Ғарифолла Есім
| Жанұзақ Мұхитұлы Есмұхан | |
|---|---|
| | |
| Дүниеге келгені: | 15.04.1947 Павлодар облысы Аққулы ауданы Аққу |
| Мансабы: | ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор |
Ғарифолла Есімов (15.04.1947, Павлодар облысы, Аққулы ауданы, Аққу) — ғалым, философия ғылымдарының докторы (1994), профессор (1995), Қазақстан ғылым академиясы-ның академигі, абайтанушы.
Қысқаша өмірбаяны
| ]- Уақ тайпасынан шыққан.
- 1970 - Семей педагогикалық институтының филология факультетін бітірген.
- 1973 жылы В.И.Ленин атындағы Мәскеудің Мемлекеттік университетінде зерттеуші-стажер болып білімін жетілдірген.
- 1974 — 1977 жылдар аралығында С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің философия және экономика факультетінде аспирантурада оқып, 1987 жылы осы факультеттік, ғылыми кеңесінде «09.00.01 — диалектикалық және тарихи материализм» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған.
- 1977 — 91 - Семей педагогикалық институтының доценті, кафедра меңгерушісі, көркемсурет-графика факультетінің деканы;
- 1991 — 92 - Философия және құқық институтының аға ғылыми қызметкері;
- 1992 — 98 - Алматы мемлекеттік университетінде декан қызметтерін атқарған.
- 1998 жылдан осы университеттің философия және ғылым методологиясы кафедрасының меңгерушісі.
- 2001 жылдан Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің философия және саясаттану факультетінің деканы қызметтерін атқарған. Қазір Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты.
Діни көзқарасы
| ]Діни көзқарасы - дәстүрлі мұсылмандық
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы
| ]Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Асан Қайғы, Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы
| ]Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанның болашағы - жарқын».
Хоббиі
| ]Хоббиі - оқу.
Сүйіп оқитын әдебиеті
| ]Сүйіп оқитын әдебиеті - философиялық проза.
Үйленген. Жұбайы - Есімова Рымкеш Сұлтанқызы, дәрігер. Ұлдары - Есімов Қазыбек, Есімов Баян; қызы - Есімова Сәуле.
Шығармашылығы
| ]Есімов 20 ғасырдың 80-жылдары әдеби сынға белсене араласып, республикалық мерзімді басылымдарда
- “Кейіпкер философиясы”
- “Еліктеу философиясы: күнгейі мен көлеңкесі”
- “Жаңаша ойлау және әдебиет”
- “Жаңаша ойлау — диалектикалық ойлау”
- “Ескіше, жаңаша және қазақша ойлау”, т.б. мақалалар жариялады.
- Оның “Хакім Абай” кітабында ол герменевтикалық тәсілді қолдана отырып, Абай шығармаларын талдады, оқырман ұғымына ауыр өлең мәтіндеріне түсініктемелер жасады.
Сондай-ақ, Есімов саясат, мәдениет және әлеуметтік тұрмыс мәселелеріне арналған 300-ден аса публицистикалық, ғылыми-танымдық мақалалар жазды. Соңғы кездері қазақ әдебиетіндегі соны үрдіс — философиялық новелла, эссе жанрында еңбектеніп жүр. Философиялық проза жанрында жазылған
- “Таңсұлу”
- “Күнә”
- “Көсем-Көкжал”
- “Бөгде сезім”, т.б. туындылары бар.
Әл-Кинди, ибн Туфейл, ибн Рушд, ибн Араби, әл-Ғазали, Халел Жебран, Мұхаммед Икбал сынды шығыс ойшылдарының шығармаларын қазақ тіліне аударған.
- "Құрмет" орденінің кавалері.
Дереккөздер
| ]- Дәйкенов Темірболат = Уақ шежіресі / Омаров Асан, Смайылов Ермұханбет — 2. — Астана: Фолиант, 2021. — 992 б. — 1000 таралым. — ISBN 978-601-338-848-9.
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
- Қазақ энциклопедиясы
- Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
- Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
- 15 сәуірде туғандар
- 1947 жылы туғандар
- Аққулы ауданында туғандар
- Қазақстан жазушылары
- Абайтанушылар
- Қазақстан филологтары
- Қазақстан ғалымдары
- Философия ғылымдарының докторлары
- Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері
- Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессорлары
- Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары
- Құрмет орденінің иегерлері
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Ғарифолла Есім туралы ақпарат, Ғарифолла Есім дегеніміз не? Ғарифолла Есім нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!