Қызғылт бірқазан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қызғылт бірқазан
image
Амандық күйі
image
Least Concern (IUCN3.1)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Ескекаяқты құстар
Тұқымдасы: Бірқазандар тұқымдасы
Тегі: Бірқазандар
Түрі: P. onocrotalus
Екі-есімді атауы
Pelecanus onocrotalus
Linnaeus, 1758
image
Pelecanus onocrotalus

Қызғылт бірқазан (лат. Pelecanus onocrotalus) — Бірқазандар тұқымдасының Бірқазандар тегінің аз санды, шектеулі жерлерде ұя салатын түрі.

Саны бірте-бірте кеміп бара жатыр. Қазақстанда бұрын кең таралған болатын, қазір оның оңашаланған ұялары Торғай ойпатындағы көлдерде, Наурызым қорығында, Балқаш көлінде және Іле, Тентек, Қара Ертіс өзендерінің атырауларында сақталған. Нулы қамысты көлдерді мекендейді. Қазақстанда тіршілік ететіндері 8 мыңдай. Санының азаю себептері-заңсыз аулаушылық, өрт, ұя басу кезінде мазалау. Іленің атырауында қорық ұйымдастырып, Торғайдың мерзімді қорығын нағыз қорыққа айналдыру керек. Бұл бірқазандардың мекенінің маңайында қандай да бір шаруашылық жұмыстарды тиып, оны заңсыз аулаушыларға қарсы күрес шараларын жүргізу керек

Статусы

 | ]

1-ші санат. Жойылып кету қаупі бар түр. КСРО Қызыл кітабына тіркелген (1978; 1984).

Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы

 | ]

ТМД фаунасындағы туыстың 2 түрінің бірі.

Таралуы

 | ]

Экваториальді Африка, Жерорта теңізі, Дунай атырабы, Парсы шығанағы: Таяу Шығыс елдері – Индияға дейін. Қазақстанда соңғы 25 жылда Сырдария өзенінің төменгі ағысы мен Арал теңізінде ұялауын тоқтатып, Торғай ойысындағы бұрынғы таралу аймағына қоныстана бастады. Қазіргі кезде Каспийдің солтүстік-шығыс жағалауында, Сырдария өзенінің орта ағысында, Балқаш көлінде, Іле және Тентек өзендерінің атыраптарында, Сасықкөл мен Қара Ертіс өзенінің аңғарында ұялайды.

Мекендейтін жерлері

 | ]

Ну қамыс өскен үлкен суқоймалары.

Саны

 | ]

Қазақстанда 4 мыңдай жұбы, оның ішінде Каспий жағалауында, Жем өзенінің бастауында, 400-ден аса жұп (1990 ж.), Торғай ойысында – 500-1000 жұп (1985-1988 жж.), Наурызым көлдерінде 150-дей жұп, Іле өзенінің атырабында және Балқаш көлінің аралдарында 1984-1989 жылдары – 12,5-2 мың жұп, Алакөл ойпатындағы көлдерде – 150-200 жұп, Қара Ертіс өзенінің атырабында 1985 жылы 300-дей жұбы, ал 1990 ж. – бар-жоғы бірнеше ондаған жұп ұялады.

Негізгі әсер ететін факторлар

 | ]

Өзендердегі су ағынын реттеуге байланысты мекендейтін жерлерінің тозуы, суқоймаларының гидрологиялық режимінің өзгеруі және химиялық ластануы: балықтар қорының азаюы, қамыстарды шабу және өртеу; қаскерлік (браконьерство) және шоғырларында мазалау факторы.

Биологиялық ерекшеліктері

 | ]

Қазақстанда – жыл құсы. Ұялау шоғырлары (колониялар) – жүз не мың жұп болса да бұйра бірқазан және үлкен суқұзғынымен жиі бірге болады. Ұялары – құлаған қамыс үстінде, сирек – жерде (аралдарда). 1-3 жұмыртқа салады, екеуі бірге шайқайды, балапандары 33-39 күннен соң жұмыртқадан шығады. Қанатына қонғанға дейін ұяда бір ғана балапан тірі қалады. Балықпен қоректенеді.

Қолда өсіру

 | ]

Қазақстанда қолға алынбаған.

Қабылданған қорғау шаралары

 | ]

Наурызым және Алакөл қорықтарында, сол сияқты кейбір қорықшаларда қорғалады.

Қажетті қорғау шаралары

 | ]

Іле, Қара Ертіс өзендерінің атыраптарында, Торғай мен Ырғыз өзендерінің аңғарларындағы көлдерде қорықтар ұйымдастыру. Құсмұрын және Сарықопа көлдеріне халықаралық маңызы бар жерлер статусын беру, олардың гидрологиялық режимдерін жеткілікті түрде бақылау. Торғай мен Сарықопа қорықшаларында ұялау кезеңінде шоғырларды аралау және қамыс дайындауға тиым салу, бұл жерлерде және Құсмұрын көлінде негізгі балық аулауды қысқы мерзімге ауыстыру

Зерттеу жөніндегі ұсыныстар

 | ]

Бірқазандардың мекендейтін жерлерінің жағдайына, орналасуына және санына мониторинг жүргізу.

Дереккөздер

 | ]
  1. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
  2. Долгушин, 1960
  3. Н.Н. Березовиков
  4. Жатканбаев, Гаврилов, 1990
  5. Виноградов, Ауэзов, 1991


wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қызғылт бірқазан туралы ақпарат, Қызғылт бірқазан дегеніміз не? Қызғылт бірқазан нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *