Хасан шайқасы
Хасан шайқасы-Ресейдегі Приморье өлкесіндегі Хасан көлі жағасында болған кеңес-моңғол қарулы қақтығысы(1938ж.шілде-тамыз).1938 ж. 3 шілдеде Жапон басшылығы кеңес шекарасының Посьетск телімінің маңына үш жаяу әскер дивизиясын,механикаландырылған бригадасын,атты әскер полкін, 3 пулемет батальонын және 70 ұшағын топтастырды.29 шілдеде жапонның 2 ротасы шекарашылар бекінген Безымянный төбешігіне шабуыл жасады.Күші басым жапондықтар 31 шілдеде тактик. маңызы бар Безымянный мен Заозерная төбешіктерін басып алды.Қиыр Шығыс округінің қолбасшы,маршал В.К.Блюхер КСРО аумағына баса көктеп кірген жапондықтарға соққы беру үшін 2 дивизия,1 механикаландырылған дивизия бөлді. 9 тамызда кеңес аумағы жапон басқыншыларынан толық тазартылды.10 тамызда Мәскеудегі Жапония елшісі келіссөз жүргізуді ұсынып, 11 тамызда қарулы қақтығыс тоқтатылды.Ерлігі мен батырлығы үшін екі дивизия да Ленин орденімен,6,5 мыңға жуық адам орден,медальдармен марапатталды.26 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.1939 ж. 5 шілдеде "Хасан соғысына қатысушы" белгісі белгіленді.
Дереккөздер
- Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Хасан шайқасы туралы ақпарат, Хасан шайқасы дегеніміз не? Хасан шайқасы нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!