Шалқар уезі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Уез
Шалқар уезі
Әкімшілігі
Ел

image КСРО

Кіреді

Ақтөбе губерниясы

Енеді

6 болыс

Әкімшілік орталығы

Шалқар

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

5 шілде 1922

Таратылған уақыты

17 қаңтар 1928

Жер аумағы

142 300 км²

Тұрғындары
Тұрғыны

90 500 адам (1926)

Тығыздығы

0,6 адам/км²

Шалқар уезі — 1922-1928 жылдары болған Қырғыз (1925 жылдан бастап - Қазақ) АКСР Ақтөбе губерниясының әкімшілік-аумақтық бірлігі.

Орталығы Шалқар ауылында орналасқан Шалқар уезі 1922 жылы 5 шілдеде Шалқар ауданынан құрылған. Құрамында 6 болыс болды:

  • Қабырға көшпелі
  • Қарасай көшпелі
  • Құланды көшпелі
  • Толағай көшпелі
  • Орда Қонған көшпелі
  • Шыңғыл көшпелі

1924 жылы 15 қаңтарда Ырғыз уезі Шалқар уезіне қосылды. Оның аумағында 3 болыс: Ырғыз (орталығы – Ырғыз қ.), Қарабұтақ (орталығы – Қарабұтақ а.), Жаркөл көшпелі құрылды.

1924 жылы 25 қазанда Қабырға және Толағай болыстары Қарашоқат (орталығы – Қарашоқат стансасы), Қарасай мен Шыңғыл – Шалқар (орталығы – Шалқар ауылы), Құланды мен Орда Қонған болыстары – Шолақ Жиден (орталығы – № 7 ауыл) болыстарына біріктірілді.

1925 жылы 6 наурызда Ырғыз қаласы ауылға, ал Шалқар ауылы қалаға айналды.

1928 жылы 17 қаңтарда Қазақ АКСР-нің барлық уездері сияқты Шалқар уезі де таратылды.

Әдебиет

 | ]
  • Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы анықтама (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) / Базанова Ф. Н. — Алматы: Қазақ КСР ІІМ мұрағат басқармасы, 1959. — 288 б. — 1500 таралым.

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Шалқар уезі туралы ақпарат, Шалқар уезі дегеніміз не? Шалқар уезі нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *