Бақытжан Байқадамов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бақытжан Байқадамов
Туған күні

11 наурыз 1917 (1917-03-11)

Туған жері

Торғай облысы, Ресей Империясы

Қайтыс болған күні

16 маусым 1977 (1977-06-16) (60 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы, Қазақ КСР

Азаматтығы

image КСРО
image Ресей Империясы (1917-1922)

Ұлты

қазақ

Қызметі

композитор


Бақытжан Байқадамов (11 наурыз 1917, Торғай облысы — 16 маусым 1977, Алматы) — композитор. Қазақстанның еңбек сіңерген өнер қайраткері (1957).

Өмірбаяны

 | ]

Алматы мемлекеттік университетін (1937), Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген (1954).

1941 жылы Қазақ радиосында хор жетекшісі, 1947—1949 жылдары әйелдер ән-би ансамблінің жетекшісі әрі дирижері болды.

1952 — 1960 жылдары Қазақ филармониясын басқарды. Осы жылдары “Почташы”, “Су тасушы қыз”, “Домбыра”, “Алма ағаштар жайнайды”, “Кел, достар”, “Теміртау жастарының әні”, “Айгөлек”, “Бөбегім” атты ойнақы әндері мен “Майра”, “Тойбастар”, “Он алты қыз” сияқты хорға арналған шығармалары дүниеге келді.

1969 жылдан өмірінің аяғына дейін Қазақ қыздар педагогикалық институтында ұстаздық етті.

Шығармашылығы

 | ]

Байқадамов Бақытжан Қазақстанда көп дауысты хор музыкасы жанрын қалыптастыруда ерекше еңбек етті.

“Жайлауға”, “Біз бейбітшілік үшін”, т.б. хорға арналған сюиталар, вокалдық композициялар, хорға арналған көлемді поэмалар (“Қыз арманы”, “Айтыс”, “Еңбек жемісі”) жазды. Физика, математика, музыка теориясы саласындағы білімін ұлттық музыка аспаптарын жетілдіру мақсатына пайдаланып, домбыраның үнділігін арттыратын жаңа өлшемдер жасап шықты. Көпшілікке танымал болған “Айгүл” ансамблін ұйымдастырып, эстрадалық жанрдың дамуына да ат салысты. Қазақ мемлекеттік хор капелласы Байқадамов Бақытжан есімімен аталады, оның көркемдік жетекшісі және дирижері Бейімбет Демеуов (1997).

Дереккөздер

 | ]
  1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
  2. https://egemen.kz/article/214305-bbayqadamov-atyndaghy-memlekettik-khor-kapellasyna-–-80-dgyl%C2%A0%C2%A0%C2%A0%C2%A0
  3. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Бақытжан Байқадамов туралы ақпарат, Бақытжан Байқадамов дегеніміз не? Бақытжан Байқадамов нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *