Екіпалаталы парламент
Екі палаталы жүйе, бикамерализм — жалпыұлттық өкілетті орган парламенттің құрылымы; мұндай парламент әрқилы жолмен құрылады әрі әркелкі құзырет иеленетін екі (жоғ. және төм.) палатадан тұрады. Е. п. ж. алғаш рет 14 ғ-да Англияда пайда болды. Е. п. ж. үлгісінде құрылған парламенттердің төм. палаталары тұрғындардың тікелей қатысуымен сайланады. Жоғ. палаталар әртүрлі жолмен: тікелей емес сайлау (Нидерландия мен Франциядағы Сенат, Аустралиядағы Одақтық кеңес, т.б.) немесе тікелей сайлау тәртібімен (АҚШ-тағы, Италиядағы, Жапониядағы Кеңесшілер палатасы) қалыптасады; кейбір елдерде жоғ. палаталар мұралау жолымен (Ұлыбританиядағы лордтар палатасы) не олардың мүшелерін мемлекет басшысының тағайындауы арқылы (Канададағы Сенат) құрылады. Кей реттерде жоғ. палаталар аралас тәсілдермен қалыптасады: яки олардың мүшелерінің кей бөлігі сайланады, кей бөлігі тағайындалады, ал қалғандары мұралау принципі бойынша орындарды иеленеді (Бельгиядағы, Ирландиядағы сенаттар). ҚР Конституциясына (50-бап) сәйкес, Қазақстан Парламенті тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның мүшелерінің құқықтық жағдайы арнаулы конституциялық заңдарда айқындалған.

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Екіпалаталы парламент туралы ақпарат, Екіпалаталы парламент дегеніміз не? Екіпалаталы парламент нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!