Беклер бегі
Беклер бегі немесе Бектердің бегі (османша:بكلربكی = Beylerbeyi) — орта ғасырлардағы және ерте жаңа дәуірдегі мұсылман елдеріндегі жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкер. Беклербегі лауазымы Селжук империясында, Хулагуидтер мен Сефевидтерде, Осман империясында болды. Беклербегі тікелей хан немесе сұлтанға бағынып, азаматтық және әскери билікті өз қолына алатын. Одан бөлек кей елдерде аймақты, ірі тайпаны немесе халықтар тобын басқаратын.

Алтын Ордада Өзбек ханнан бастап беклербегі мен қарашы бектер билігі күшейді. Әдетте, бектер қарасүйек табынан шыққан рубасылары мен беделді әскербасыларынан таңдалған. Беклербегі қазіргі премьер-министрдің функцияларына ұқсас ұлыстың екі негізгі әкімшілік лауазымының бірі болған. Беклербегі лауазымын иеленген адамдар мемлекеттік таққа қуыршақ хандарды отырғызып, оларды толығымен бақылауға тырысты. Хандардың көпшілігінде қажетті білім болмағандықтан және олар көбінесе егжей-тегжейге үңілмеуді жөн көргендіктен, ішкі және сыртқы саясатты, шаруашылық пен әскерді беклербегі басқарды.
Сефевидтер мемлекетінде ол хандар арасынан, Осман империясында сұлтанның жақын серіктері арасынан тағайындалған. Сефевидтер мемлекетінде бейлербей лауазымы хакім қызметімен біріктірілді.
Алтын Орда беклербектері
- Ноғай, Жошы хан немересі — 1256-1267, 1280-1299
- Елбасмыш (Ильбасар), Тоқта хан ұлы — 1299-1309
- Құтлұқ-Темір Қоңырат — 1309-1321
- Исатай Қият — 1321-1337
- Моғұл Бұқа Қыпшақ — 1337-1351, 1359-1361
- Құтлұқ Бұқа Найман — 1351-1357
- Мамай Қият, Исатайдың немересі — 1357-1359, 1363-1380
- Едіге Маңғыт — 1395-1419
- Мансұр би Едігеұлы Маңғыт — 1419-1427 Барақ ханның беклербегі
- Наурыз би Едігеұлы Маңғыт — Ұлық Мұхаммед хан және Кіші Мұхаммед хан кезеңіндегі беклербегі
- Темір Мансұрұлы Маңғыт — Ахмат хан беклербегі
Дереккөздер
- Vecellio, Cesare [http://warfare2.likamva.in/Ottoman/byEuropeans/Vecellio-Costumes_anciens_et_modernes-Ottoman.htm Costumes anciens et modernes: habiti antichi e moderni di tutto il mondo.].
- Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы 7-сынып Т.С.Садықов, С.Жолдасбаев
- Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том, 243 бет
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Беклер бегі туралы ақпарат, Беклер бегі дегеніміз не? Беклер бегі нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!