Қоңыржай климат
Қоңыржай климат — қоңыржай белдеу климаты.
Атмосфераның жалпы циркуляциясындағы батыстан шығысқа қарай соғатын ауа ағысының қоңыржай ендіктердегі циклондармен өзара әрекеттесуінің нәтижесінде құралады. Сипатына қарай полюстік және тропиктік климаттар арасынан орын алады.

Түрлері
- Қоңыржай континентті.
- Қоңыржай жаңбырлы.
- Қоңыржай ормандық қарлы .
Сипаты
- Мұндағы ауаның температурасы және ылғал мөлшері өсімдік жамылғысының дамуына қолайлы, сондықтан қоңыржай климатты аймақтар негізінен (теңізден алыс ішкі өңірлерден басқа жерлері) орманды, шалғынды келеді.
- Жазы қоңыржай жылы (жылдың жылы айларының орташа температурасы 10°-тан 25°С-қа дейін), салыстырмалы түрде ылғалды.
- Қысы суықтау, қарлы болады.
- Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 500 – 800 миллиметр аралығында. Құрлықтардың шеткі аймақтарында 1000 – 2000 миллиметрге жетеді. Ал орталық өңірінде ол 100 – 200 миллиметрден аспайды.
- Жыл бойына ауа райы құбылмалы.
- Таулы өңірлерде қоңыржай климаттың биіктік климаттық белдемділігі қалыптасқан.
Қазақстанның көптеген өңірлерінде қоңыржай континенттік климаттың белгілері байқалады.
Тағы қараңыз
- Қуаңшылық
Дереккөздер
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қоңыржай климат туралы ақпарат, Қоңыржай климат дегеніміз не? Қоңыржай климат нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!