Малакка түбегі
Малакка түбегі (малайша Tanah Melayu

- тай. คาบสมุทรมลายู) — Оңтүстік Шығыс Азиядағы Үндіқытай түбегінің оңтүстік бөлігі.
Ұзындығы 1300 км, ауданы 190 мың км² Малакка түбегінің солтүстігінде Мьянма, Таиланд, оңтүгінде Малайзия мемлекеттері орналасқан. Батысында Андаман түбегі және Малакка бұғазымен, шығысында Үндіқытай түбегі және Сиам шығанағымен шектеседі. Тау массивінің биіктігі 2190 м-ге (Тахан тауы) жетеді, ал шығыс жағалауын жазық жерлер алып жатыр. Малакка түбегінде қалайының, вольфрамның мол кен орындары бар. Экваторлық, субэкваторлық климат белдеуінде орналасқандықтан ауа температурасы жыл бойы тұрақты (25 — 27°С). Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 1000 — 4000 мм.
Мұнда мәңгі жасыл орман өседі.
Жануарлардан гиббон, лемур, малайя тапирі, мүйізтұмсықтар, т.б. мекендейді. Күріш, кокос пальмасы, каучукты өсімдіктер өседі.
Малакка түбегінде Малайзияның астанасы — Куала-Лумпур қаласы орналасқан.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том
![]() | Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Малакка түбегі туралы ақпарат, Малакка түбегі дегеніміз не? Малакка түбегі нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!