Құнан жарыс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Құнан жарыс — ертеден келе жатқан халықтық спорттық ойындарының бірі. Құнан жарысқа тай кезінде озып, бәйгеден келіп жүрген екі жасар жылқы қатыстырылады. Құнан жарысқа қосылмай тұрып, күн ілгері әзірленеді — бапталып, жаратылады. Құнан жарысы көбінесе шағын тойларда өткізіледі. Құнан жарысы 8—10 шақырымдық қысқа қашықтықта өтеді. Ал үлкен жиын-тойларда көбінесе аса қашыққа шабатын бәйге, аламан бәйге аттары келгенше, жиылған жұртты зеріктірмес үшін пайдаланылады. Құнан жарысына 8—9 жастағы балалар қатынасады. Бала құнанды бәйгеге баптаудан бастап, барлық әзірлік кезеңіне қатынасып шаруашылық мектебінен өтеді. Өмірге әзірленіп, шаруашылыққа қатынасады, ерік-қайратын шыңдап, жеңіске деген ынта-жігері артады.

Тағы қараңыз

 | ]
  • Қазақтың ұлттық ойындарының тізімі

Дереккөздер

 | ]
  1. Сағындықов Е. С. / Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: «Рауан» баспасы, 1991 жыл .—176 бет. ISBN 5-625-01063-3

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Құнан жарыс туралы ақпарат, Құнан жарыс дегеніміз не? Құнан жарыс нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *