Саргасс теңізі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
image

Саргасс теңізі (ағылш. Sargasso Sea, ағылш. Sargassaceae — саргассо балдырларының атынан қойылған) — Атлант мұхитының солт.-батысындағы 25 — 35 с. е. және 30 — 70 б. б. аралығындағы бөлігі. Субтропиктік теңіздерге тән антициклондық беткі айналыс орт-нда, Гольфстрим, Солт. Атлант, Лабрадор, Канар және Солт. Пассат ағыстарының аралығында орналасқан. Аум. 6 — 7 млн. км2 (ағыстардың шекарасы маусым бойынша өзгеріп тұратындықтан шекарасы тұрақсыз). Тереңд. 7110 м. Суының темп-расы қыста 18 — 23Саргасс теңізітан, жазда 26 — 28С-қа дейін өзгереді. Тұзд. 36,5 — 37‰ шамасында. Суы өте таза (мөлдірлігі 60 м-ге жетеді). Саргасс теңізінде көптеген әр түрлі теңіз жануарлары мекендейді, оның негізгі бөлігін макрельдік және ұшқыш балықтар, теңіз шаяндары, теңіз тасбақалары, т.б. құрайды. С. т-нде Бермуда аралдары орналасқан. Теңізді 1492 ж. Х.Колумб (1451 — 1506) өзінің бірінші саяхаты кезінде ашқан.

Пайдаланылған cілтемелер

 | ]
  1. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Саргасс теңізі туралы ақпарат, Саргасс теңізі дегеніміз не? Саргасс теңізі нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *