Бақай тауы
Бақай тауы – Іле Алатауының қиыр шығыс бөлігіндегі тау. Абсолюттік биіктігі 3010 м. Ендік бағытымен 30 км-ге созылған, ені 15—17 км.
Бақай тауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | Іле Алатауы |
Пайда болған кезеңі | Протерозой, палеозой |
Ұзындығы | 30 км |
Ені | 15-17 км |
Биіктігі | 3010 м |
Орналасуы | |
43°20′56″ с. е. 78°11′25″ ш. б. / 43.34889° с. е. 78.19028° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°20′56″ с. е. 78°11′25″ ш. б. / 43.34889° с. е. 78.19028° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер |
|
| |
|
Жер бедері
Солтүстік және шығыс беткейлері тік жарқабақты, оңтүстігі көлбеу келген. Шығысы мен оңтүстігінен Асы өзені ағып өтеді, оңтүстігінде Жамбас тауы орналасқан.
Геологиялық құрылымы
Протерозой мен палеозойдың гранодиорит, кварцитті тақтатастарынан түзілген.
Өсімдігі
Таудың етегі — қара және қызылқоңыр топырақты, беткейлері — шыршалы-қарағайлы орманды, шатқалдары әр түрлі жеміс ағаштарына бай.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Бақай тауы туралы ақпарат, Бақай тауы дегеніміз не? Бақай тауы нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!