Шыңғали Орманұлы
Шыңғали Орманұлы (т.-ө. ж. б.) – сұлтан, Жәңгір ханның немере ағасы.
| Шыңғали сұлтан | ||
| Лауазымы | ||
|---|---|---|
| ||
| 1826 — 1830 | ||
| Ізашары | Қаратай сұлтан | |
| Ізбасары | Баймұхамед сұлтан | |
| Өмірбаяны | ||
| Діні | Мұсылман | |
| Династия | Төре | |
| Әкесі | Орман сұлтан | |
| өңдеу | ||
Ресей мемлекетінің қазақ елінің дәстүрлі хан билігін шектеу саясатына қарсы шыққаны үшін Уфаға жер аударылған. Таққа отырғаннан кейін Жәңгір 1825 ж. Шыңғали сұлтанды елге қайтарып, Қамыс-Самар, Қараөзен, Сарыөзен аралығынан 700 мың десятина жер беріп, жергілікті рулардың билеушісі етіп тағайындаған. Кейіннен байбақты руларынан түскен арыздарды тексерген шекаралық комиссия Шыңғали сұлтанның халық есебінен байып, наразылықты өршітіп отырғанын анықтады. Комиссия Жәңгір ханнан Шыңғалиға бөліп берген жерін халыққа қайтаруды талап етті. Осыдан кейін Шыңғали сұлтан өзіне қарсы бас көтерген рулардың көсемдеріне айналған Исатай және Махамбетпен өштесіп, арты бітіспес дауға айналды. Тастөбеде болған шайқаста Шыңғали сұлтанды “Исатай сарбаздарына қарсы хан әскерлерінің қолбасшысы ретінде жеке ерлік көрсетті” деп, полковник Геке атап көрсеткен. Кейінгі тағдыры жөнінде жазба деректер сақталмаған.
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Сілтемелер
| ]Қазақ энциклопедиясы, 9 т.
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Қазақ сұлтандары
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Шыңғали Орманұлы туралы ақпарат, Шыңғали Орманұлы дегеніміз не? Шыңғали Орманұлы нені білдіреді?


Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!