Қоңыржай белдеу

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
image
Жер шарының климат картасы.(Қоңыржай климат жасыл түспен белгіленеді)

Қоңыржай климат — қоңыржай белдеу климаты.
Атмосфераның жалпы циркуляциясындағы батыстан шығысқа қарай соғатын ауа ағысының қоңыржай ендіктердегі циклондармен өзара әрекеттесуінің нәтижесінде құралады. Сипатына қарай полюстік және тропиктік климаттар арасынан орын алады.

Түрлері

 | ]
  • Қоңыржай континентті.
  • Қоңыржай жаңбырлы.
  • Қоңыржай ормандық қарлы .

Сипаты

 | ]
  • Мұндағы ауаның температурасы және ылғал мөлшері өсімдік жамылғысының дамуына қолайлы, сондықтан қоңыржай климатты аймақтар негізінен (теңізден алыс ішкі өңірлерден басқа жерлері) орманды, шалғынды келеді.
  • Жазы қоңыржай жылы (жылдың жылы айларының орташа температурасы 10°-тан 25°С-қа дейін), салыстырмалы түрде ылғалды.
  • Қысы суықтау, қарлы болады.
  • Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 500 – 800 миллиметр аралығында. Құрлықтардың шеткі аймақтарында 1000 – 2000 миллиметрге жетеді. Ал орталық өңірінде ол 100 – 200 миллиметрден аспайды.
  • Жыл бойына ауа райы құбылмалы.
  • Таулы өңірлерде қоңыржай климаттың биіктік климаттық белдемділігі қалыптасқан.

Қазақстанның көптеген өңірлерінде қоңыржай континенттік климаттың белгілері байқалады.

Тағы қараңыз

 | ]
  • Қуаңшылық

Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қоңыржай белдеу туралы ақпарат, Қоңыржай белдеу дегеніміз не? Қоңыржай белдеу нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *