Ахмет Шәмиев
| Ахмет Шәмиев | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Туған күні | 11 шілде 1908 |
| Туған жері | қазіргі Жаркент, Алматы облысы, Ресей империясы |
| Қайтыс болған күні | 14 маусым 1983 (74 жас) |
| Қайтыс болған жері | Алматы, Қазақ КСР, КСРО |
| Азаматтығы |
|
| Мамандығы | актер, әнші |
| Белсенді жылдары | 1957-1981 |
Ахмет Шәмиев (11 шілде 1908 жыл, қазіргі Алматы облысы Жаркент қаласы — 14 маусым 1983 жыл, Алматы) — актер, әнші, Қазақ КСР-інің халық артисі (1970).
Өмірбаяны
| ]- Шәмиев сахналық өнер жолын 1925 жылы Жаркент қаласындағы драма үйірмесінен бастады.
- 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан.
- 1935 — 1983 жылы Ұйғыр музыкалық драма театрының (қазіргі Ұйғыр муз. комедия театры) құрамында актер болып, әр түрлі рөлдерде ойнады.
Рольдері
| ]- Шәмиевтің алғашқы ойнаған рөлі — Ж.Асимов пен А.Садыровтың “Анархан” атты муз. драмасындағы Мұхпула.
- Бұдан кейін ол ұйғыр және шет ел драматургиясы бойынша қойылған спектакльдерге қатысып, сан алуан сахналық бейнелерді шынайы да тартымды ойнауымен көрермендер құрметіне бөленді.
- Қазақ драматургиясы бойынша да қойылған спектакльдерге қатысып, Қодардың (Ғ.Мүсірепов, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу”), т.б. рөлдерін орындады.
Шығарған әндері
| ]2-дүниежүз. соғыс жылдары оның есімі ТМД халықтары әндерін орындаушы ретінде де белгілі болды. Ол өз жанынан
- “Қазақстан”
- “Отан”
- “Колхоз”
- “Гудок”
- “Махаббатым”, т.б. әндер шығарды.
Кинодағы рольдері
| ]1957 жылдан киноға түскен:
- Нұрмағамбет (“Шоқан Уәлиханов”)
- Әзім (“Біз Жетісуданбыз”, 1958)
- Серкебай (“Егер де біздің әрқайсымыз”, 1961)
- Жүніс ("Қилы кезең", 1966)
- Ахметжан (“Жылан жылы”, 1981), т.б.
Құрмет
| ]Алматы қаласында ол тұрған үйге (Тимирязев көш., 113-үй) мемориалдық тақта орнатылған.
Марапаттары
| ]Құрмет белгісі орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
| ]- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
| Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
- 11 шілдеде туғандар
- 1908 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Жаркентте туғандар
- 14 маусымда қайтыс болғандар
- 1983 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша актерлер
- КСРО актерлері
- Қазақстан актерлері
- Алфавит бойынша әншілер
- КСРО әншілері
- Қазақстан әншілері
- XX ғасыр актерлері
- Құрмет Белгісі орденінің иегерлері
- Қазақстан ұйғырлары
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары
- Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері
- Қазақ КСР-інің халық әртістері
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Ахмет Шәмиев туралы ақпарат, Ахмет Шәмиев дегеніміз не? Ахмет Шәмиев нені білдіреді?


Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!