Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев (13 қазан 1963 жыл, Үшарал, Талас ауданы, Жамбыл облысы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, 2024 жылдан бері Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің 16-басшысы
Ту
24 наурыз 2019 — 28 маусым 2019
Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев
Ізашары
Әсет Исекешев
Ізбасары
Қырымбек Көшербаев
Ту
Қазақстанның 11-мемлекеттік хатшысы
Ту
1 наурыз 2019 — 24 наурыз 2019
Президент
Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаев
Премьер-Министр
Асқар Мамин
Ізашары
Гүлшара Әбдіқалықова
Ізбасары
Марат Тәжин
Ту
10-Премьер-Министр
Ту
9 қыркүйек 2016 — 21 ақпан 2019
Президент
Нұрсұлтан Назарбаев
Ізашары
Кәрім Мәсімов
Ізбасары
Асқар Мамин
Ту
1-Өңірлік даму министрі
Ту
16 қаңтар 2013 — 6 қараша 2013
Ізашары
лауазымы ұйымдастырылған
Ізбасары
Болат Жәмішев
Ту
3-Экономикалық даму және сауда министрі
Ту
20 қаңтар 2012 — 24 қыркүйек 2012
Ізашары
Қайрат Келімбетов
Ізбасары
Ерболат Досаев
Ту
Павлодар облысының әкімі
Ту
30 қыркүйек 2008 — 20 қаңтар 2012
Ізашары
Қайрат Нұрпейісов
Ізбасары
Ерлан Арын
Өмірбаяны
Партиясы
Нұр Отан[дереккөзі?]
Білімі
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті
Ғылыми дәрежесі
экономика ғылымдарының кандидаты
Мамандығы
экономист
Дүниеге келуі
13 қазан 1963 (1963-10-13)(61 жас) Үшарал, Талас ауданы, Жамбыл облысы, Қазақ КСР, КСРО
Әкесі
Әбдір Сағынтаев
Жұбайы
Ғалия Қаратайқызы Сағынтаева
Марапаттары
Құрмет ордені
Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Ортаққорда
өңдеу
Сағынтаев бұрын Алматы әкімі (2019–2022), Қазақстан премьер-министрі (2016–2019), Мемлекеттік хатшы (2019), Президент әкімшілігінің төрағасы (2019). Экономика ғылымдарының кандидаты (1990) болған.
Өмірбаяны
Ұлы жүздің Ошақты руынан.[дереккөзі?]
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген (1985), экономист, саяси экономика пәнінің оқытушысы.
1985 жылдан - Алматы халық шаруашылығы институтында саяси экономика кафедрасының оқытушысы.
1988 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент.
1992 жылдан - коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
1998 жылдан - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
1999 жылдан - ҚР Шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары.
2000 жылдан - «Шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету қоры» ЖАҚ басқармасының төрағасы.
2001 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.
2004 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы.
2007 жылдан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің жетекшісі.
2008 жылдан бері - Павлодар облысының әкімі.
20 қаңтар — 24 қыркүйек 2012 жыл аралығында — Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі.
2012 Қыркүйек — 2013 қаңтар — «Нұр Отан» ХДП-ның төрағасының бірінші орынбасары.
2013 жыл 16 қаңтардан бастап жаңадан құрылған Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.
2013 жылғы 6 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – ҚР Өңірлік даму министрі қызметінен босатылып, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары болып тағайындалды.
2014 жылғы 7 сәуірден Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.
2016 жылғы 10 қыркүйектен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
2019 жылғы 21 ақпанда Қазақстан Президенті Сағынтаева отставкаға кетуге үкімет жолдады
«Құрмет» орденімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.
1 наурыз 2019 жыл - 24 наурыз 2019 - Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.
24 наурыз 2019 жыл - 28 маусым 2019 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысы.
28 маусым 2019 жыл – 31 қаңтар 2022 жыл қалалық мәслихаттың шешімімен Алматы қаласының әкімі.
2023 жылғы желтоқсанда Сағынтаевтың 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияна басшылық ететіні белгілі болды. Бұл ақпаратты Ресей президенті Путин растады.
Ғылыми еңбектері
Экономика ғылымдарының кандидаты (1990). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қала және ауыл халқының өмір сүру деңгейін жақындастыру».
Табиғи монополиялардың әрекет ету аумағын мемлекеттік реттеу, шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі бірқатар ғылыми жұмыстардың, жарияланымдардың авторы.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001),
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005),
«Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006),
«Астананың 10 жылдығы» (2008).
Достық ордені(орыс.)қаз. (19 желтоқсан 2014 ж., Ресей) — Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты дайындауға белсенді қатысқаны үшін
Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін I дәрежелі медалі (2015)
Жеке мағлұматтары
Әскери атағы - запастағы капитан.
Жеке өмірі
Әкесі - Әбдір Сағынтаев, Социалистік Еңбек Ері, Жамбыл облысының «Талас» Мемлекеттік асыл тұқымды мал зауытының директоры болып жұмыс істеген, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КОКП ОК Тексеру комиссиясының мүшесі, КОКП ОК съездерінің делегаты болған.
Анасы - Бештаева Құндызай, үй шаруасымен айналысқан.
Үйленген. 2 қызы, немересі бар.
Дереккөздер
Бақытжан Сағынтаев Еуразия экономикалық комиссиясының алқа төрағасы болды (қаз.). Азаттық радиосы (26 желтоқсан 2023). Тексерілді, 26 желтоқсан 2023.
Указ Президента Российской Федерации от 19.12.2014 № 789 "О награждении орденом Дружбы иностранных граждан". publication.pravo.gov.ru
Бақытжан Сағынтаев Үкіметтің отставкаға кетуі туралы хабарлады
Бақытжан Сағынтаев – Қазақстанның Премьер-Министрі Мұрағатталған 18 қазанның 2016 жылы.
Бақытжан Сағынтаев ҚР Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалды
Б.Ә.Сағынтаев ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындалды
Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев туралы ақпарат, Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев дегеніміз не? Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!