Ойыл өзені

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
image Басқа мағыналар үшін Ойыл деген бетті қараңыз.
Ойыл
Сипаттамасы
Ұзындығы 800 км
Су алабының
ауданы
31 500 км²
Су ағысы
Бастауы Мұғалжар тауы
 • Координаттары 49°32′ с. е. 56°48′ ш. б. / 49.533° с. е. 56.800° ш. б. / 49.533; 56.800 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Каспий маңы ойпаты
 • Координаттары 48°35′ с. е. 52°28′ ш. б. / 48.583° с. е. 52.467° ш. б. / 48.583; 52.467 (G) (O) (Я)Координаттар: 48°35′ с. е. 52°28′ ш. б. / 48.583° с. е. 52.467° ш. б. / 48.583; 52.467 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
image
Ел Қазақстан
Аймақ Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары

Ойыл – Жайық алабындағы өзен.

Географиялық орны

 | ]

Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары жерімен ағады.

Бастауы

 | ]

Ақтөбе облысындағы Қандыағаш темір жол станциясының солтүстік-батысында 50 км жерден басталып, Тайсойған құмында (Атырау облысы) бірнеше тармаққа бөлініп, Каспий маңы ойпатындағы Жалтыркөл, Ақтөбе көлдері аралығындағы Қаракөл қонысы тұсында тартылып қалады (ертеде Жайық өзеніне құйған).

Гидрологиясы

 | ]

Ұзындығы 800 км, су жиналатын алабы 31 мың км2. Өзеннің жоғарғы және орта бөлігіндегі аңғары терең сай-жырамен тілімденген, төменгі бөлігі белесті жазықпен ағады. Негізгі арнасының ені 20 – 40 м. Жер асты, жауын-шашын суымен толығады. Көктемде қар суымен өзен деңгейі көтеріледі, минералдылығы азаяды. Жазда иірімдерге бөлініп тұздылығы артады. Жылдық орташа су ағымы Миялы ауылы тұсында 10,8 м³/с. Ірі салалары Ащыойыл, Кенжалы, Қайыңды, Қиыл. Жайылмасы – Ақтөбе, Атырау облыстары шаруашылықтарының шабындығы. Суымен егін, мал суарылады. Өзен бойына Миялы, Ойыл, т.б. елді мекендер орналасқан. Наурыз-мамырда тасып, су деңгейі 10 м, одан да жоғары көтеріледі.

Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.
  2. Қазақ энциклопедиясы – 7 - том

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Ойыл өзені туралы ақпарат, Ойыл өзені дегеніміз не? Ойыл өзені нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *