Іле бөріқарақаты
| Іле бөріқарақаты | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||
|
Іле бөріқарақаты (Berberіs іlіensіs) — бөріқарақаттар тұқымдасына жататын тікенекті бұта.
Іле Алатауының шатқалында, Ұзынқара (Кетпен) жотасында, Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік беткейінде, Іле өзенінің жайылма бөлігінде кездеседі. Биіктігі 3 м-ге жетеді. Ескі бұталары сұр қабықты, бір жылдық бұталары қызыл қоңыр қабықты. Тікенектері жай, 3 және 5-6 бөлікті. Жапырақтары қалың, жеміс салатын өркендеріндегі кос жапырағы жұмыртқа пішінді, бүтін жиекті және сопақтау, жеміс салмайтын өркендерінің жиегі тікенекті-тісті. Гүлшоғыры — көп гүлді шашақ, ұзындығы 5 см. Гүлдері сары түсті, диаметрі 3-4 мм, гүлсағақтарының ұзындығы 5-7 мм. Мамырда гүлдейді, маусымда жеміс салады. Жемісі ақшыл қызыл түсті, жұмыртқа пішінді, ұзындығы 7-8 мм, ені 3-4 мм. Сирек кездеседі, эндемик. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.
Дереккөздер
| ]- Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
- Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы. ISBN 9965-24-750-1
Тағы қараңыз
| ]- Бөріқарақат
- Бөріқарақаттар
- Жетісу
- Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Іле бөріқарақаты туралы ақпарат, Іле бөріқарақаты дегеніміз не? Іле бөріқарақаты нені білдіреді?




Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!