Қазақ транслитерациясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына сәйкес болу үшін жетілдіру қажет. Осы мақаланы әрі қарай дамытуға көмектесіңіз. |
Қазақ транслитерациясы —
Транслитерация Жүйесі
Кирилл <−> латын
ҚазАқпарат Латыны
2004 ж. бері "ҚазАқпарат" мемлекеттік ақпарат агенттігі"
шет елдегі қандастарымыздың жаңалықтардан хабардар болуы үшін транслитерация жүйесін енгізген болатын. Ол жүйеде қазақтың кирил әріптері CP1254 (ISO 8859-9) кодтамасындағы түрік әріптерімен алмастырылатын.Бұл жүйе Қазнеттің стандартына айналды-мыс. Шетелге бағытталған ресурстар веб беттер мен электронды поштада осы жүйені қолданады.
ҚР ҒА Тілдер Институты осы жүйені қазақ жазуының латын алфавитіндегі жаңа стандарты болады деген сенімде. Қосымша Транслитерация жүйелерінің салсытырмалы кестесін қараңыз.
Латиница ГОСТ
Түпнұсқа мәтіні ISO 9:1995 болып табылатын Қазақстанда қолданылып жүрген мемлекетаралық стандарт ГОСТ 7.79-2000, әріп ауыстыруды А (диакритика) и Б (қосарлы әріптер) жүйелері бойынша көздейді.
ГОСТ 7.79-2000-де делінген:
“ | '«Славян емес тілдерде қос-әріптер пайдаланылыған жағдайда, олардың әріп ауыстыру жүйелері дербес (мемлекеттік) стандарттарда айқындалады»' | ” |
Бірақ та Қазақстанда қазақ-кирил мәтіннің қосарлы әріптер негізінде (жүйе Б) латынға әрпін ауыстырудың ережелері тиісті ұлттық стандарт ретінде күні бүгінге дейін (2006 жылдың орта кезі) қабылданбай келеді.
Жүйе А
‘Жүйе А' — қатал транслитерацияда (әріп ауыстыруда) кеңейтілген кириллицаның әрбір әрпіне кеңейтілген латиницаның жеке бір белгісі немесе арнайы символы cәйкес келеді. Басқаша ғылыми транслитерация аталады.
Жүйе Б
‘Жүйе Б' — жеңілдетілген транслитерацияда кеңейтілген кириллицаның әріптері ағылшын әліпбиінің жеке әріптеріне немесе қосарлы әріптеріне, сондай-ақ арнайы символдарына ауыстырылуы мүмкін.
Жүйе Б қарапайым
‘Жүйе Б қарапайым' — жеңілдетілген транслитерацияның түрі. Мұнда кеңейтілген кириллицаның әріптері ағылшын әліпбиінің жеке әріптеріне немесе қосарлы әріптеріне, сондай-ақ арнайы символдарына ауыстырылуы мүмкін. Сонымен қатар, мәтін бірегей танылған жағдайда, «гравис» арнайы символын жазбауға немесе оны H латын әрпіне ауыстыруға жол қойылады. Біржолғы кириллицадан латынға транслитерацияда қолданылады: SMS хабарларда, интернет-домен атауларында (мұнда арнайы символдар мүлдем қолданылмайды) т.б.
Қарапайым пиньинь
Қытайдағы қазақтар арабша мәтінді латыншаға ауыстырған кезде пиньинь негізінде жасалған ерекше транслитерация қолданылады. Кестеде мейілінше толық көрсетіледі (іс жүзінде гравистер жазылмауы мүмкін). Қараңыз. Транслитерация жүйелерінің салыстырмалы кестесі
Кирилл <−> кирилл
Казновица
Казановица немесе казновица (казахская новая кириллица)
— қосарлы әріптер немесе (диграфтар) пайдалану негізінде қазақ әліпбиінің әріптерін орыс әліпбиінің әрпітеріне ауыстыру яғни транслитерация болып табылады. «Казновица» авторы (Андрей Владимирович Сергеев) идеясының негізінде — алмандықтардың жаңа орфографиясында қолданылатын ( умлауттары: Ä, Ö, Ü және лигатуралары ß бар әріптерді: АЕ, OE, UE и SS сияқты қосарлы әріптерге ауыстыру тәжірибесі жатыр). Казновица қаңидаттары солтүстік-қауқаз түріктерінің, дәлірек айтқанда (қарашай–балқар, құмық немесе ноғай) жазуларындағы принциптерге ұқсас келеді.«Казновицада» орыс алфавитіне кіретін және латынның «i» әрпінен табиғаты мүлдем бөлек «і» қазақ әрпі ғана қолданылады. Қазақ тілінің ерекше әріптері дыбысталуы жағынан жақын келетін твердый және мягкий белгісі диакритика ретінде қойылып жазылатын орыс әліпбиіндегі қосарлы әріптермен беріледі. Қараңыз. Транслитерация жүйелерінің салыстырма кестесі Автордың айтуынша, UTF-8 стандартын қолдануға мүмкіндік болмаған жағдайда, «казновица» кәдеге жаратылады.
Транслитерация жүйелерін салыстыру
Транслитерация жүйелерінің салыстырма кестесі
Кирил | Казновица | Жеңілдеткен пин-ин | Латын ГОСТ (А) | Латын ГОСТ (Б) | Латын ГОСТ (Б жең.) | Латын QazAqparat | Alash әліпбиі |
---|---|---|---|---|---|---|---|
Аa | Аa | Аa | Аa | Аa | Аa | Aa | a |
Әә | Аь аь | А`a` | A̋a̋ | А`a` | А`a` | Ää | a |
Бб | Бб | Bb | Bb | Bb | Bb | Bb | b |
Вв | Вв | Vv | Vv | Vv | Vv | Vv | v |
Гг | Гг | Gg | Gg | Gg | Gg | Gg | g |
Ғғ | Гъ гъ | Ġġ | Gh gh | Gh gh | Ğğ | gh* | |
Дд | Дд | Dd | Dd | Dd | Dd | Dd | d |
Ее | Ее | Ee | Ee | E`e` | Ee | Ee | e |
Ёё | Ёё | Ë ë | Yo yo | Yo yo | Yo yo | ||
Жж | Жж | Jj | Žž | Zh zh | Zh zh | Jj | j(zh) |
Зз | Зз | Zz | Zz | Zz | Zz | Zz | z |
Ии | Ии | Yy | Ii | I` i` | I` i` | Ïï | i (iy) * |
Йй | Йй | Yy | Jj | Jj | Jj | Yy (Y`y`) | y |
Кк | Кк | Kk | Kk | Kk | Kk | Kk | k |
Ққ | Къ къ | K`k`, Kh kh | Ķķ | q | |||
Лл | Лл | Ll | Ll | Ll | Ll | Ll | l |
Мм | Мм | Mm | Mm | Mm | Mm | Mm | m |
Нн | Нн | Nn | Nn | Nn | Nn | Nn | n |
Ңң | Нъ нъ | Ng ng | Ņņ | Nh nh | Ng ng | Ññ | ng (nq)* |
Оо | Оо | Oo | Oo | Oo | Oo | Oo | o |
Өө | Оь оь | O`o` | Ôô | O`o` | O`o` | Öö | o* |
Пп | Пп | Pp | Pp | Pp | Pp | Pp | p |
Рр | Рр | Rr | Rr | Rr | Rr | Rr | r |
Сс | Сс | Ss | Ss | Ss | Ss | Ss | s |
Тт | Тт | Tt | Tt | Tt | Tt | Tt | t |
Уу | Уу | Ww | Uu | Ww | Ww | Ww | u, ou* |
Ұұ | Уъ уъ | Uu | U̇u̇ | Uu | Uu | Uu | u |
Үү | Уь уь | U`u` | Ùù | U`u` | U`u` | Üü | u* |
Фф | Фф | Ff | Ff | Ff | Ff | Ff | f(ph) |
XX | XX | Hh | Hh | Xx | Xx, Kh kh | Xx | kh |
Һһ | Xъ хъ | H`h` | Ḥḥ | H`h` | Hh | Hh | kh* |
Цц | Цц | Cc | Cz cz, Cc | Cz cz, Cc | Cc | c (ts) | |
Чч | Чч | Čč | Ch ch | Ch ch | Çç | ch* | |
Шш | Шш | Xx | Šš | Sh sh | Sh sh | Şş | sh* |
Щщ | Щщ | Ŝŝ | Shh shh | Shsh shsh | Şş şş | sh | |
Ъъ | Ъъ | ʺ | `` | (ʺ) | ' () | ||
Ыы | Ыы | Ee | Yy | Y`y` | Yy | Iı | i(i)* |
Іi | Ii | Ii | Ìì | Ii | Ii | İi | i |
Ьь | Ьь | ʹ | ` | (ʹ) | ', | ||
Ээ | Ээ | Èè | E`e` | Ee | Ee (Éé) | e | |
Юю | Юю | Ûû | Yu yu | Yu yu | Yu yu | yu | |
ия | ia |
Мысал
Транслитерация мысалы. Мәтін — Қазақстан әнұранынан алынған үзінді:
«ҚазАқпарат» | ГОСТ (жеңілдеткен) | «Alash» | |
---|---|---|---|
Менің елім, менің елім, | Meniñ elim, meniñ elim, | Mening elim, mening elim, | مەنئڭء ەلئمء , مەنئڭء ەلئمء , |
Түсініктемелер
- ҚазАқпарат нұсқасында жақшадағы символдар өзара-кері (қаталдырақ) транслитерация үшін пайдаланылады.
- Alash әліпбиінде үш бірдей әліпбидің өзара іс-қимылға түсуі жүзеге асырылады: 1) қытай қазағы қолданатын "Ахаңның төте жазуы"; Мұнда торда жиі кездесетін арабша пернетақтадағы әріптер енгізілген: ('ث_ص_ض_أ_ة_ذ_چ_ک')= ('ң_п_г_в_е_ұ_ч_к'). 2) Негізгі латын әліпбиі ноқат-үтірлерсіз (диакритика) қолданылады. Бірақ, ä, ğ, ö, ñ, ü, ş, ı әріптерді қолдансаңыз, олар өздігінен ауыстырлады. Латынның X әрпі бөгде сөздерде ғана (external) немесе Рұм (Roma) сандары (XX ғасыр) үшін қолданылады; 3) Қазақ кириллицасы'. Транслитерация қарапайымдығына жіңішке дауыстыларды жіңішкерткіш белгі – апостроф арқылы қол жеткізіледі – латыншада ('), арабшада - ء – бір сөз үшін бір-ақ рет. Толығырақ қараңыз: KazLang
Тағы қараңыз
- Транслитерация
- Қазақ әліпбиі
- Әліпби
- Қазақ тілі
Сыртқы сілтемелер
- Славян емес жазуын транслитерациясы: ҚазақPDF (ағылш.)
- ALA-LC транслитерация кестелері. Славян емес жазулар (кирил) — ҚазақшаPDF (ағылш.)
- ҚазАқпарат жаңалықтары (латынмен) Мұрағатталған 12 қыркүйектің 2008 жылы.
- kz.kub.kz Казахский язык в Интернете. Казновица Мұрағатталған 11 қазанның 2015 жылы. (орысша)
- Transliterate kazakh text (ағылш.)
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қазақ транслитерациясы туралы ақпарат, Қазақ транслитерациясы дегеніміз не? Қазақ транслитерациясы нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!