Қазақ халқы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
image Басқа мағыналар үшін Қазақ (айрық) деген бетті қараңыз.
Қазақтар
image

Қазақтар, шам. 1910 жыл
Ең көп таралған аймақтар
image Қазақстан

14 456 709

image Қытай

1 562 518 (2020)

image Өзбекстан

821 172 (2021)

image Ресей

591 970 (2021)

image Моңғолия

120 999 (2020)

image Қырғызстан

28 244 (2022)

image АҚШ

21 913 (2022)

image Түрікменстан

11 825 (2022)

image Иран

10 000 (2024)

image Түркия

10 000 (2009)

Тілдері

қазақ, орыс, тұрғылықты елінің тілдері

Діні

ислам (негізінен сунниттер)

Этникалық топтары

ноғайлар, қарақалпақтар, башқұрттар, қырғыздар

Қазақтар — Орталық Еуразияны мекендейтін түркітілдес этнос және ұлт. Дешті-Қыпшақ даласын мекендеген көптеген этностар мен этно бірлестіктердің өзара араласуының нәтижесінде қалыптасты. Қазақтар ретінде Қазақ хандығының құрылуымен белгілі бола бастады. Тілдік құрылымы жағынан Түркі тілдес халықтардың солтүстік-батыс қыпшақ тобына жатады. Қазақ тілінде сөйлейдi.

Қазақтар Қазақстанмен көршілес Моңғолия (Баян-Өлгей аймағы), Қытай (Іле Қазақ аутономиялық облысы), Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан елдерінің жерін бірыңғай қоныстаған. 2023 жылдың басында елдегі қазақтар саны 13,9 миллион адам болды.

image
2022 жыл басындағы Қазақстан облыстары бойынша қазақтар үлесі      10–19.9 %      20–29.9 %      30–39.9 %      40–49.9 %      50–59.9 %      60–69.9 %      70–79.9 %      80–89.9 %      90% жоғары

Этнонимі

Толық мақаласы: Қазақ (этноним)

Қазақтардың өзін «қазақ» деп XV ғасырда бастағаны мүмкін делінеді. Қазақ сөзінің шығу тегі жайлы түрлі теориялар бар.

Бір ғалымдар тобы «қазақ» сөзі «сақ», «қас-пи», «қас», «қаз», «хаз», «аз», «қа-сақ» ру атауларынан шыққан десе, Николай Марра, Бедржих Грозный, Әлкей Марғұлан, Мұсатай Ахинжанов пен Сәбит Мұқанов этнонимді «қасақ», «кесек» сөздерімен байланысты деді. Айтым Әбдірахманов этнонимның төркіні «қаз» бен «оғ» (түркі тілдерден ру, тайпа сөзі) сөздерінен шыққан деген. Түрлі деректер сөздің «қас» пен «сақ» қосындысы, не «ерікті адам» аудармасынан шықты деп жазған.

Қазақ үшін балама әрі тарихи этноним – Алаш. Бұл атау қазақ мәдениетінде көп тараған. Көбінесе Алаш – қазақтардың аумақтық-тайпалық бөліністерінен тұратын үш жүздің тобы. Бұл сөзді қазақ тіліне синоним ретінде қолдануға болады. «Алаш» этнонимін ноғайлар қазақтарға қатысты да қолданған.

Этногенезі

Толық мақаласы: Қазақ халқының қалыптасуы
Толық мақаласы: Қазақтар (этногенез)

Қазақ халқының қалыптасуы да өзге халықтар сияқты ұзақ уақытты қамтиды. Оның алғашқы кезеңі сонау арийлер мен турлар заманынан бастау алады. Келесі кезеңді Ғұндардың келуімен күшейе түскен түркілену біртіндеп кең етек жаяды. Түркі, Батыс Түркі, Түркеш қағандықтар тұсындағы өмір сүрген тайпаларда бұл аймақта этникалық қауымдастықтың қалыптасуына зор үлес қосты. Шыңғыс ұрпақтарының мемлекеттері құрылуына дейінгі аралықта қазақ даласында орын алған Батыс Түрік қағандығына дейінгі мемлекеттер түркіленуді бұрынғыданда күшейтті.

Қазақ халқының қалыптасуына қомақты үлес қосқан қыпшақ кезеңі. III ғасырдан XIII ғасырға дейін қыпшақ этносы этникалық дамудың әр түрлі бес жағдайында Ішкі Азиядағы тайпадан Қазақ даласында қазақ халқының қалыптасуының аяқталу кезеңіне дейінгі аралықты қамтыды. Қазақ даласында пайда болған Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстарында ақ сүйектер билігі орнағанымен олар біртіндеп түркіленді, тіпті жергілікті халықтың тілін қабылдады. Бір аймақта өмір кешкен тайпалар мен рулардың шаруашылығының үш түрі негізінде ортақ экономикасы, тілі , мәдениеті қалыптасты. Қажеттіліктен туындаған бұл алғы шарттар аймағы жағынан ортақтас болған тайпалармен рулардың бірігуін тездетті.

Қазақ халқының құрылуына моңғол шапқыншылығынан кейін қайта өрлей бастаған дәстүрлі шаруашылық, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының, отырықшы егіншіліктің үйлесуі ықпал етті. Қазақ даласында ертеден өмір сүріп келе жатқан және түрлі саяси жағдайларға байланысты көшіп қону процесінің күшеюі нәтижесінде қоныс тепкен тайпалар болып топтастырды, кейін келешекте «қазақ» деген этникалық ортақ атауға ие болды.

Қазақ халқының ру-тайпалық құрылымы

Толық мақаласы: Қазақ рулары

Қазақ халқы іргелі үш жүз құрамынан тұрады. Олар:

  • Ұлы жүз – Ақарыс
  • Орта жүз – Жанарыс
  • Кіші жүз – Бекарыс

Рудың өзінің көшіп-қонатын аумағы, рулық таңбасы, ортақ ұраны болған. Қазақ жүздерін, үлкен тайпалар мен руларды басқаруда билер кеңесі үлкен рөл атқарды. Жергілікті жердегі билікті билер, ру ақсақалдары жүргізді.

Мемлекеттік істерді бүкіл үш жүздің билік өкілдері жиналған құрылтайда, халық жиналыстарында шешті. Ел ішіндегі істерді: ру, тайпа, жүздер арасындағы жер дауын, жесір дауын, үлкен барымталар дауын үш жүздің басы қосылған үлкен астарда да шешіп отырды. Қазақтың әр жүзінің өзі үлкен тайпалардан тұрады (рудан үлкен, бірнеше рудың бірлестігі болып табылатын этностық құрылымды тайпа деп атап жүрміз).

Шын қандас туыстық жүйе көбінесе 7 атадан басталып, 15–20 атаға дейін барады. Әдетте, мұндай туыстық жүйе ру деп аталады. Рудың ішіндегі жақын туыстар деп 7 атаға дейінгілер есептеледі.

Нәсілі

Толық мақаласы: Қазақ халқының антропологиялық деректер бойынша қалыптасуы

Қазақтар еуропоид нәсілі мен моңғолоид нәсілі арасында өтпелі орынды алатын (моңғолоид белгілері басым), тұрандық-оңтүстік сібірлік нәсілге жатады. Сонымен қатар, қырғыздар мен өзбектерге қарағанда, қазақтардың сыртқы келбетінің бірыңғай стандарты жоқ. Мұнда еуропоид халықтары тұрпатыда бар, толығымен моңғолоид тұрпаттылар да бар.

Тарихы

Тағы қараңыз: Қазақстан тарихы
image
Сұңқар ұстаған қазақ аңшысы, XIX ғасыр

Тарихы бойы Қазақстанда Еуразия даласының түрлі көшпенді қоғамдары мен мемлекеттері орналасты. Олардың арасында сақалар (скифтерге туыс), Ғұндар мемлекеті, Батыс Түрік қағанаты, Қимақ қағанаты, Моңғол империясы, Алтын Орда мен 1465 жылы негізделген Қазақ хандығы жатты.

Түркілердің шығу тегі түрлі талқының тақырыбы болып жатады. Орталық Азияға қоныс аударған ерте ортағасырлық түркі халықтары ежелгі солтүстік-шығыс азиялықтармен генетикалық жақындық танытты, олардың ата-тегінің шамамен 62%-ы Амур аймағындағы неолит дәуіріндегі аңшы-жинаушылардың генофондынан алынған. Сондай-ақ Иран, Орал таулары, Енисей халықтарымен байланысы туралы деректер бар. Қазақтар этнотілдік топ ретінде XV ғасырдың басында Солтүстік Орталық Азиядағы негізінен түркі тілдес көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын бірнеше топтардың конфедерациясынан пайда болды. Қазақтар Орталық Азияның солтүстігінде және Сібірдің оңтүстігінде Қазақ даласы деп аталатын кең аумақты мекендеген. Олар — Орталық Азияның ең солтүстік халқы. Тайпалық топтар Ұлы Жібек жолы көмегімен байыған қуатты конфедерация құрды.

Шоқан Уәлиханов пікірінше қазақтар Алтын Орда ыдырауы кезінде Қазақ хандығын еркіндігін және жерін сақтау үшін құрған.

«Қазақ» ортағасырдағы Орталық Азияда көп қолданылған термин болған. Ол көбіне мәртебеліден тәуелсіздік алған адамды, не адамдар тобын сипаттайтын. Әмір Темір жетекшісіз балалығын Қазақлық (qazaqliq, қазақтық) деген.

XV ғасырлық Орталық Азиядағы Жошы ұлысының (Алтын Орда) көшпенділері Өзбек хан тұсында бірге мұсылманданды да, өзбектер делінді. Осы өзбектер (мәскеуліктер мен османдар оларды татар дейтін) түрлі түркі мен моңғол тайпаларынан құралған еді. XVI ғасыр басына қарай Алтын Орданың Қыпшақ даласындағы осы халық арасынан қазақтар мен шибанид өзбектер бөлініп шықты. Қазақтар Шыңғыс ұрпағы басқарған ұлыстарға тиесілі болатын. Олармен қатар шибанид өзбектер, Қырым татарлары, ноғайлар мен шағатайлар (моғол мен тимуридтер) жүрді. Олардың ортақ тілі (түркі тілі), саяси ұстанымы (моңғол дәстүріне негізделген), билеуші әулеті (Шыңғыс хан әулеті), этностық сәйкестігі, діні (сунни ислам) болған. Моңғол империясынан кейінгі осы ұлыстар Қырымнан Тянь-Шань тауларына дейін және Сібірден Солтүстік Үндістанға дейінгі аймақтарға билік еткен.

Мұхаммед Хайдар Дулатидің Тарих-и Рашиди еңбегі қазақтардың тұңғыш одағы шам. 1465/1466 жылы пайда болды деген. Одақ Моғолстан жерінде орналасты және Узбег-Казак деп аталатын.

Тілі

Толық мақаласы: Қазақ тілі

Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Ұқсастығы жөнінен қырғыз, татар, башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қарайым, қырымтатар тілдеріне жақын. Қазақ тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі. Қазақ тілі – өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл.

Қазақтар өзінің халық, ұлт болып қалыптасу жолын көне түркілер заманынан бастаса, оның жазу мәдениетінің тарихы да сол дәуірден бастау алады. Ол кездегі түріктердің тілін қолданылу барысына қарай, әдетте, тіл мамандары үш кезеңге бөліп қарастырады:

  • а) тукю тілі қолданылған дәуір (V-VIII);
  • ә) көне ұйғыр тілі қолданылған дәуір (VIII-IX);
  • б) көне қырғыз тілі қолданылған дәуір (X-XI).

Осы кезеңдер ішінде Орхон-Енисей жазу ескерткіштері жазылған, ежелгі ұйғыр жазуының үлгілері пайда болып, оғыздар мен қыпшақтардың аралас әдеби тілі жасала бастаған.

Жазуы

X-XI ғасырлардан бастап қолданыла бастаған араб жазуы түркі халықтары тілдерінің ерекшеліктеріне сәйкестендірілмей, арабтарда қалай қолданылса, сол қалпында өзгеріссіз түркі тілдерінде де қолданылды. Бірақ соған қарамастан ол оншақты ғасыр бойы түркі халықтарының, соның ішінде, қазақ халқының да мәдени-рухани дамуына қызмет еттіп келді. Қазақ грамматикасының дамуы, оның бірнеше рет өзгеріске түсуі ХХ ғасырдың бас кезінен басталады. Бұл өзгерістерді мынадай үш кезеңге бөлуге болады:

  • Араб графикасын түркі халықтары тілдіренің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріп қолдану кезеңі;
  • Араб графикасынан латын графикасына негізделген жазуға көшу кезеңі;
  • Латыннан кирилл жазуына көшу.

1929 жылы қазақ жазуы араб әліпбиінен латын графикасына түпкілікті көшті, алайда латын әліпбиінің тағдыры ұзаққа бара қоймады. Ол 1929 жылдан 1940 жылға дейін пайдаланылды. 1940 жылы кириллицаға көшкеннен кейін русификацияға, яғни орыстандыру саясатына қатты ұшырап, Қазақстанда кириллица біржола тұрақтап қалды.

Кириллица графикасы негізіндегі қазіргі заманғы жазу (Қазақстанда ресми):
Aa Әә Бб Вв Гг Ғғ Дд Ее Ёё Жж Зз Ии Йй Кк Ққ Лл Мм Нн Ңң Оо Өө Пп Рр Сс Тт Уу Ұұ Үү Фф Хх Һh Цц Чч Шш Щщ ъ Ыы Іі ь Ээ Юю Яя

Араб жазуына негізделген қазіргі жазу (Қытай Халық Республикасы қазақтарында кең тараған):
ءءىىيۋۆءۇۇءووہھنمالڭگكقفعشسزردحچجتپبٵا

Діні

Толық мақаласы: Қазақстандағы дін

Қазақтар ислам дiнiнiң суннизм бағытын қабылдаған. Қазақ даласына ислам діні келместен бұрын біршама тайпалық, ұлттық діндер болған, шаманизм, зороастризм және бір тәңірлік діндердің болғаны белгілі.

Қазіргі уақыттағы Қазақ даласына исламның таралуы бірнеше ғасырларға созылды. Бастапқыда жаңа дін оңтүстік өңірлерге ене бастады. X ғ. аяғына қарай ислам Жетісу мен Сырдариядағы отырықшы халықтың басты дініне айналды. X ғ. басында мұсылмандықты Қарахан әулеті билігінің негізін қалаушы Сатұқ қабылдайды, ал оның ұлы Боғра-хан Харұн Мұса 960ж. Исламды мемлекеттік дін деп жариялайды. Сол уақыттағы Қарахан мемлекетінің басқару жүйесі, заңдылықтарының барлығы Исламға негізделген.


Әбу Ханифа жол салған суниттік ағым басқаларына қарағанда көнімпаз, басқа халықтардың әдет-ғұрып заңдарына бой ұсынғыш болуы себепті қазақ тайпаларына да өте тиімді болды. Сондықтан да қазақтардың әдет-ғұрпы өз кезегінде ислам діні шариғат заңдарын кері итеріп тастамай, қайта феодалдық қарым-қатынастың жандануына игі әсер ететін шариғат заңдарын қабылдап алды. Сөйтіп, екі наным ұзақ мезгіл бойы бір-біріне зиян келтірмей, қатар өмір сүрді. Сол себепті де қазақтардың әдет-ғұрпы көбіне өзінің бұрынғы болмысын сақтап қалды. Билер қазақтардың қоғамдық маңызы зор мәселелерінің көпшілігін ежелден келе жатқан бұрынғы ата-бабалары әдет-ғұрып заңдары бойынша талқылап шешті. Ал өз кезегінде араб миссионерлері де қазақ тайпаларының тілін, әдет-ғұрпын, сенімдерін, праволық нормаларын, мәдени жетістіктерін лақтырып тастамай, санасуына тура келді. Бұлардың бәрін исламға қайшы келмейтіндей етіп, қырын жатқызуға тырысты. Әйтсе де, ұзақ дәуірлер бойы ислам діні қазақтардың ежелгі әдет-ғұрыптарын ығыстыра алмады.

Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылық түрлері

Толық мақаласы: Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы

ХVІІІ-ХІХ ғасырларда қазақтардың негізгі дәстүрлі шаруашылығы мал және егіншілік қазақтың күнкөрісінің көзі болды. Шаруашылықтың қосымша қосалқы түрі аңшылық пен балықшылық болды. Балықшылық пен аңшылықты негізінен кедейлер кәсіп етті. Аңшылықпен бай адамдар да айналысқан, бірақ олар үшін бұл кәсіп емес , саят құрудың көңіл көтерудің түрі болған. Сыр, Ертіс, Еділ, Жайық сияқты үлкен өзендердің, Каспий, Арал теңізі, Балқаш, Алакөл, Зайсан сияқты көлдердің маңайында тіршілік еткен қазақтар ертеден –ақ балықшылықты кәсіп еткен.

Мал шаруашылығы — көшпенді қазақ халқының негізгі кәсібі саналды. Қалыптасқан жағдайларға байланысты қазақ халқының үш мың жыл ішіндегі табиғатты пайдалану мен шаруашылық әрекеті көшпелі мал шаруашылығы болып келді. Көшпелі мал шаруашылығы қазақ халқының басым көпшілігінің материалдық тіршілік көзі болып есептелді. Тарихшылар дерегінде кездесетін Ресей империясының 1897 жылы жүргізген жалпыға бірдей санақ материалдарына қарағанда қазақтардың 80%-ға жуығы негізгі азық-түліктерін мал шаруашылығының өнімдерінен алып отырса, 18%-ы мал шаруашылығына қоса егіншілікпен де шұғылданған.

image
Мал шаруашылығы

Орта есеппен алғанда көшпенділердің бір жылдағы көш жолы елу-жүз шақырымды құрады, алайда, кейбір ру-тайпалар мың-екі мың бес жүз шақырымға дейін ұзап шыққан екен. Олардың ішінде Кіші жүздің адай, шекті, табын, тағы да өзге рулары аталған. Әр ру-тайпаның өзіне ғана тиесілі көш жолдары болып, осы мақсатта су көздері бар арнайы қыстаулар мен жайлаулары белгіленді.

Тарихи дерек көздеріне сүйенсек, ХІХ-ХХ ғасырлар аралығында Қазақстанның солтүстік өңірі – Омбы, Петропавл, Көкшетау, Ақмола, Қостанай уездерінде жылқы шаруашылығы өркендеді. Бұл өңірлердің әрқайсысында мал басына шаққандағы жылқының үлесі 25-тен 35%-ға дейін жеткен. Ал Қазақстанның оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс өңірлері – Маңғышлақ, Жайсаң (Зайсан), Жаркент, Верный, Қапал және Гурьев уездерінде қой шаруашылығы дамып, бұлардағы қой саны 70%-дан асқан. Қазақстанның оңтүстік-батысындағы «құрғақ», қуаң далалы жерлерде – Қазалы, Гурьев, Ырғыз бен Перовск уездерінде түйе өсірілді. Нақтырақ айтқанда әрқайсысына жалпы түйенің 9%-дан астамы келді. Ақтөбе, Қостанай, Петропавл, Орал мен Павлодар сияқты солтүстік уездерде сиыр малы көбірек өсіріліп, 25%-ды құрады.

Егін шаруашылығы — қазақ тұрмыс-тіршілігінде мал шаруашылығынан кейін тұрғанына қарамастан, Қазақстандағы егіншіліктің дамуының өзіндік дәстүрлі жолы болды, әрі ол көбіне-көп табиғи географиялық жағдайларға байланысты өрбіді. Әлі күнге дейін тау беткейлеріндегі бұлақтар мен далалық өзен-көлдер жағалауларында кездесетін көне суару жүйесінің іздері қазақ халқы суармалы егіншілікпен ертеден бері шұғылданып келе жатқанын көрсетеді.

image
Егін шаруашылығы

Егіншілікпен, әсіресе, суармалы егіншілікпен шұғылданатын егіншілердің ең басты құралы кетпен болды, оған қоса күрек, соқа пайдаланылды. Орыс егіншілері жақын орналасқан өңірлерде қос дөңгелекті темір соқалар мен ағаш тырмалар пайдаланылды. Егіншілер жерді жерағаш деп аталатын соқамен жыртты. Маңғыстау өңірінде оны шоқайағаш, Орталық Қазақстанда имекағаш, Жетісуда тісағаш, Шығыс Қазақстанда қолтіс, Шымкент уезінде омаш деп атады.

Қазақстанның ауыспалы егіс жүйесінде егістікті тыңайтып пайдалану тәсілі жиі пайдаланылды, яғни бір жерге бірнеше жыл қатарынан тары егілсе, жер құнары азая бастаған шақта бірнеше жыл бос қалдырып, жерді тыңайтып алды.

Қазақстан аумағында егіншілік мәдениеті аса көп тарала қойған жоқ. Оның дамуы қазақтар тіршілік ететін қоршаған ортаның табиғи қорларына тікелей байланысты болды (топырақтың құнарсыздығы мен судың жетіспеушілігі, жауын-шашынның аздығы мен құрғақшылық), сондықтан егіншілік қазақ шаруашылығында қай уақытта да қосымша күнкөріс көзі ретінде қаралып келді.

image
Балық аулау

Балықшылық — қазақтар арасында белгілі бір деңгейде балықшылық кәсібі де дамыды. Алғашында онымен тек кедей-кепшіктер ғана шұғылданды, өйткені, қазақтар балықты тағам қатарына қоса қоймаған еді. Қазақстанда орыс халқы санының өсуі мен Ресеймен сауда-экономикалық байланыстардың кеңейе түсуі балық пен балық өнімдеріне деген сұранысты ұлғайтты.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХX ғасырдың бас кезінде Жайық өзені мен Каспий теңізі жағалауында, Шалқар, Көкшетау уезіне қарасты Шортанды, Иманы Тау көлдерінде балықшылық кәсібі өркендеді. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан өңірі қазақтарының тұрмыс-тіршілігінде де елеулі рөл атқара бастады. Балқаш көлі мен Іле өзенінен сазан, табан балық, жайын ауланып, балық өндірісінің дамуына ықпал етті.

image
Тазымен аң аулау

Қазақтардың балық аулауда дәстүрлі құрал-саймандар ретінде қармақ, ортаңғысынан екі жағындағы тістері ұзынырақ келетін үш тісті шанышқы, сондай-ақ сүзгі, кейде қыс уақытында қайқы түйреуіш бекітілген ілме пайдаланды. Мұның ішінде көбірек таралған ау-құралдардың бірі – сүзгі. Оны жылқының қыл құйрығынан жасады.

ХІХ ғасырдың соңында Сырдария өзенінің төменгі тұсы мен Арал теңізі алабында балық өнеркәсібі кең тарады. Орынбор-Ташкент темір жолының салынуы бұл өңірлерде балықшылық кәсіптің одан әрі өрістеуіне жол ашты.

Аңшылық — Қазақ жерінде аңшылық өнер ежелден келе жатқан кәсіптердің бірі. Археологиялық және палеозоологиялық зерттеулер аңшылық кәсіптің алғашқы дәуірден бастап қола дәуірге дейінгі аралықта жергілікті халықтың шаруашылық өмірінде жетекші орынға ие болғанын көрсетеді.

Алғашқы кезеңде аң аулау үшін аушы құстар мен тазы иттер пайдаланылса, кейіннен мылтық түрлері пайдаланылды. Аңшылықтың неғұрлым кең таралған танымал түрі – құс салу. Орта Азия мен Қазақстанда бүркіт пен қаршыға, сұңқарлардың ондаған түрімен аң аулады, әсіресе ұябасар қаршыға, лашын, тұрымтай көп пайдаланылды.

Тазымен аң аулау аңшылықтың ең әдемі түрлерінен саналады. Алғыр тазымен аңға шығып, түлкі аулау өткен ғасырдағы ең тиімді әрі пайдалы кәсіптердің бірі болды.

Қарумен аң аулау – қақпан құру, тұзақ салу, тор құру секілді аңшылық түрлеріндей кең тарай қойған жоқ.

Қарапайым халық үшін аңшылық ежелден-ақ күнкөріс көздерінің бірі болды. Жабайы жануарлар мен құстарды аулау қазақтардың тұрғын үйі мен тамағы, киім-кешегі мен жалпы тұрмыс-тіршілігіне қажетті кәсіптердің бірінен саналды. Киік, қарақұйрық, елік, арқар, қоян, қырғауыл, құр тәрізді жабайы аң-құстардың етін жеп, терісі мен жүнін пайдаланды.

Қазақ халқының тұрмысы

Толық мақаласы: Қазақ халқының тұрмысы

Қазақтар бүкіл өмірін қозғалыста өткізіп, жаңа мезгілімен үнемі санасып отыруына тура келді. Негізгі баспанасы қыстау басында орналасты. Олар бұл жерден бүкіл үй-ішімен, руымен, тайпасымен орналасып, содан соң жайлауға көшті. Жылдың жылы мезгілін жайлауда өткізіп, күн суыта қыстауға оралды оралды. Жыл бойы осылайша көшіп-қонып жүру үшін оларға тігуі, жинап алуы жеңіл, қолайлы баспана қажет болды. Осындай баспана - киіз үй болды. Шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді қазақ халықы қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен-жайы, еншісі, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланды.

image

Мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар күнделікті тұрмысқа қажетті құралдар: жылқы ұстау үшін құрық, арқан, мал суаруға қауга, науа пайдаланды. Жылқы тұсау үшін шідер, ал құлындарын байлау үшін жуан арқандар мен ноқталар дайындады. Бұлардың барлығын малшылар өз қолымен мал терісінен жасады. Қазақстанның егіншілікпен айналысатын аумағында егіншілікке қажетті құралдар дайындалды. Олар: тіс ағаш, мала, егін оратын орақ, ағаш аша, тырма, атпа шығыр, кетпендер мен күректер, т.б. Оларды жергілікті ұсталар жасады.

Қазақ халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі халық болғандықтан, былғары өңдеумен шұғылданды. Былғары – терінің өңделген түрі. Малдың тұқымы мен күтіміне байланысты терінің сапасы да әр түрлі болды.

Қазақтардың кәсібінде қолөнері маңызды роль атқарды. Қазақтар өмірі мен тұрмысына қажетті үй-жай, киім-кишек, ішетін асын, құрал-жабдықтар мен саймандардың барлығын өз қолдарымен жасаған. Қолөнердің алуан түрлері: тоқымашылық, киіз басу, ағаш, металл, тері, сүйек және мүйіз өңдеу дамыды. Әйелдер тоқымашылықпен, киіз басумен айналысқан. Кілем, алаша, шекпен, киіз үйге керекті басқұр, бау-шулар, сырмақ және басқаларды дайындаған. Мүйізден қасық, түйме, сүйектен төсек аяқ жасаған, тарамысты ширатып етік тікті, түрлі саймандарды оюлап безендірген. Аса шебер зергерлер алтын, күміспен, түрлі асыл тастармен безендіріп ер жүген, үзеңгі, таралға, белбеу, ер-тұрман саймандарын, сақина, білезік, сырға, алқа, шолпы, түйреуіш, сәнді сәукеле сияқты бұйымдар жасаған.

Мекен жәйлары, тұрағы

Көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының ежелгі мекені – ауыл болған. Яғни, ауыл — дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан қауымдастық. Қазақ ауылы жарты шеңбер, немесе жарты ай пішінінде орналасады.

image
Қазақ ауылы колхоздастырау кезеңінде 1956 жыл.

Қазақ даласындағы ауылдарды алсақ әрбір дәстүрлі қазақ ауылы бір атадан тараған ру мүшелерінен тұрды. Ауыл ішінде негізінен некелік қатынастарға тыйым салынған. Тек көрші ауылдармен яғни басқа ру өкілдерімен некелік қарым-қатынас құруға рұқсат болған. Осындай некелік қарым-қатынас ауылдарды жақындастырып, туыс еткізді.

image
Киіз үй

Ауылдар арасындағы әр түрлі қайшылықтар мен күрделі мәселелерді ауылдың беделді адамдары — ақсақалдар мен билер реттеп отырған. Әдетте, қазақ ауылдарында 10 — 20-ға дейін үйлер болған. Әрбір ауыл көшпелі мектеп, жалдамалы молда (кейінірек мұғалім) ұстаған, кілем, алаша, шекпен т.б. тоқитын, үйшілік, зергерлік, ұсталық ететін қолөнершілер болған.

Қазақтардың дәстүрлі үйі – киіз үй. Қазір де бұл баспана түрі ескірген емес, оны мал шаруашылығымен айналысатын көптеген фермерлер пайдаланады. Киіз үй - қазақ халқының бір шегесіз жиналып, бір шегесіз құрылатын, қыста жылы, жазда салқын, көшіп-қонуға ыңғайлы тұрмыстық үй. Киіз үй кҿшіп қонуға ыңғайлы етіп 4, 5, 6, 7, 8, 10 қанатты жҽне сән-салтанат құру мақсатында 12, 14, 16 қанатты етіп жабдықталады. Киiз үй иелерiнiң рулық, тайпалық түсiнiктегi мансабына қарай: Үлкен үй, Кiшкене үй, Отау, Кiшi отау деп аталған.

ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысындағы отырықшылдыққа байланысты Ертіс алабында тұратын қазақтар үйлерін қолда бар жергілікті материалдан: талдан, қамыстан, шымнан, шикі кірпіш пен саманнан, сондай-ақ тастан салған. Таулы және орманды аудандарда орыс үлгісіндегі ағаш шеген құрылыстар, сондай-ақ үш-екі бөлмелі «қоржын үйлер» болған. Кедейлердің үйлері шағын, бір бөлмелі, ішкі жиһаздары қарапайым келетін. Дәулетті және бай қазақтардың үйлері үш (және одан да көп) бөлмелі болып, екі, кейде тіпті үш пешпен жылытылатын.

Осылайша, ХХ ғасыр басына қарай қазақтар отырықшылдық, немесе жартылай отырықшылдық тұрмыс жағдайына көшіп, олардың дәулетіне сай бір немесе бірнеше бөлмелерден тұратын үйлері мен тұрақты қыстаулары болған.

Дәстүрлі киімдері

Толық мақаласы: Қазақ ұлттық киімдері
image
бөрік
image
шапан

Қазақ халқының ұлттық киімдерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың кейбірі бұрынғы заманнан сақталып тек қана кішігірім өзгерістерге ұшыраған, ал кейбіреулері, өкінішке қарай, мүлде сақталмаған. Қазақ киімдері ең алдымен мақта, жүн және киіз материалдарынан тігілген. Олардың көшпелі өмір салтына сәйкес көптеген киімдер терілерден, былғары секілді материалдардан тігіліп, оларды даладағы өмірдің қатал жағдайынан сақтауға лайықты берік киіммен қамтамасыз еткен.

Ерлердің киімі көйлек немесе жейдеден және шалбардан тұрған. Көйлектің сыртынан жүн, сондай–ақ барқыт, қамқа, ши барқыт, жібек жеңсіз камзол мен бешпенттер киетін болған. Сыртқы киімдері кең шапан, ал қыста жеңіл күпі болған. Өңделген қой немесе қасқыр мен түлкі терісінен, кейде бағалы аң терілерінен (кәмшаттың, бұлғынның) әр түрлі тондар киген. Қазақ әйелдерінің киімі, негізінен, көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, қамзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекшеден тұрады. Ұлттық әйелдер киіміне қамзол немесе үстінен шапан киген ұзын көйлек кірді. Суық мезгілде әйелдер түлкінің жүнін немесе қойдың терісін киетін. Бойжеткендер белі қымталған, етек-жеңіне желбезек салынған қос етекті көйлек, оқалы қамзол киіп, беліне металл шытырлармен безендірілген немесе ширатпалы күміс белдік (кейбір жерде нәзік белдік) буынған.

Жазда бастарына тақия немесе киіз қалпақ, қыста – тері мен елтіріден жасалған әр түрі бас киімдер (бөрік, тымақ, малақай, телпек) киген. Тұрмыстағы әйелдер кимешек киген – ол бетке арналған қимасы бар, басты, кеуде мен арқаны жауып тұратын ақ матадан тігілген жаулық. Кимешектің сыртынан әйелдер (әсіресе егде жастағы) орамалдың бір түрі – жаулық байлайтын болған. Қыздардың бөріктері алқалармен және төбесіне үкінің, көк құтанның немесе тотының үлпек қауырсындары тағылып сәндендіріледі.

Аяқ киімдері былғары етік (етік, мәсі), былғары аяқ киім (шарық, қалыш, кебіс). Қыста киіз байпақ және сыртынан биік саптама етік киетін болған. Кебіс — мәсінің сыртынан киюге арналған, былғарыдан тігілген қонышсыз аяқ киім. Бұрын кебісті галош орнына киген. Оның басын жұмсақ қара былғарыдан, табанын қатты ұлтаннан биік өкше етіп тіккен. Оны оюлармен, тұмсығын сызықтап күміс, зер жіптермен әшекейлеген.

Дәстүрлі тағамдары

Толық мақаласы: Қазақтың ұлттық тағамдары

Қазақтың ұлттық тағамдарының кейбіреуі арнайы уақыттарда тартылады, арнайы қонаққа арналғандары да бар. Осыған байланысты қазақтың әрбір ас ішуі үлкен тәрбиеге, сыйластыққа негізделген.

image
Бесбармақ

Қазақ халқының қалыптасуында ет тағамы үлкен маңызға ие. Көшпенді мал шаруашылығына байланысты қазақтың ас мәзірінің 80 пайызы еттен тұрса, оңтүстік өңірлерде жақсы дамыған егін шарушылығына байланысты қалған бөлігі дәнді дақылдардан тұрды. Қазақтар қой еті мен жылқы етінен тағамдар жасаған, сиыр еті сирек қолданылған, себебі, сиыр көшпенді дәстүрге онша бейімделмеген жануар. Құс еті де өте сирек қолданылған. Негізгі тағам - жылқы еті. Ең сыйлы қонақтың алдына, көбінесе асқа бата беретін көпті көрген ақсақалдар мен қадірлі қарияларға, қазақ қойдың басын тартады. Бас тартылған адам әуелі бастың оң жақ езуіндегі жұмсақ еттен өзі дәм татып, қалғанын белгілі бір реттілікті сақтай отырып, жиылған қонақтарға бөліп береді. Мұндай реттілік қонақтарға ас беру кезінде де қатаң сақталады. Сонымен бірге ең танымал астың бірі – қуырдақ, жаңа сойылған малдың етінен, ұсақтап туралып жасалады. Мойын және төстік етпен бірге оған өкпе-бауыр, жүрек, құйрық май қосылады.

Қазақтың ұннан әзірленетін тағам түрлері өте көп, таба нан - бидай ұнынан дайындалған нан, бауырсақ - ұннан жасалынып, майға қуырылатын нан түрі, шелпек, құймақ, қазанжаппай - табаға, қазанға жауып пісірілетін нан және тағы басқалары.

Сүттен қазақтар әртүрлі тағамдар дайындаған. Сиыр сүтінен айран, түйе сүтінен шұбат, бие сүтінен қымыз, құрт, ірімшік, ақлақ, қатық, сүзбе, май, қаймақ әзірленген. Құрт - малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам. Ірімшік - сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен қайнатып әзірленетін сүт тағамы. Сары май - сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен алынады. Айран - ұйытылған сүт. Оны қаймағы алынған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Толық мақаласы: Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері

Қазақтың қазір ұлттық мінезге айналған басты дәстүрлерінің бірі – қонақжайлылық. Қонақжайлылық, қазақ қоғамында басты міндет – қонақты ашық, құшақ жая қарсы алу. Қонақ – үйдегі ең маңызды және ең қалаулы адам.

image
Беташар рәсімі

Қазақ халқының салт – дәстүрлері бала дүниеге келген сәттен бастап, ер жетуі, тәрбиесі, келін түсіріп, қыз ұзатуы, өлім – жітімге дейінгі аралықты сонымен қатар қауымдық – әлеуметтік мәселелерді де қамтиды. Ешбір заңда, кодексте жазылмаса да халық дәстүрді бұлжытпай орындап отырған. Қазақ халқының салт-дәстүрлері: бала тәрбиесіне байланысты салт- дәстүрлер, тұрмыс-салт дәстүрлері, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер болып үш үлкен топқа бөлінеді. Соның ішінде бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға баланың дүниеге келгеннен бастап жүргізілетін шілдехана, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесуден бастап қыз бала мен ұл баланы келешек отбасы – жанұя құруға, шаруашылыққа, өмірге, еңбекке бейімдеуге арналған жөн-жоралғылар кіреді. Ал тұрмыс-салт дәстүрлеріне қазақтың киіз үйі, киіз үйдің жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдар, мал бағу, егіншілік кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері енеді. Сондай-ақ әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлерге: ауыл адамдарының туыстық қарым-қатынастары, ұлттық музыка аспаптары, қонақ күту, тағы басқа рәсімдері жатады.

Қазақта ең жақсы сақталып қанға сіңді қасиетке айналған дәстүрдің бірі – жеті атаны білу. Оның ішінде, жеті атаға жетпей қыз алыспау. Қазақ «жеті атасын білмеген жетесіз» деп бұл дәстүрдің маңыздылығын айшықтап берген. Жеті атаға толмай қыз алыспау ертеден келе жатқан құқықтық ереже. Бұл дәстүр – ұрпақ саулығын, қан тазалығын, тектілікті сақтаудың ең ұлы жолы.

Қазақ халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүрлері:

  • Сыйлықтарды ұсынумен байланысты дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар — Сүйінші, Ат мінгізіп, шапан жабу, Бес жақсы, Байғазы.
  • Өзара көмекке байланысты дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар — Асар, Жылу жинау, Бел көтерер.
  • Қонақ күтуге байланысты дәстүрлер — Қонақасы, Қонақкәде, Ерулік.
  • Бала тәрбиесіне байланысты дәстүрлер — Шілдехана, Бесікке салу, Ат қою, Қырқынан шығару, Тұсаукесер, Сүндеттеу.
  • Неке құруға байланысты дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар — Құдалық, Құйрық бауыр асату, Қыз ұзату, Келін түсіру, Беташар.
  • Қазақ халқыныі ежелгі әдет-ғұрыптары — Туған жерге аунату, Аузына түкірту, Ашамайға мінгізу, Бастаңғы.

Мәдениеті

Толық мақаласы: Қазақ мәдениеті
Толық мақаласы: Қазақтың XX ғасырдағы мәдениеті

Ежелгі суперэтникалық тайпалар мен қазақтардың мәдени-тарихи сабақтастығын толық қанды объективті зерттелуіне, кеңестік идеология кедергі болды. Археология, этнография, антропология мәселелеріне ресейлік, европалық ғалымдар ғана арнайы тапсырмалармен зерттеулер жүргізді. Бұл тақырып қазақ ғалымдарына «жабық» тақырып болды.

Көшпеліліктегі маңызды мәселенің бірі — ондағы әлеуметтік құрылым, қоғамдық ұжымдасу ерекшеліктері, қауымдық тұтастықтың болуы. Көшпелілер уақыт пен кеңістікті игеруі, танып түсінуі нәтижесінде көшіп-қонып, табиғаттың колайлы белдеулерінде орналаса отырып, мәдениет пен климат ерекшеліктерін ұтымды қолдана білген. Қазақстанда ерте заманнан бері маусымдық жайылымдар пайдаланылған. Жауын-шашыны молырақ Арқаның теріскейіндегі орманды-далалы алқапты, оңтүстік-шығыстағы таулы өңірді жұрт ең алдымен жайлау, ал шығыс және ортаңғы аймақты қыстау ретінде пайдаланып келген. Кеңістікпен үйлесімді дамыған мәдениет адам мен табиғаттың арасында нәзік үндестікті білдіретін дәнекер кызметін атқарды. Көшпелі коғамның тіршілік етуінің көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығы болуы олардың дүниетанымына шешуші әсер етті. Көшпелілер мәдениетінің ажырамас бөлігі — «әлем» және «адам» түсініктеріне негізделіп дамыған дүниетаным жүйесі болды.

Қазақ фольклоры

Толық мақаласы: Қазақ фольклоры

Қазақ халқы ертеден қалыптасқан бай фольклорға ие. Ұлттық фольклордың алуан жанрларының ішіндегі ең көрнекті саласы – эпостық туындылар, оның ішінде батырлық жырларының өзі төрт жүзден астам. Эпостар, тек болған оқиғаларға: кейіпкер, қаһармандардың елін сүю, сыртқы жаудан отбасын, әулетін, ел-жұртын, ауыл-аймағын қорғау, халық үшін ерлік еңбек ету идеясына құрылған. Ішкі-сыртқы жаулардың жасаған үлкенді-кішілі шабуылдары, оларға қарсы шайқаста ерекше көзге түскен, ел-жұртын дұшпанның қорлық-зорлығынан қорғаған батырлардың ерлік істерін халық ұзақ уақыт ұмытпай, аңыз-әңгіме, жырына қосып арқау еткен.

Мифтер — қазақ фольклорында мифтер таза күйінде емес, басқа жанрлардың құрамында, кейде жеке әңгіме түрінде кездеседі. Қазақ мифінің ішінде әсіресе кең тарағаны – жер бетіндегі тау-тастың, көлдің пайда болу тарихын баяндайтын, сондай-ақ аспан әлемінің құрылысын түсіндіретін және әртүрлі жануар мен жәндіктердің кейбір қасиеттерін әңгімелейтін шығармалар. Ертедегі адамдар табиғаттың құбылыстарын, аспан әлеміндегі шырақтарды түсіну үшін олар туралы неше түрлі миф шығарып, өз тұрмысын соларға көшірген, көп нәрсені күнделікті шаруа мен тұрмыс, адамдық қасиеттер мен қатынас тұрғысынан түсіндірген. Мифтердің басты кейіпкерлері – ілкі ата, жасампаз қаһарман, тотем-баба мен шаман. Бұлармен бірге ежелгі рух-иелер: желаяқ, көлтауысар, саққұлақ, таусоғар жүреді.

image
Батырлар жыры

Ертегілер — Ертегілер көне мифтермен, хикаялармен, наным-сенімдермен тығыз байланысты, ежелгі мифологияны жетілдіре пайдаланып, қиялды араластырып, ғажайыптық сипатқа ие болған. Соның нәтижесінде осы жанрдың өзіне тән поэтика мен эстетикасы қалыптасқан, болмысты солардың тезінен өткізіп бейнелеген. Қазаққа жеткен ертегілер бірнеше жанрдан тұрады: хайуанаттар туралы ертегілер, қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер, хикаялық (новеллалық) ертегілер, сатиралық ертегілер. Бұлардың бәріне ортақ белгілері және әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар

Аңыздар мен шешендік сөздер — көркемдік сипаты мен шындыққа қатысы жағынан алғанда аңыздар екі түрге бөлінеді. Бірі – тарихи аңыздар (Шыңғыс хан мен Жошы, Ақсақ Темір мен Едіге, т.б), екіншісі мекендік (топонимикалық) аңыздар. Тарихи аңыз тобына шешендік сөздер де енеді. Олар мазмұнына және қаһармандарына қарай, негізінен, Қазақ хандығы тұсында және одан кейін де өмір сүрген билердің төрелік жүргізген даулы оқиғалары туралы әңгімелейтін тарихи аңыз болып табылады.

Батырлар жыры — қазақ фольклорында бұл жанрдың алатын орны ерекше. Өйткені, біріншіден, халықтың рухани өмірінде, әсіресе, сөз өнерінде эпос басты роль аткарды; екіншіден, эпоста фольклорға тән ерекшеліктер толығырақ және айқынырақ көрінеді. Дәл осы жанрда қазақ жүртының эстетикалық та, этикалық та түсінік-пайымы, дүниетанымы да, арман-аңсары да мол табылады. Ол өзінің әрі қарай дамуында сюжеттік әрі ғұмырнамалық тұтастану процесінен өткен (“Алпамыс батыр”, “Қобыланды батыр”, “Қамбар батыр” жырлары). Алтын Орда мен Ноғайлы дәуірінден пайда болған эпос тарихи және шежірелік тұтастануға түскен (“Қырымның қырық батыры”, “Ер Көкше”, “Ер Қосай”, “Ер Тарғын”, “Едіге” жырлары).

Дастандар — қазақтың төл дастандары бар: әлеуметтік-сүйіспеншілік дастандар және ертегі дастандар. Әрбір ішкі жанр бүкіл дастанға ортақ қасиеттермен қатар, тек өзіне ғана тән ерекшеліктерімен дараланады. Бұл, әсіресе, бас қаһарманға, оның іс-әрекеттеріне, сондай-ақ дастанның айтылу мақсаты мен мәнеріне байланысты болады.

Айтыс — қазақтың ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан жанр. Ақындар айтысында, олар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар кездеседі. Екі ақын да бірін-бірі тығырыққа қамау үшін, бірін-бірі сүріндіру үшін, өмір құбылыстарын жұмбақ етіп те тартады. Соның бәріне ақындар жөпелдемеде жауап беруге, дәлел айтуға әзір болуы керек. Мұның бәрі ақындардан сөзге жүйріктікті, білгірлікті, тапқырлықты, қажетсінумен қатар, ел-елдің шежіресін, тарихын, жер жайын, этнографиялық ерекшеліктерін білуді керек етеді.

Терме — көбінесе нақылдық болып келеді. Мұндай термелердің басты мақсаты – ғибрат беру, сол себепті олардың мазмұны өмірдегі жағдайға, көбінесе адамның мінез-құлқына, әсіресе, отбасының жағдайына байланысты мәселелер болып келеді. Бұл шығармаларда тіршіліктің әр түрлі аспектілері теріліп алынады да, олар кейде салыстырыла, бірде қарсы қойыла, иә болмаса қатарластыра баяндалады, соның негізінде нақыл айтылады, адамға ой салынады.

Өлеңдер — Қазақ қауымының өмірінде өлеңнің орны ерекше, сол себепті оның түрлері де көп: лирикалық өлең, тарихи өлең, қара өлең, нақыл өлең, өтірік өлең, т.б. Олар орындалу мәнері, шындыққа қатынасы, мазмұны мен түрі жағынан бір-бірінен ерекшеленіп тұрады.

Мақал-мәтелдер — қазақ өмірінің барлық саласына қатысты айтылады. Әсіресе, бұрынғы қазақ қауымы үшін олар белгілі дәрежеде заң ролінде болған. Билер ел арасындағы дау-дамайды шешкенде мақал мен мәтелді жиі пайдаланып, соған сүйенген. Сондай-ақ мақал-мәтел өмір тәжірибесіне негізделгендіктен тәлімдік те мақсатта қолданылған, сондықтан да онда дидактикалық, үлгілік, ақыл-кеңес берерлік қасиет басым. Тіршіліктегі әр қилы жағдайға, қиындыққа, сауалға дайын жауап болып көрінеді.

Қазақ музыкасы

Толық мақаласы: Қазақ халық музыкасы

Қазақ ұлт болып құрылғаннан бастап төл музыкасы бірге дамыды. Ән-күй арқылы әдет-ғұрып, дәстүрлі салт-сана ұрпақтан -ұрпаққа жетіп, көшпелі халқымыздың рухани мәдениетіне айналды. Бесік жыры, қыз ұзату, келін түсіру, сүндет той, т.б ойын-сауық, ән-күймен әсерленіп отырды. Әсіресе, лирикалық-әлеуметтік тақырыпқа арналған оқиғалы желіде туған, формасы күрделі музыкалар орындаушылығы жағынан мықты шеберлікті қажет етті. Қазақ халқының ақын, жырау, жыршы, әнші, өлеңші, күйшілері музыкалық мәдениеттің негізін қалады.

image
Қорқыт ата

Жас балалар саз балшықтан жасалған үрмелі аспаптармен ойнап, үйренген. Олар анасының бесік жырымен, үлкендердің өсиет- өлеңдерін тыңдап, өмірге деген көзқарастары қалыптасып, үлкен өмірге аяқ басқан. Содан соң жастар әнге деген білімдері мен шеберліктері әртүрлі отырыстарда қайым-айтыс, тартыс, қара өлең айту арқылы шыңдалып отырған. Есейе келе ән қорына махаббат әуендері, тойларда айтылатын жар-жар, қалыңдықтың қоштасу әні және де аңшылардың аңға шығарда, сарбаз әскерлердің жорыққа аттанарда қолданған -дабыл, дауылпаз, шыңдауыл секілді аспаптардың үндері мен толықтырылып отырған. Ал, үлкендер өз ән-күйлерінде елдің бірлігі, халықтың мұң-мұқтажы, салт-дәстүрі мен айтыстарды өз руларының жеңіс, жетістіктерін жырға қосып жырлаған.

Домбыра мен сыбызғы саздарының ежелгі үлгілері ретінде жеткен күй дастандары өте көп. Мысалы, «Аққу», «Қаз», «Нар», «Ақсақ құлан», «Ақсақ қыз», «Жорға аю», және қайғы-мұңға толы «Зарлау», «Жетім қыз». Бұл күйлерде ежелгі көшпенділердің діні, салт-дәстүрі, қуаныш-қайғысы мыңдаған ғасырлар бойы сақталып, бізге жеткен. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Қазанғап, Дина, Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Естай, Ыбырай, Нартай, Мәди, Мұхит, Абай, Кенен Әзірбаев аттары тек қазақтың емес, әлем музыка мәдениетінде орын алған.

Қазақтардың музыкалық аспаптары

Толық мақаласы: Қазақтың саз аспаптары
image
Домбыра

Ертеден қазақ халқы тастан, ағаштан, темірден, өсімдіктерден, саздан, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан тағы басқа да дыбыс шығаруы мүмкін заттардан қарапайым ән-кұй аспаптарын жасай алды.

Алғашқыда ел арасындағы әнші күйшілер өздері қажетті аспаптарын  жасап алып ойнап елге өнерлерін көрсетіп жүре берді. Келе келе қазақ даласының географиялық ерекшеліктеріне орай саз аспаптары үндік ерекшелігіне және формасына қарай сан алуан түрге ене бастады. Халқымыздың жыр аңыздарынан, дастандарынан және өткен ғасырлардағы саяхатшылардың, ғалымдардың еңбектерінен көне аспаптардың сипаттамаларын, суреттерін кездестіреміз. Ертеде музыка аспаптарын жұртқа хабар бергенде, аңшылар құсты, аңды үркіткенде, бақсылар сарын айтқанда, әскери жорықтарда ұран салғанда пайдаланған. Бүгінде сол көне замандағы саз аспаптарымыз үнін сақтап қалғанымен қызметтік функциясын өзгерткен. Ертедегі тұрмысқа қажет болса бүгінде ұлттық фальклорлы ансамбль, оркестрлерден орын тапқан. Қызметіне  және ойналу ерекшелігіне қарай саз аспаптары мынадай бес  топтарға топтастырылды:

  • үрмелі аспаптар - дыбысын үру арқылы шығарылатын аспаптар сазсырнай, қос сырнай, қамыс сырнай, мүйіз сырнай, сыбызғы, ұран, керней;
  • ішекті аспаптар - дыбысы ішек арқылы шығарылатындарға жататындар: жетіген, шертер, екі және үш шекті домбыралар, қылқобыз;
  • жіңішке сым арқылы дыбысы шығарылатын аспап - шаңқобыз;
  • ұрмалы аспаптар - аспапқа тартылған көн арқылы дыбыс шығарылатындарға жататындар - даңғыра, дауылпаз, шыңдауыл, дабыл, кепшік, шың;
  • шулы аспаптар аспаптың басына тағылған шынжырлар, қоныраулар арқылы дыбыс шығарылатын тобы — асатаяқтың бірнеше түрлері.

Қазақтың ұлттық ойындары

Толық мақаласы: Қазақтың ұлттық ойындарының тізімі

Қазақтың ұлттық ойындары – ежелгі заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауық түрлері. Бүгінгі бізге жеткен ұлт ойындарының тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. 1-мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тараған.

Ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады. Бұлардың көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізділген. Ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған.

Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар.

image
Алтыбақан
  • Аңға байланысты ойындар: ақсерек пен көксерек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қосқұлақ, ордағы қасқыр.
  • Малға байланысты ойындар: аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, бура қотан, көксиыр, соқыртеке, түйе мен бота.
  • Түрлі заттармен ойналатын ойындар: таяқ жүгірту, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алтыбақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқты, белбеу тартыс, дауыста, атыңды айтам, епті жігіт, жаяу көкпар, жемекіл, жігіт қуу, жігіт ойыны, күзетшілер, күміс ілу, қамалды қорғау, қараше, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдік), монданақ, орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің дауысы, таяқ жүгірту, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, түйілген орамал, шалма, шертпек, шүлдік
  • Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам тап!, бөріктастамақ, бұғнай, бұғыбай, бұқа тартыс, бұрыш, біз де..., жасырынбақ, жаяу жарыс, көкпар, көрші, күрес, қарамырза, кімді қалайсың?, қындық-сандық, орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ, тасымалдау, тең көтеру, тымпи, ұшты-ұшты, үйімнің үстіндегі кім?, шымбике.
  • Соңғы кезде қалыптасқан ойындар: әріп таңдау, бригада, мейрамхана, нөмір, пароль, пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу. Бұлардың ішінде бірқатар ойындар спорттық, той ойындары болып саналады.

Тағы қараңыз

  • Қазақ (этноним)
  • Қазақ тілі
  • Қазақтар (шетжұрты)
  • Қазақтар тізімі
  • Қазақ салт-дәстүрлері

Дереккөздер

  1. Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностар мен жас топтары бойынша саны (2025 жыл басына)  (қаз.). stat.gov.kz. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы. Тексерілді, 22 шілде 2025.
  2. Main Data of the Seventh National Population Census  (ағыл.). Stats.gov.cn. Тексерілді, 25 шілде 2021. Мұрағат көшірмесі 11 мамырдың 2021 Wayback Machine мұрағатында
  3. Doimiy aholi sonining milliy tarkibi (shahar / qishloq)  (өзб.). data.egov.uz. Ochiq Ma'lumotlar Portali. Тексерілді, 22 шілде 2025.
  4. Национальный состав населения  (орыс.). Росстат. Тексерілді, 30 желтоқсан 2022.
  5. 2020 Population and Housing Census of Mongolia /summary/  (ағыл.). 1212.mn. Мұрағат көшірмесі 15 шілденің 2021 Wayback Machine мұрағатында
  6. 2022-жылы Кыргыз Республикасынын эл жана турак жай фондун каттоо: Кыргызстандын калкы  (қырғ.). stat.gov.kg. Қырғыз Республикасының Ұлттық статистика комитеті. Тексерілді, 22 шілде 2025.
  7. Asian Alone or in Combination with One or More Other Races, and with One or More Asian Categories for Selected Groups. АҚШ Халық санағы бюросы (2022). Тексерілді, 28 шілде 2024.
  8. National composition of the population and language proficiency  (ағыл.). stat.gov.tm. Тексерілді, 22 шілде 2025.
  9. Golestan, Kazakhstan cultural night to be held in northern Iran  (ағыл.), Tehran Times (23 September 2024). Тексерілді 31 қазанның 2024.
  10. Казахское общество Турции готово стать объединительным мостом в крепнущей дружбе двух братских народов – лидер общины Камиль Джезер  (орыс.) (26 октября 2009). Тексерілді, 18 наурыз 2015. Мұрағат көшірмесі 8 наурыздың 2016 Wayback Machine мұрағатында
  11. Бартольд, Василий Владимирович Four Studies on the History of Central Asia — Leiden: Brill Publishers, 1962. — Б. 129.
  12. Нұрланұлы, Мирас «Қазақ» сөзінің пайда болуы туралы ғалымдар мен зерттеушілердің пікірлері  (қаз.). e-history.kz (24 шілде 2015). Тексерілді, 22 шілде 2025.
  13. А.А.Қаратаев.АЛАШ ХАН ЖӘНЕ «АЛАШ» БІРЛЕСТІГІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ ТУРАЛЫ (25 маусым 2025).
  14. Мұсаев Қ.М. Ноғайша-орысша сөздік. 2018. б. 63. (2018).
  15. Қазақ халқының қалыптасуы  (қаз.). stud.baribar.kz. Тексерілді, 5 маусым 2024.
  16. Қазақтың рулары  (қаз.). ulagat.com (31 тамыз 2021). Тексерілді, 5 маусым 2024.
  17. Оңтүстік Сібір нәсілі (тұрандық нәсіл)  (қаз.). vedu.ru. Тексерілді, 5 маусым 2024.
  18. Pultar Gönül Imagined Identities: Identity Formation in the Age of Globalization — Syracuse University Press. — P. 365. — ISBN 978-0-8156-3342-6. Мұрағат көшірмесі 13 ақпанның 2023 Wayback Machine мұрағатында
  19. Lee, Joo-Yup; Kuang, Shuntu (2017-10-18). "A Comparative Analysis of Chinese Historical Sources and y-dna Studies with Regard to the Early and Medieval Turkic Peoples". Inner Asia 19 (2): 197–239. doi:10.1163/22105018-12340089. ISSN 2210-5018. "Finally, an extensive study of the genetic legacy of the Turkic nomads across Eurasia based on autosomal dna analysis reveals that the source populations for the Turkic nomads who spread ‘Asian genes’ to non-Turkic peoples were (the ancestors of modern-day) Tuvinians, Mongols and Buryats, despite the fact that the latter two are Mongolic (Yunusbayev et al. 2015).81 In sum, one should note that the early eastern Turkic peoples were in all likelihood genetically closer to their neighbouring Mongolic peoples than to various later Turkic peoples of central and western Eurasia.". 
  20. Findley Carter V. The Turks in World History — Oxford University Press, US. — ISBN 978-0-19-517726-8. Мұрағат көшірмесі 3 желтоқсанның 2022 Wayback Machine мұрағатында
  21. Yang, Xiao-Min; Meng, Hai-Liang; Zhang, Jian-Lin; Yu, Yao; Allen, Edward; Xia, Zi-Yang; Zhu, Kong-Yang; Du, Pan-Xin et al. (2023-01-17). "Ancient genome of Empress Ashina reveals the Northeast Asian origin of Göktürk Khanate" (in en). Journal of Systematics and Evolution 61 (6): 1056–1064. Bibcode 2023JSyEv..61.1056Y. doi:10.1111/jse.12938. ISSN 1674-4918. https://onlinelibrary.wiley.com/doi/10.1111/jse.12938. "The early Medieval Türk (earlyMed_Turk) derived the major ancestry from ANA at a proportion of 62.2%, the remainder from BMAC (10.7%) and Western Steppe Afanasievo nomad (27.1%) (Figs. 1C, 1D; Table S2E). The geographically remote Central Steppe Türk (Kyrgyzstan_Turk and Kazakhstan_Turk) could be modeled as an admixture of ANA (Mongolia_N_-North), BMAC, and West Steppe pastoralists (Afanasievo (P=0.0196) (Fig. S5; Table S2E).". 
  22. Pultar Gönül Imagined Identities: Identity Formation in the Age of Globalization — Syracuse University Press. — P. 365. — ISBN 978-0-8156-3342-6. Мұрағат көшірмесі 13 ақпанның 2023 Wayback Machine мұрағатында
  23. Subtelny, Maria Eva (1988). "Centralizing Reform and Its Opponents in the Late Timurid Period". Iranian Studies (Taylor & Francis, on behalf of the International Society of Iranian Studies) 21 (1/2: Soviet and North American Studies on Central Asia): 123–151. doi:10.1080/00210868808701712. JSTOR 4310597. 
  24. Lee Joo-Yup The Kazakh Khanate // Oxford Research Encyclopedia of Asian History. — ISBN 978-0-19-027772-7.
  25. "Kazakh Khanate." In The Oxford Research Encyclopedia of Asian History. Ed. David Ludden. New York: Oxford University Press.
  26. Kenzheakhmet Nurlan The Qazaq Khanate as Documented in Ming Dynasty Sources — 2013. — P. 133.
  27. Қазақ тілі — әлемдегі ең бай үшінші тіл. Тексерілді, 5 маусым 2024.
  28. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Тексерілді, 5 маусым 2024.
  29. Қазақ халқының жазу мәдениетінің қалыптасуы тарихынан. Тексерілді, 5 маусым 2024.
  30. Қазақ жазуының тарихы. Тексерілді, 5 маусым 2024.
  31. Қазақ халқының ұлы дала төріндегі діни ұстанымы. Тексерілді, 5 маусым 2024.
  32. Қазақтар дінді қалай ұстанған. Тексерілді, 5 маусым 2024.
  33. Қазақ жеріндегі исламның таралуы. Тексерілді, 5 маусым 2024.
  34. Қазақтың дәстүрлі шаруашылығы. Мәдениетінің дамуы. Тексерілді, 5 маусым 2024.
  35. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. Тексерілді, 5 маусым 2024.
  36. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. Тексерілді, 5 маусым 2024.
  37. Қазақ халқының материалдық мәдениеті. Тексерілді, 5 маусым 2024.
  38. Ауыл тарихы – ел тарихы. Тексерілді, 5 маусым 2024.
  39. Қазақтың киіз үйі. Тексерілді, 5 маусым 2024.
  40. Киелі киіз үй. Тексерілді, 5 маусым 2024.
  41. Қазақтардың ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысындағы отырықшылдық тұрақ жайлары. Тексерілді, 5 маусым 2024.
  42. Қазақтың ұлттық киімі - қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі. Тексерілді, 5 маусым 2024.
  43. Қазақтардың дәстүрлі киімі. Тексерілді, 5 маусым 2024.
  44. Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері. Тексерілді, 5 маусым 2024.
  45. Қазақ халқының ұлттық киімдері. Тексерілді, 5 маусым 2024.
  46. Қазақтың ұлттық тағамының ерекшеліктері. Тексерілді, 5 маусым 2024.
  47. Дәстүрлі қазақ тағамдары. Тексерілді, 5 маусым 2024.
  48. Қазақтың ұлттық тағамдары. Тексерілді, 5 маусым 2024.
  49. Салт-дәстүр мен ұлттық мерекелер. Тексерілді, 5 маусым 2024.
  50. Қазақтың салт-дәстүрі ұлттың тамыры. Тексерілді, 5 маусым 2024.
  51. Салт-дәстүр, рухани құндылықтар. Тексерілді, 5 маусым 2024.
  52. Салт-дәстүр асыл қазынам!. Тексерілді, 5 маусым 2024.
  53. < Қазақ халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүрлері. Тексерілді, 5 маусым 2024.
  54. Көшпенділер мәдениеті. Тексерілді, 5 маусым 2024.
  55. Қазақ фольклорының қалыптасу тарихы туралы. Тексерілді, 10 маусым 2024.
  56. Қасқабасов С. Ойөріс.. Тексерілді, 10 маусым 2024.
  57. Қазақ музыка мәдениетінің қалыптасуы және өркендеуі. Тексерілді, 10 маусым 2024.
  58. Қазақ халқының музыкалық аспаптары. Тексерілді, 10 маусым 2024.
  59. Қазақтың ұлттық саз аспаптарының өткені, бүгіні және келешегі. Тексерілді, 10 маусым 2024.
  60. Қазақтың ұлттық ойындары. Тексерілді, 10 маусым 2024.

Сыртқы сілтемелер

image
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Қазақ халқы
  • Kazakh Language Courseware from University of Arizona Critical Languages Series Мұрағатталған 10 сәуірдің 2008 жылы.
  • Қазақстанның этногарфиялық картасы
  • Kazakhs in France - AKFT Мұрағатталған 16 наурыздың 2010 жылы.
  • Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Мұрағатталған 5 желтоқсанның 2006 жылы.
  • http://sana.gov.kz/showarticle.php?lang=eng&id=342 Мұрағатталған 28 қыркүйектің 2007 жылы.
  • Massagan.com (The largest web site in kazakh language)
  • Suhbat (Atameken Toby) Мұрағатталған 2 тамыздың 2009 жылы.
  • Secrets of the Dead: Amazon Warrior Women (PBS) Мұрағатталған 26 ақпанның 2009 жылы.
  • Turk monument of Uyuk-Turan mentioning the word "qazğaq" Мұрағатталған 5 ақпанның 2006 жылы.
  • Қазақ халқы Мұрағатталған 8 наурыздың 2022 жылы.
  • Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі Мұрағатталған 29 қыркүйектің 2011 жылы.
  • Қоғам Мұрағатталған 7 наурыздың 2017 жылы. — Ашық Тізімдеме Жобасы (ODP)
  • Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Мұрағатталған 5 желтоқсанның 2006 жылы.
  • Facebook әлеуметтік желісіндегі Қазақтар қауымдастығы

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қазақ халқы туралы ақпарат, Қазақ халқы дегеніміз не? Қазақ халқы нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *