Мұхамеджан Сералин
Мұхамеджан Сералин (1872, қазіргі Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылы — 8 қараша 1929, Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылы) — ақын, жазушы, журналист, публицист, қазақ журналистикасының атасы.
Өмірбаяны
Қожа руынан шыққан.
- Троицкідегі медреседе оқыған (1880)
- Қостанайдағы 2 кластық орыс-татар мектебін бітірген (1891).
- 1911 — 1918 жылдары Троицкіде “Айқап” журналын шығарды.
- 1919 — 1920 жылдары “Ұшқын” газетінде қызметкер,
- 1921 жылы Қостанайдағы Шұбар болыстық атқару комитеттінің төрағасы,
- 1922 — 1923 жылдары Қостанай губаткомы төрағасының орынбасары,
- 1923 — 1926 жылдары “Ауыл” газетінің редакторы қызметтерін атқарған.
Шығармашылығы
Сералиннің журналистік қызметі екі кезеңге бөлінеді:
- 1-кезеңіне “Айқап” журналында төңкеріске дейін басылған 40-қа жуық мақалалары жазады.
- 2-кезең 1918 – 1928 жылдары аралығын қамтиды, бұл кезеңде “Ұшқын”, “Еңбекші қазақ”, “Ауыл” газеттерінде саясат, шаруашылық, мәдениет мәселелері жайында мақалалары жарияланды.
- Алғашқы “Топжарған” (1900) поэмасы қазақ әдебиетіндегі тарихи шығармалар қатарына жатады. Поэмада 19 ғасырдың 30 — 40-жылдарындағы қазақ өмірі, Кенесары, Наурызбай бастаған қозғалыс бейнеленген.
- “Гүлқашима” (1909) поэмасы әйел теңсіздігі мәселесіне арналған. Сералин өз шығармаларында Ы.Алтынсариннің ағартушылық-демократия идеяларын қолдады.
- Ол Фердоуси “Шаһнамасының” “Рүстем — Зораб” бөлімін В.А. Жуковский (1846 – 1847) нұсқасынан,
- сондай-ақ А.Сорокиннің “Жусан” повесін қазақ тіліне аударған (1915).
Дереккөздер
- Мұхамеджан Сералин жайында жаңа дерек (kk-KZ).
- Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Мұхамеджан Сералин туралы ақпарат, Мұхамеджан Сералин дегеніміз не? Мұхамеджан Сералин нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!