Бесбақан тауы
Бесбақан тауы – Жетісу Алатауының оңтүстік сілеміндегі Сарқан жотасындағы тау. Кіші Басқан асуының оңтүстік-батысында орналасқан.
Бесбақан тауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | |
Пайда болған кезеңі | палеозой |
Биіктігі | 4622 м |
Орналасуы | |
45°02′52″ с. е. 80°15′41″ ш. б. / 45.04778° с. е. 80.26139° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 45°02′52″ с. е. 80°15′41″ ш. б. / 45.04778° с. е. 80.26139° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер |
|
| |
|
Географиялық орны
Жетісу облысы Ақсу ауданы жерінде.
Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 4622 м. Жетісу Алатауының ең биік жері. Таудың биік белдеулерін мұздықтар басып жатыр. Мұздықтардың көпшілігі дерлік таудың солтүстік беткейлерінде. Осы беткейден Кіші Басқан өзені бастау алады.
Геологиялық құрылымы, өсімдігі
Жер қыртысы төменгі палеозойдың кристалды тақтатас, кварцит, гнейс, әктас, мәрмәр жыныстарынан түзілген. Таудың жоғарғы бөлігінде палеозой граниттері кездеседі. Солтүстік белдеуінде субальпілік шалғындар және Тянь-Шань шыршасы мен самырсын ағаштары өседі.
Дереккөздер
- АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Бесбақан тауы туралы ақпарат, Бесбақан тауы дегеніміз не? Бесбақан тауы нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!