Таяқ жүгірту

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

«Таяқ жүгірту» — ұлттық ойын.

Қары қалың қыста ойналатын ойын. «Таяқ жүгірту» ойыны 10—15 жігіттің қатысуымен қарлы жерде өтеді. Ойынға қатынасушы әр жігіттің қолында ұзындығы 2—3 метрдей жонылған таяқтары болуы керек. Таяқты қайыңнан, ырғайдан, самырсыннан, ондай ағаш болмаған кезде талдан жасайды. Кейде таяқтың ұшына мұңалмас үшін қаңылтыр кигізеді.

Ойнаушылар кезекпен өздері тұрған жерден он шаңты қадам жердегі белгіленген жарқабақ қарға қолдарындағы таяқтарын лақтырады. Шарт бойынша лақтырған таяқ жарқабақ қарды тесіп ар жағына өтуі керек. Әр ойыншының таяқтарының өтіп шыққан жеріне белгі қойылады да, сонда таяқтың қай шамадағы жарқабақты тесіп өткені, немесе қайсысының таяғының (тең болғанда) көбірек шығып тұруына байланысты жеңімпаздар белгіленеді. Ойын бірнеше рет қайталанып ойналады. Ойын көп жаттығуды, қолдың қарулығын, дененің сомдығын, дәлділікті қажет етеді.

Тағы қараңыз

 | ]
  • Қазақтың ұлттық ойындарының тізімі

Дереккөздер

 | ]
  1. Сағындықов Е. С. / Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: «Рауан» баспасы, 1991 жыл .—176 бет. ISBN 5-625-01063-3

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Таяқ жүгірту туралы ақпарат, Таяқ жүгірту дегеніміз не? Таяқ жүгірту нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *