Досқара батыр
Досқара батыр Байкісіұлы (18 ғасырдың ортасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Марқаш соры көлінің жағалауы - 19 ғасырдың 30- жылдары) - батыр. Орта жүз құрамындағы ашамайлы керей тайпасының көшебе руынан шыққан.
Оның «қос батыр» атанған Есқара, Досқара есімді екі ұлы да 1770-71 жылы болған соңғы қазақ-қалмақ соғыстарына қатысқан Досқара батыр сондай-ақ 18 ғасырдың соңғы ширегінде Батыс Сібірде Ресей отаршылдарына қарсы күреске белсене қатысып, ерлігімен көзге түскен. Досқара батырдың ерлігін Жанкісі, Шал ақын, Жанақ ақын, Көтеш, Салғара, т.б. өз жырларына арқау еткен. Досқара батырмен замандас Көшен Бауыржанұлы «Досқара батыр» жырында оның батырлыгымен қатар күйшілік өнері болғанын да айтады.
«Кер жорға», «Қызыл нар», «Жаралының зары» атты күйлері жазып алынбағандықтан, халық арасына көп таралмаған.
Дереккөздер
| ]- Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х
- XVIII ғасырда туғандар
- Жамбыл ауданында (Солтүстік Қазақстан облысы) туғандар
- 1830 жж. қайтыс болғандар
- Қазақ батырлары
- Қазақ-жоңғар соғысына қатысушылар
- Ұлт-азаттық қозғалыстар қатысушылары
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Досқара батыр туралы ақпарат, Досқара батыр дегеніміз не? Досқара батыр нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!