Ұлы көлдер
Ұлы көлдер (ағылш. Great Lakes) — Солтүстік Американың шығысындағы Әулие Лаврентий өзені алабындағы ірі көлдер тобы. Жоғарғы көл, Гурон, Мичиган, Эри, Онтарио көлдері кіреді. Ауданы 245,2 мың км², алабының аумағы 768 мың км², суының көл. 22,7 мың км³. Батыс жарты шардағы тұщы судың ең көп жиналған жері. Көпшілігінің тереңдігі 200 м-ден астам, тек Эри көлінің тереңдігі 64 м. Көлдер төрттік кезеңнің мұздықтары өңдеген тектоник. қазаншұңқырда орналасқан. Бойында Ниагара су құламасы бар Ниагара өз. Эри және Онтарио көлдерін жалғастырады. Желтоқсаннан сәуірге дейін Ұлы көлдердің жағалау бөлігі қатады.
Ірі порттары:
- Дулут,
- Милуоки,
- Чикаго,
- Толидо,
- Кливленд,
- Эри,
- Буффало (АҚШ),
- Порт-Артур,
- Форт-Уильям,
- Торонто (Канада).

Ciлтемелер
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Great Lakes |
- «Қазақ энциклопедиясы», 9 том
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Ұлы көлдер туралы ақпарат, Ұлы көлдер дегеніміз не? Ұлы көлдер нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!