Шыққан тегі | Жошы әулеті |
Діні | Ислам, сүннизм |
Әкесі | |
Балалары | Керей хан |
Туыстары | Барақ хан (немере ағасы) |
Шайқасы | Едіге мен Барақ соғыстары |
Өмірбаяны
«Таварих-и Гузида-йи Нусрат-намеде» Болат Ұрыс ханның немересі, Тоқтақия ханның ұлы делінген. Болаттың өмірі мен қызметі туралы мәлімет аз, дегенмен Болат сұлтан Алтын Орда тарихында өз ізін қалдырған тұлға. Немере ағасы Барақ ханмен бірлесіп, Алтын Орданы қалпына келтіруге ниеттенді. Барақ хан Алтын Орданың батысында жеңіліске ұшырап, Алтын Орданың шығысына оралуға мәжбүр болды. Алдымен Мансұр биді талқандап оның иелігін өз қол астына қаратты. Сығанақ қаласын қайтаруды ойлады. Бұл кезде Сығанақ Ұлықбектің қарамағында еді. Барақ пен Болат Ұлықбектің әскерін талқандап, Сығанақ қаласын басып алды. Кейіннен Барақ пен Болатқа қарсы Мансұрдың ағалары Наурыз бен Ғази оларға қарсы әскер аттандырады. Барақты Мансұрдың қол астындағы батыры Аяс қыпшақ өлтірген. Болат та осы шайқаста қаза болды.
Ескертпелер
- «Тарих» - История Казахстана - школьникам | Исторические вехи | Средневековый Казахстан (VII – XVIII в.в.) | Исторические личности | Керей Хан (годы правления: предположительно 1459–1473 гг.) и Жанибек Хан (предположительно 1473–1480 гг.). www.tarih-begalinka.kz. Басты дереккөзінен мұрағатталған 23 қазан 2020.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 20 қазан 2020.
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Болат сұлтан туралы ақпарат, Болат сұлтан дегеніміз не? Болат сұлтан нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!