Күнқыран хан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Күнқыран хан
Лауазымы
Ақ Орданың 2-ші ханы
1251 — 1280
Ізашары Орда Ежен хан
Ізбасары Қоныша хан
Өмірбаяны
Діні Тәңіршілдік
Дүниеге келуі белгісіз
Қайтыс болуы 1280 (1280)
Династия Ордаежендіктер
Әкесі Орда Ежен хан

Күнқыран хан - Ақ Орданың ханы (1251 -1280). Рашидаддин Хамаданидың Жами аль-тауарихында ("Жылнамалар жинағы") Күнқыран Орда Ежен ханның төртінші ұлы делінген. Орда Еженнің Жошы ханның үлкен ұлы екені белгілі. 1256 жылы Күнқыран ханның інісі Құли Парсы жеріндегі Хулагу ханның әскеріне көмекке аттанды. Бағдад қаласын қоршағаннан кейін (1258) белгісіз жағдайда Құли қаза болды. Соның кесірінен Жошы ұлысы мен Илхандар мемлекетінің қарым-қатынасы суый түсті. Оның билігі кезінде Орда Еженнің кейбір ұрпақтары Арықбұғаны хан сайлауға қатысып, Құбылайға қарсы азаматтық соғыста қолдау көрсеткен. Ол қайтыс болғанда бірде-бір еркек кіндікті мұрагері қалмағандықтан, таққа оның жиені Көшу отырды.

Тағы қараңыз

 | ]

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Күнқыран хан туралы ақпарат, Күнқыран хан дегеніміз не? Күнқыран хан нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *