Лаптев теңізі
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Лаптев теңізі | |
![]() | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Ауданы | 672 000 км² |
| Көлемі | 363 000 км³ |
| Жағалау сызығының ұзындығы | 1300 км |
| Тереңдігі | 3385 м |
| Орташа тереңдігі | 540 м |
| Орналасуы | |
| 76°16′07″ с. е. 125°38′23″ ш. б. / 76.26861° с. е. 125.63972° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 76°16′07″ с. е. 125°38′23″ ш. б. / 76.26861° с. е. 125.63972° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Лаптевтер теңізі, Сібір теңізі, Норденшельд теңізі — Солтүстік мұзды мұхиттың шеткі су айдыны. Батысында Таймыр түбегімен, Солтүстік Жер топаралымен, шығысында Жаңа Сібір аралдарымен шектеседі. Ауданы 662 мың км², орташа тереңдігі 533 м, ең терең жері 3385 м. Ірі шығанақтары: Хатанга, Оленек, Буор-Хая. Теңізге Хатанга, Лена, Яна өзендері құяды. Лаптевтер тенізінің көпшілік бөлігі материктік қайраңда жатыр. Климаты арктикалық теңіздердің ішіндегі ең қатаңы. Полюс түні оңтүстігінде 3 ай, солт-нде 5 айға созылады. Қыста Лаптевтер теңізі үстінде арктикалық максимум мен азиялық максимумның солтүстігінде-шығыс тармағы түйіседі де тұрақты антициклондық ауа райы қалыптасады. Ең суық айдың орташа температурасы –30 — 32°С. Жазы қысқа, әрі салқын. Шілдеде орташа ауа температкрасы солтүстігінде 0 — 1°С, оңтүстігінде 5 — 7°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 мм. Тұздығы 25ү (шығысында) — 34ү (батысында). Судың толысуы жарты тәулік (0,5 — 2 м) уақытты қамтиды. Балықтың 13 түрі кездеседі. Теңіз сүтқоректілерінен морж, теңіз қояны, ақ дельфин, нерпа мекендейді. Жартасты жағаларда құстар көп жиналады. Лаптевтер теңізі — Солтүстік теңізі жолының бір бөлігі саналады. Басты порты — Тикси қаласы Теңіз зерттеушілері Д.Я. Лаптев пен Х.П Лаптевтің есімімен аталған.
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- Алфавит бойынша теңіздер
- Лаптев теңізі
- Солтүстік Мұзды мұхит теңіздері
- Ресей теңіздері
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Лаптев теңізі туралы ақпарат, Лаптев теңізі дегеніміз не? Лаптев теңізі нені білдіреді?




Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!