Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы (қысқартылғанда Мәжіліс төрағасы, кейде спикері) — Қазақстан парламентінің Мәжіліс атты төменгі палатасының спикері. Төраға Мәжіліс отырыстарын шақырып, оларға төрағалық етеді, оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуге жалпы басшылық жасайды, шыққан актілерге қол қояды.
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы | |
![]() Мәжілістің логотипі | |
![]() Лауазымды иеленуші Ерлан Қошанов 1 ақпан 2022 жылдан бері | |
---|---|
Басшылық етеді | |
Басқару түрі | парламент төменгі палатасының спикері |
Кандидатура ұсынылады | |
Өкілеттігінің мерзімі | жоқ |
Лауазым пайда болды | 30 қаңтар 1996 |
Алғашқысы | Марат Оспанов |
Сайты | Мәжілістің ресми сайты |
Тарихы
Бұл лауазым 1996 жылғы 30 қаңтарда 1995 жылғы тамызда өткен конституциялық референдумнан кейін ашылған бірінші парламент сессиясында құрылды, онда қазақстандық сайлаушылардың көпшілігі жаңа конституцияны мақұлдады, нәтижесінде қос палаталы заң шығарушы органы және оның құрамындағы төменгі палатасы — Мәжіліс, құрылды.
Мәжілістің қазіргі төрағасы, Ерлан Қошанов 2022 жылғы 1 ақпанда тағайындалды.
Төрағалар тізімі
Тағы қараңыз
- Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасының Конституциясы (қаз.). Қазақстан президентінің ресми сайты. Тексерілді, 3 желтоқсан 2023.
- Мәжіліс тарихы (қаз.). Қазақстан Парламенті Мәжілісінің ресми сайты. Тексерілді, 3 желтоқсан 2023.
- ЕРЛАН ҚОШАНОВ МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП САЙЛАНДЫ (қаз.). Қазақстан Парламенті Мәжілісінің ресми сайты. Тексерілді, 3 желтоқсан 2023.
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы туралы ақпарат, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы дегеніміз не? Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!