Лаварсаз өзені
Лаварсаз, Лавар-Қарасу, Даярсаз – Іле алабындағы өзен.
Лаварсаз | |
---|---|
![]() Іле алабындағы Лаварсаз өзені | |
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 34 км |
Су алабы | Іле өзені |
Су ағысы | |
Бастауы | Бөшке деп аталатын сазды-батпақты қоныс аумағындағы қайнар |
• Орналасқан жері | Қорам ауылынан шығыстағы 8 км жер |
Сағасы | Сенсембай-Қарасу өзеніне сол жағы. Одан әрі Торғай сайы бойымен ағып, Іле өзеніне (Қапшағай бөгені) құяды. |
• Координаттары | 43°45′57″ с. е. 78°03′41″ ш. б. / 43.76583° с. е. 78.06139° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°45′57″ с. е. 78°03′41″ ш. б. / 43.76583° с. е. 78.06139° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы |
Географиялық орны
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 34 км, алабында аумағы 20 га болатын шағын көл және ұзындығы 16 км болатын Жіңішкесу (Жіңішкебұлақ, Тамды) саласы бар.
Бастауы
Бастауын Қорам ауылынан шығыста 8 км жердегі Бөшке деп аталатын сазды-батпақты қоныс аумағындағы қайнардан алып, Даярсаз қонысынан төменде Сенсембай-Қарасу өзеніне сол жағынан құяды. Одан әрі Торғай сайы бойымен ағып, Іле өзеніне (Қапшағай су қоймасы) құяды. Жоғарғы ағысында Қарасу, ал Лавар ауылынан бастап Лавар деп аталады.
Этимологиясы
Лабар гидронимін Э.М.Мурзаев парсы, лаб "ерін", "жағалау, жар" сөзінен жасалғанын атап көрсетеді. Ал, екінші сыңары ар/ер көптеген тілдерде "су, өзен" мәнін беретіні дәлелденген.
Гидрологиясы
Арнасы толығымен дерлік жазық өңірмен өтеді. Сол жағалауының басым бөлігі жарлауытты келген. Бастауынан Сенсембай-Қарасу өзеніне дейінгі жағалау бойында тал, шілік, жүзгін, жиде, т.б. ағаштардан, бұталардан тұратын тоғай қалыптасқан және жағалауында қамыс, құрақ қалың өскен. арнасында жыл бойы су болады. Суында балық бар. Жыл құстары және т.б. құстар ұя салады, мекендейді. Өзен бойында Қорам, Лавар ауылдары және қыстаулар мен қоныстар жайласқан. Алабы - мал жайылымы және шабындық.
Дереккөздер
- Мурзаев Э.М. Словарь народных географических терминов — Москва: "Мысль", 1984. — 653 б. — 3000 таралым.
- Б.Бияров Жер-су аттарының сөзжасамдық үлгілері:монография — Алматы: "Мемлекеттік тілді дамыту институты", 2012. — Б. 131-132. — 460 б. — 1000 таралым. — ISBN 978-601-7206-35-2.
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Лаварсаз өзені туралы ақпарат, Лаварсаз өзені дегеніміз не? Лаварсаз өзені нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!