Болашақ стипендиясы

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы — Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқуы немесе Шетелдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия санаттарын айқындайтын жұмыскерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін тағайындалатын стипендия.
Тарихы
| ]1993 – 2005 жылдар
| ]Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы шетелде кадрлар даярлауға мақсатында 1993 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың N1394 қаулысымен беітілді. Стипендия жыл сайын шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия шешімімен беріледі. "Болашақ" стипендиясы дербес болып табылады және оны Республикалық комиссия конкурстық iрiктеуден өткен неғұрлым дарынды жастарға жыл сайын берiп тұрады.
"Болашақ" стипендиясы Қазақстанның неғұрлым дарынды жастарының жыл сайын жарияланатын рейтингке сай үздiк көрсеткiштерге жеткен шетелдiк жоғары оқу орындарында (бұдан былай - оқу орындары) магистр (шебер) деңгейiнде жоғары бiлiм алуына жәрдемдесудi алдына мақсат етiп қояды.
"Болашақ" стипендиясына арналған конкурсқа қатысуға Қазақстан мемлекеттiк жоғары оқу орындарының соңғы курстарының студенттерi болып табылатын 35 жасқа дейiнгi Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ жоғары оқу орындарын бiтiрген адамдар - аспиранттар, жас оқытушылар, ғылыми дәрежесi жоқ ғылыми қызметкерлер, мамандар, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының тағлым алушылары жiберiледi. Стипендия, әдетте, 1-2 жылға дейiнгi, бiрақ шетелдiк оқу орындарының оқу жоспарында көзделген мерзiмiнен аспайтын мерзiмге магистр (шебер) дәрежесiне оқытуға арналып берiледi. Ерекше жағдайларда стипендия Қазақстан жоғары оқу орындарының жас оқытушылары мен қызметкерлерiне тағлымдамадан өту үшiн бiр жылға дейiнгi мерзiмге берiлуi мүмкiн. "Болашақ" стипендиясына iрiктеу кезiнде Республикалық комиссия айқындайтын Республиканың әлеуметтiк-экономикалық салаларында маманданатын кандидаттарға басымдық берiледi. "Болашақ" стипендияларына квотаны жыл сайын Республикалық комиссияның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.
Кандидаттар мынадай талаптарға сәйкес келуге тиiс:
| ]- Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнындағы орташа үлгерiм баллы 4,75 - тен кем болмауға;
- қабылдаушы тараптың тиiстi сынақтары мен емтихандарын тапсырғаны жөнiнде сертификаттармен немесе өзге құжаттармен расталған шет тiлдерiнiң (ағылшын, немiс, француз және т.б.) бiрiн еркiн меңгеруге;
- жарияланымдармен, авторлық куәлiктермен, баяндамалар тезистерiмен, дипломдармен және т.б. расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене және нәтижелi қатысуға;
- жеке компьютердi пайдаланушы режимiне еркiн меңгеруге тиiс.
"Болашақ" стипендиясын беру ережелерi
| ]Республикалық комиссия екi iрiктеу турынан өткен үмiткерлердi өз отырысына шақырады және олардың жеке iсiн зерделеу мен дербес әңгiмелесу өткiзгеннен кейiн әңгiмелесудiң нәтижелерiне және Қазақстан Республикасының мамандарға деген сұранысына сәйкес стипендияларға кандидаттарды iрiктеп алады.
Екi iрiктеу турынан кейiн Бiлiм министрлiгi ұсынған кандидатуралардан басқа, Республикалық комиссия шетелде шет мемлекеттердiң үкiметтерi қаржыландыратын бағдарламалар бойынша немесе өзге де көздердiң есебiнен өз бетiнше оқып жатқан үмiткерлер арасынан кандидатураларды қарауға және iрiктеп алуға хақылы.
Егер үмiткер шетелден әңгiмелесуге келе алмайтын жағдайда, ұсынылған құжаттар мен материалдарды зерделеу және талқылау жолымен сырттай шешiм қабылдануы мүмкiн. Бұдан кейiн Республикалық комиссия оқытуға ұсынылған үмiткерлерге "Болашақ" стипендиясын беру туралы шешiм қабылдайды, соның негiзiнде "Болашақ" стипендиясы иегерiнiң куәлiгi тапсырылады.
Қазақстан үшiн неғұрлым қажеттi мамандықтардың жыл сайынғы тiзбесiн Білім және ғылым министрлігі дайындап, ұсынады. Үміткерлерге қйылатын талаптар бойынша ұлттық бiрыңғай тестілеу немесе кешендi тестілеудiң нәтижелерi кемінде 90 балл болуы тиiс,
Стипендиаттарды шетелде оқытудың тәртiбi
| ]Республикалық комиссия "Болашақ" стипендиаттарын бекiткеннен кейiн Бiлiм министрлiгi стипендиаттың, оның ата-анасының (асырап алушыларының, қамқоршылары мен қорғаншыларының) және Қаржы министрлiгiнiң арасында контракт жасасады, онда тараптардың өзара мiндеттемелерi, оқыту шарттары, стипендиатты оқыту аяқталғаннан кейiн оның контрактiлiк мiндеттемелерiн орындауының, стипендиатты оқыту үшiн жасалған шығындардың өтелу тәртiбi (егер ол бағдарламадан дәлелсiз себептермен шығып қалған жағдайда) көрсетiледi.
Контракт шетелдiк жоғары оқу орындарына ақша аударуға құқық беретiн негiзгi құжат болып табылады. Қаржы министрлiгi стипендиатты шетелде оқытуға байланысты барлық шығыстардың төлемiн контракт ресiмделгеннен кейiн ғана жасайды.
Қаржы министрлiгi шетелдiк серiктестермен өзара есеп айырысулар жасағаннан кейiн стипендиаттар Бiлiм министрiнiң бұйрығымен контрактiге көзделген мерзiмге оқу үшiн iссапарға жiберiледi.
Шетелге жүрердiң алдында стипендиаттар бiлiм туралы құжаттарын (диплом мен аттестат) Бiлiм министрлiгiне сақтау үшiн тапсыруға мiндеттi. Бұл құжаттар стипендиатқа оның оқуы аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында, ұйымдарында жұмыс iстей бастаған кезде қайтарылады.
Оқуын аяқтағаннан кейiн стипендиаттың контрактiлiк мiндеттемелерiн орындауының тәртiбi
| ]Толық оқу курсын аяқтаған және диплом немесе оны алмастыратын өзге құжат алған стипендиаттар Республикалық комиссияның шешiмiмен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарында контрактiде көзделген мерзiмге, Президент Әкiмшiлiгiнiң, Үкiмет Аппараты мен Бiлiм министрлiгiнiң кадр қызметтерiнiң арасындағы алдын ала келiсiм бойынша жұмысқа орналастыруға тиiс.
1994 жылы бір топ қазақстандық студенттер тұңғыш рет шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді.
1997 жылы ірі жанжал шығып, жоғары лауазымды тұлғалардың балалары әділетсіз жолмен іріктелгені әшкереленді. Тергеу қорытындысымен министр Бiлiм министрi М.Ж. Жұрынов мен Мәдениет министрi Т.А. Мамашев, ректорлар қызметінен .Ә. Әпсәлямовты - Мемлекеттiк Қаржы институтының ректоры (Семей қаласы); Т.Ш. Қалменовты - Оңтүстiк Қазақстан техникалық университетiнiң ректоры; М.С. Панин - "Семей" Мемлекеттiк университетiнiң ректоры қызметтерінен босатылды. Ал комиссия жұмысына қатаң бақылау орнатылды. Осыдан кейін республикалық комиссияны басқару Мемлекеттік хатшыға жүктелді: бір кездері оны Әбіш Кекілбаев, Қасым-Жомарт Тоқаев, Иманғали Тасмағамбетов басқарған. Комиссия құрамына министрлер кіреді, ал жұмыс органы – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі.
Бағдарламаның жаңа кезеңі 2005 жылдан басталып, Елбасы жыл сайын үш мың стипендиат оқыту жөнінде шешім қабылдады. Сол кезде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» құрылып, оны «Болашақ» түлектері басқаруға тартылды. Конкурсқа қатысу үшін 6 698 адам құжат тапсырды, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 45 есе көп. 2005 жылы барлығы 1 756 адам іріктеліп алынған, ал 2006 жылы шамамен 1 200 жас қабылдау жоспарланған.
2005 – 2010 жылдар
| ]«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ
| ]Мемлекет басшысының 2005 жылғы халыққа Жолдауында айтылған «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлерінің санын арттыру жөніндегі бастамасын іске асыру мақсатында ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына конкурс өткізуді ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 301 қаулысымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы құрылды. Алғашқы басшысы Бралиев Альжан Хамидулаевич, орынбасарлары Набиева Рита Сабитовна, Касымова Далида Сабыржановна.
2006 жылы ережеге өзгерістер енгізіліп, үміткерлерге қойылатын жас талаптары бекітілді. 18-35 жас аралығы. Мемлекеттік тілде мотивациялық эссе жазу міндеттелді. Докторантураға тапсыратында университеттен шақырту алу керек.
2007 жылы елдер мен ЖОО-лар тізімі толықтырылды. Қазіргі кезде үміткерлер әлемдегі 32 елдің алдыңғы қатарлы 630 оқу орындарында оқи алады. Бүгінгі таңда стипендияны іске асыруда магистрлік және докторлық бағдарламаларға, сондай-ақ біздің ел үшін анағұрлым қажетті болып табылатын техникалық және медициналық бейіндегі мамандарды дайындауға ерекше көңіл бөлінеді.
2005–2010 жылдары үміткерлердің орта есеппен 75%-ын Алматы мен Астана қалаларынан шыққандар құрады.
2010 – 2015 жылдар
| ]2011 жылы Назарбаев университетінің ашылуына байланысты «Болашақ» бағдарламасы бакалавриатқа құжат қабылдамайды, стипендия тек магистратура, PhD және ғылыми тағылымдамаларға арналады.
2012 жылдан бастап стипендия аясында пелагогикалық, медициналық, инженерлік-техникалық бағытта маманданған қызметкерлерге 1 айдан 12 айға дейін тәлімгерлікке жіберу туралы шешім қабылданды. Осы мамандарға тіл меңгеру мақсатында 6 ай оқыту мүмкіндігі де көзделді. Бұоын мұндай мүмкіндік тек ҒЗИ мен мемлекеттік ЖОО оқытушылары ғана бара алатын.
2015 – 2020 жылдар
| ]1994 пен 2013 жылдар аралығында «Болашақ» бағдарламасының 9250 стипендиаты даярланды. «Болашақ» стипендиясының 20 жылдығынан кейін бағдарламаға бірқатар маңызды өзгерістер енгізілді.
- Тілдік дайындық: «6+6» форматы енгізілді (6 ай елде, 6 ай шетелде). Льготалы санаттар үшін ағылшын тіліне қойылатын талаптар күшейтілді (IELTS 3.0-ден 5.0–5.5-ке дейін). Жаңа санаттар қосылды: мәдениет пен БАҚ қызметкерлері, жалпы конкурс, докторантураға өздігінен түскендер.
- Іріктеу талаптары: GPA 3.0-ден 3.3-ке көтерілді, университеттер тізімі топ-70 жалпы рейтинг пен топ-20 пәндік рейтинг негізінде қайта жасалды. Конкурс алты кезеңнен тұрады, міндеттемелерді орындау үшін кепілгерлік механизмі енгізілді.
- Өңірлік ротация: Елорда мен Алматыда 5 жылдық міндетті жұмыс уақыты өңірлерде 3 жылға, ал аудандық деңгейдегі білім беру ұйымдарында 2 жылға қысқартылды. Мемлекеттік қызметкерлерге, квазимемлекеттік сектор өкілдеріне және декреттік демалысқа шыққандарға қосымша жеңілдіктер енгізілді.
- Жаңа санаттар: ғылыми қызметкерлер, АХҚО және киберқауіпсіздік саласының мамандары үшін тағылымдамалар қарастырылды.
- Магистратураға өздігінен түскендер: GPA талабы 3.3-тен 3.0-ге төмендетілді, тілдік курстарды меңгеруге бақылау енгізілді.
Болашақ жоспарлар:
- Өңірлерде онлайн тестілеуді енгізу;
- Магистратураға түсетіндер үшін IELTS 6.0 талабы (инженерлік-техникалық мамандықтар үшін – IELTS 5.5);
- 2025 жылдан бастап барлық квоталық санаттарды жою жоспарлануда.
2018 жылғы есеп бойынша 25 жылда 10 096 маман дайындалды. Оның 5 мыңнан астамы магистратура, 3 мыңға жуығы бакалавр, 300 ден аса адам докторантура мен интернатурада және 1800 адам тәлімгерлік деңгейінде оқыған. Жалпы түлектердің 53%-ы гуманитарлық мамандықтар бойынша, 37,8%-ы инженерлік-техникалық, 7,4%-ы медициналық және 1,8%-ы шығармашылық бағыттарда білім алған. Түлектердің 40%-дан астамы нақты экономика секторында, 20%-ы білім және ғылым саласында, 7%-дан астамы медицина мен денсаулық сақтау саласында еңбек етуде. 1255 стипендиат оөыды,
2018 жылға арналған басым мамандықтар тізімі жаңартылып, 160 мамандықты бойынша 555 стипендия бөлінді.
2020 – 2025 жылдар
| ]Басшылары
| ]- Әлжан Бралиев (2005 – 2006)
- Қадиша Даирова
- Аида Сағынтаева
- Саясат Нұрбек (қыркүйек 2010 – 2013)
- Ғани Нығыметов
- Жанболат Мелдешев (қыркүйек 2016 – тамыз 2019)
- Айнұр Кәрібозова (қыркүйек 2019 – ақпан 2022)
- Ануар Қанатұлы Жанғозин (қаңтар 2022 – ақпан 2023)
- Олжас Сакенов (ақпан 2023 – )
- Әлия Оспанова (қазан 2023 – 2024 қараша)
- Әділ Миратұлы Құсманов (қараша 2024 – )
Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия
| ]Республикалық комиссия "Болашақ" стипендиясын тағайындау үшiн кандидатуралар iрiктеу құқығына ие, оның қызметi Республика заңдарымен, Республика Президентiнiң актiлерiмен және Республика Үкiметiнiң қаулыларымен, сондай-ақ осы Ережемен реттеледi.
Республикалық комиссияның өз құзыретi шегiнде қабылдаған шешiмдерi тиiстi мемлекеттiк органдар үшiн мiндеттi. Республикалық комиссияның құрамын Республика Президентi анықтайды. Республикалық комиссияға Республиканың Мемлекеттiк хатшысы басшылық жасайды. Республикалық комиссияның хатшысы лауазымы бойынша Республиканың Бiлiм министрi болып табылады. Республикалық комиссияның жұмыс органы Бiлiм министрлiгi болып табылады.
- жыл сайын стипендиаттар қабылдау жоспарын, Республиканың аймақтары бойынша квоталарды, комиссия өткiзетiн конкурс шарттарын айқындайды;
- стипендиаттарды iрiктеуге, шетелде оқытуға және одан кейiн жұмысқа орналастыруға байланысты жекелеген мәселелердi зерделеу үшiн қажет болған жағдайда жұмыс комиссияларын құрады;
- өз отырыстарында мемлекеттiк органдар басшыларының "Шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясын белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 қарашадағы N 1394 қаулысын iске асыру жөнiнде олардың жүргiзген жұмысы туралы ақпараттары мен есептерiн тыңдап отырады;
- стратегияны анықтап, үмiткерлердi iрiктеудi, стипендиаттарды шетелде оқыту мен одан кейiн жұмысқа орналастыруды жүзеге асырады;
- "Болашақ" стипендиясын үмiткерлерге алдын-ала iрiктеу жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейдi;
- "Болашақ" стипендиясына конкурс өткiзудiң мерзiмдерi мен шарттары туралы жастарды кеңiнен хабардар етедi, соның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етедi;
- екi iрiктеу турының нәтижелерi негiзiнде үшiншi турда "Болашақ" халықаралық стипендиясына iрiктеу жөнiндегi шараларды әзiрлеп, iске асырады;
- шетелде оқуға ұсынылған үмiткерлерге "Болашақ" стипендиясын беру туралы шешiм қабылдайды;
- стипендиаттармен жасасылатын контракттардың нысандарын белгiлейдi;
- оқу жылының қорытындылары бойынша стипендиаттар оқуының нәтижелерiн қарап, олардың "Болашақ" бағдарламасы шеңберiнде оқуды жалғастыратыны немесе тоқтататыны туралы шешiм қабылдайды;
шетелдегi оқуды аяқталғаннан кейiн стипендиаттарды Республиканың мемлекеттiк органдары мен ұйымдарына жұмысқа орналастыру жөнiнде қажеттi шаралар қолданады.
| ]Дереккөздер
| ]- https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_
- Шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендияларын белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 қарашадағы N 1394 қаулысын орындау iсiндегi елеулi кемшiлiктер туралы.
- "Болашак" – это путь устремленных.
- Изменились требования к претендентам на стипендию "Болашак".
- Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
- остоялось заседание Правительства, на котором рассмотрены вопросы реализации международной программы "Болашак".
- "Болашак" меняет правила обучения.
- МОН РК расширяет доступ к обучению по программе "Болашак".
- Состоялось заседание Правительства, на котором рассмотрены вопросы реализации международной программы "Болашак".
- МОН РК планирует повысить требования для претендентов на стипендию "Болашак" (2018 жылғы 28 маусым).
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына сәйкес болу үшін жетілдіру қажет. Осы мақаланы әрі қарай дамытуға көмектесіңіз. |
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Сыртқы сілтемелер
| ]- Ресми торабы Мұрағатталған 1 қаңтардың 2008 жылы.
- MIT-дағы "Болашақ" бағдарламасы Мұрағатталған 20 шілденің 2011 жылы.
- Қазақстандағы білім
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Болашақ стипендиясы туралы ақпарат, Болашақ стипендиясы дегеніміз не? Болашақ стипендиясы нені білдіреді?


Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!