Мұхамеджан Хұсайынов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)

Мұхаметжан Құсайынов (1756—1824, Уфа) — Екатерина II-нің жарлығы (1798) бойынша Орынборда құ-рылған мұсылмандық жиналыстың бірінші мүфтиі.

Жас кезінде патша үкіметінің құпия тапсырмасымен Бұхара, Кабул қ-ларына барған. Кейін түрлі қызмет атқарып, 1789 ж. мүфти болып тағайындалды. Нұралы, Ералы, Есім және Айшуақ хандардың тұсында Кіші жүз қазақтарын Ресей үкіметіне адал болуға шақырды. Ал Сырым Датов басқарған көтеріліс (1783— 1797) кезінде «Игельстром реформасын» (1786, Кіші жүзде хан өкіметін жою, қазақтың феод. шонжарларының өкілдері мен патша әкімшілігінің өкілдерінен Орынборда шекаралық сот құру) жүзеге асыру мақсатымен шекаралық сот, жазалау топтарын құру жөнінде билер мен старшындар арасында үгіт жүргізді. 1796 ж. Есім хан өлтіріліп, Кіші жүзде хан кеңесі (оны Айшуақ сұлтан басқарды) ңұрылғанда, Қ. патша әкімшілігінің өкілі ретінде кеңестің құрамына кірді.

Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақ энциклопедиясы

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Мұхамеджан Хұсайынов туралы ақпарат, Мұхамеджан Хұсайынов дегеніміз не? Мұхамеджан Хұсайынов нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *