Шәріпхан Жеңісханұлы
Шәріпхан Жеңісханұлы Көгедаев , Шәріпхан төре (1900, ҚХР, Алтай ауданы — 1941, Үрімжі қаласы) — Қытай қазақтарының әлеуметтік теңдігі мен дамуы үшін күрескен саяси қайраткер. Төре әулетінен шыққан. 1922 — 1927 ж. Үрімжідегі Моңғол-қазақ училищесінде оқыған. 1927 — 1929 ж. Алтай аймағы Бурылтоғай ауд-ның әкімі болды. Бірақ Шыңжаң ген.-губернаторының қазақтарға қарсы саясатына қарсы қарулы көтеріліс ұйымдастырғаны үшін қызметінен босатылды. 1931 — 1932 ж. Ганьсу провинциясынан Үрімжіге, одан Алтайға келіп, аймақ орталығы Сарсүбені басып алған дүнген генералдары Ма Рулун және Ма Хыиндарға қарсы қазақ, моңғол әскерлеріне қолбасшылық жасап, оларды Алтай аймағынан қуып шықты. Осы қызметі үшін Алтай аймағының әкімі және Алтайдағы “Империализмге қарсы тұру қоғамы” төрағасы міндеттерін атқарды. Әкім ретінде аймақтағы мәдени оқу-ағарту істерін дамытуға күш салды. “Жаңа Алтай” журналын шығарып, демокр., ұлттық теңдік идеяларын насихаттап, халықтың санасын оятты. 1940 ж. Шыңжаң ген.-губернаторының бұйрығымен тұтқындалып, Үрімжі түрмесіне қамалды. Саяси қуғын-сүргін құрбаны.
Сілтемелер
| ]- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том.
| Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
- Қытай қазақтары
- Тарих
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Шәріпхан Жеңісханұлы туралы ақпарат, Шәріпхан Жеңісханұлы дегеніміз не? Шәріпхан Жеңісханұлы нені білдіреді?


Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!