Бұл мақаланы не бөлімді, мәтінінің грамматикасын, мәнерін, байланыстылығын, екпіндеуін не емлесін дұрыстау керек. Сіз бұны өңдеп көмектесе аласыз.
Даниал Кенжетайұлы Ахметов (15 маусым 1954 жыл, Павлодар) — Шығыс Қазақстан облысының әкімі ретінде тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ұзақ қызмет еткен әкім (2014–2023), саясаткер және экономика ғылымдарының докторы (2003).
15 маусым 1954 (1954-06-15)(71 жас) Павлодар, Павлодар облысы, Қазақ КСР, КСРО
Марапаттары
Барыс ордені
өңдеу
Бұрын Ахметов Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы (1992–1993), Павлодар облысының әкімі (1993–1997), Солтүстік Қазақстан облысының әкімі (1997–1999), премьер-министр орынбасары (1999–2001), Павлодар облысының әкімі (2001–2003), елдің премьер-министрі (2003–2007) және Қорғаныс министрі (2007–2009) болған.
Ахметов әкімдігі кезіндегі непотизм және нашар қызметі үшін Қазақстан саясатында даулы тұлғаға айналды.
Қысқаша өмірбаяны
Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан. 1976 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы.
Экономика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар академиясының академигі. «Региональные особенности обеспечения устойчивого социально-экологического развития в Казахстане» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғаған.
1976–1981 ж. — «Павлодар тұрғын үй құрылыс» тресінде мастер, аға прораб.
1981–1983 ж. — Екібастұз қалалық партия комитетінде нұсқаушы.
1983–1987 ж. — «Екібастұз шахта құрылыс» комбинатында бас инженердің орынбасары, партком хатшысы.
1987–1991 ж. — Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары.
1992 ж. бастап — Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы, содан кейін Павлодар облыстық әкімшілігінің басшысы.
1993–1997 ж. — Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды.
1997–99 жж. аралығында — Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.
1999 ж. қазанынан бастап — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болды.
2001 ж. қарашасынан бастап — Павлодар облысының әкімі болды.
2003 жылдың маусымынан бастап — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметінде болған.
2003 ж. Мәскеуде «Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудің аймақтық ерекшеліктері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Экономика ғылымының докторы.
Институтты бітіргеннен кейін құрылыстарда мастер, аға прораб, «Екібастұз шахта құрылыс» тресінің жетекшісі, Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, «Екібастұз энерго тұрғын үй өндіріс құрылысы» тресінің басқарушысы қызметтерін атқарды.
2007 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Қорғаныс министрi.
2009 жылы ҚР Қорғаныс министрі қызметінен жеке бизнеске ауысты.
2014 жылдың қарашасынан бастап ШҚО облысының әкімі қызметіне тағайындалды.
2019 жылғы 17 маусымда — Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып қайта тағайындалды.
2022 жылдың 3 наурызы — облыс әкімдерінің рейтингінде бірінші орынды иеленді. Даниал Ахметовтің көрсеткіші 86% құрады.
2022 жылғы 11 маусымда — ҚР Президенті Даниал Ахметовтің Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымындағы өкілеттігін ұзартты.
2022 жылғы 7 желтоқсанда — ҚР Президентінің Жарлығымен Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды, қайта тағайындауды барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының көпшілігі қолдады.
2023 жылғы 16 маусым — Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылды.
Марапаттары
1999 ж. «Барыс» 3-і дәреже
2004 ж. «Барыс» 2-і дәреже
«Құрмет белгісі»
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» (2012) ордендері
«Астанаға 10 жыл» атты мерейтойлық медалі (01.07.2008)
Отбасылық жағдайы
Үйленген. Ұлы мен қызы бар.
Дереккөздер
МҰХАМЕТБЕКҰЛЫ, Талғатжан ШҚО-ны 9 жыл басқарған Даниал Ахметов несімен есте қалды (қаз.). kazinform (18 маусым 2023). Тексерілді, 18 маусым 2023.
Даниал Ахметов туралы не білеміз? (қаз.). SPUTNIK (7 наурыз 2019). Тексерілді, 18 маусым 2023.
БОЛАТҰЛЫ, Тасқын Даниал Ахметовтің ұлымен серіктес кәсіпкер миллиардтап тендер алады. Азаттық зерттеуі (қаз.). Азаттық радиосы (28 наурыз 2023). Тексерілді, 18 маусым 2023.
Даниал Ахметов ұлына жақын кәсіпкерлер туралы Азаттық зерттеуіне пікірін айтты (қаз.). Азаттық радиосы (8 маусым 2023). Тексерілді, 18 маусым 2023.
Даниал Ахметов "ең нашар әкім" рейтингінде көш бастап тұр (қаз.). Адырна (8 ақпан 2022). Тексерілді, 16 маусым 2023.
Әкімдердің халықтық рейтингі (қаз.). inbusiness. Тексерілді, 16 маусым 2023.
Қанжығалы шежiресi, Құрастырушылар Ғ.Умаров, Қ.Әлімжанов, бас редактор Негимов Серік 558 бет, Астана 2017 - ISBN 9786013026701
Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Tengrinews.kz (11 қараша 2014).
Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды. Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты (16 маусым 2023).
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Даниал Кенжетайұлы Ахметов туралы ақпарат, Даниал Кенжетайұлы Ахметов дегеніміз не? Даниал Кенжетайұлы Ахметов нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!