Арқат тауы
Арқат тауы – Абай облысы Жарма ауданы жеріндегі тау. Оңтүстік-батысында Қарағайлы тауымен шектеседі. Абсолюттік биіктігі 914 м. Батыстан шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, ені 5 – 7 км.
| Арқат тауы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Пайда болған кезеңі | |
| Ұзындығы | 15 км |
| Ені | 5-7 км |
| Биіктігі | 914 м |
| Орналасуы | |
| 49°04′25″ с. е. 80°10′15″ ш. б. / 49.07361° с. е. 80.17083° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°04′25″ с. е. 80°10′15″ ш. б. / 49.07361° с. е. 80.17083° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Елдер |
|
| | |
| | |
Жер бедері
Солтүстік беткейлері сай-жыралармен тілімденген, оңтүстігі тіктеу келген. Кейде адам мүсініне, кейде аң-құсқа ұқсайтын түрлі жақпартастардан құралған таудың сұлу көрінісі осы жерде болған жиһанкездерді (П.П.Семенов Тянь-Шанский, Н.М. Пржевальский, Ш.Уәлиханов, А.Янушкевич) ерекше таңырқатқан. А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердіұлы, М.Әуезов, т.б. қазақтың көрнекті тұлғалары Арқат тауының көлдерінде (Қопа, Аймақкөл) суға шомылған, жағасында аң-құс атқан.
Геологиялық құрылымы
Тау тас көмір кезеңінің жыныстарынан түзілген, етегін төрттік кезеңнің шөгінділері жауып жатыр.
Өсімдігі
Шалғынды қызыл қоңыр топырағында негізінен ши, ажырық, жусан, т.б. өсімдіктер өседі.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы I том
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Арқат тауы туралы ақпарат, Арқат тауы дегеніміз не? Арқат тауы нені білдіреді?




Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!