Темір уезі
Темір уезі– Орал облысы, Торғай губерниясы, Орынбор-Торғай губерниясы және Ақтөбе губерниясы құрамындағы әкімшілік бірлік. Орталығы – Темір қаласы. 1896 жылға дейін Ембі уезі деп аталды.
Уез | |
Темір уезі | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел |
|
Кіреді | Орал облысы, Торғай губерниясы, |
Енеді | 17 болыс (1926) |
Әкімшілік орталығы | Темір |
Тарихы мен географиясы | |
Құрылған уақыты | 1868 жылы |
Таратылған уақыты | 1928 жылы |
Жер аумағы | 134,2 мың км² |
Тұрғындары | |
Тұрғыны | 95,1 мың адам (1897) |
Әкімшілік бөлінісі
ΧΧ ғасырдың басында уез құрамына 10 орыс, 21 қырғыз болысы кірді.
1926 жылы уезде 17 болыс болды: Жекенді, Жетікөл, Жиделі-Сағыз, Жұрын, Қайыңды, Қалмаққырған, Қасқара, Құйды Ойыл, Перелюбовская, Орыс-Ембі, Тамды-Оймауыт, Темір, Темір-Орқас, Шығырлы, Ембі-Байсары, Ембі-Мұғалжар, Ембі-Темір.
Тарихы
Ембі уезі 1868 жылы Орал облысының құрамында құрылды. 1896 жылы уез Темір уезі болып өзгертілді. 1920 жылы уез Торғай, одан кейін Орынбор-Торғай губерниясының құрамына еніп, 1921 жылы таратылды. 1922 жылы Ақтөбе губерниясының құрамында қалпына келтіріліп, 1928 жылы жойылғанға дейін сонда қалды.
Тұрғындары
1897 жылғы санақ бойынша уезде 95,1 мың адам тұрған. Соның ішінде қазақтар – 99,0%. Темір уездік қаласында 616 адам тұрды. 1926 жылы уезде 75,9 мың адам тұрды. (бұл кезде уездің ауданы 1897 жылмен салыстырғанда 2 есе аз болды).
Әдебиет
- Темир, город // Брокгауз бен Ефрон энциклопедиялық сөздігі : в 86 т. (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907.
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Темір уезі туралы ақпарат, Темір уезі дегеніміз не? Темір уезі нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!