Орман Сұлтан
Орман Сұлтан (туған жылы белгісіз – 1813) – Кіші жүз сұлтаны, XVIII ғасырдың аяғы – XIX ғасырдың бас кезіндегі көрнекті саяси тұлғалардың бірі.
Толығырақ
| ]Әбілқайыр ханның немересі, Нұралы ханның қалмақ әйелі Ырыстан туған. Өз ордасында мектеп ашқан. Сырым Датұлына қарсы күреске және Кіші жүздегі хандық басқаруды қалпына келтіру жолындағы қозғалысқа белсене қатысты. 1809 жылы Хан кеңесінің төрағасы болды. Қаратай сұлтанның көтерілісіне қатысып, сол үшін тұтқындалды. 1810 жылы 11 наурызда Орынбор шекаралық комиссиясының шешімімен барлық шендері мен сұлтан атағынан айрылып, Иркутск губерниясына жер аударылды. Кейіннен жер аудару Санкт-Петербургтегі қамалға қамаумен алмастырылды. Қамауда қайтыс болған.
Сілтемелер
| ]- Қалмақ
- Сұлтан
- Саясат
- Қазақстан
Дереккөздер
| ]<references>
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- Қазақ Энциклопедиясы«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, 10 том
- Қазақстан тарихы, 3-т., А., 2002
- Бекмаханов Е., Казахстан в 20 – 40-е годы 19 века, А.-А., 1992
- Тарихи тұлғалар
- Төрелер
- Қазақ сұлтандары
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Орман Сұлтан туралы ақпарат, Орман Сұлтан дегеніміз не? Орман Сұлтан нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!