Айтбай мешіті
Айтбай мешіті – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет ескерткіші.
Айтбай мешіті | |
![]() | |
Ел |
|
---|---|
Қала | Қызылорда |
Статусы | Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші |
Ағымы | суннизм |
МДБ |
|
Сәулетшісі | Ысқақ пен Қамал |
Құрылысы | 1878 жылы |
Көлемі | 16х12 м |
Картада орналасуы | |
|
Координаттар: 44°50′21″ с. е. 65°29′36″ ш. б. / 44.83917° с. е. 65.49333° ш. б. (G) (O) (Я)
Орналасқан жері
Қызылорда қаласы, Сәтпаев көшесі, 18.
Тарихи деректер
ХІХ ғасырдың 70-жылдары Перовскіде мешіттер құрылысы қарқынды жүргізіле бастайды. Қысқа мерзімде Ақмешітте қазақ, өзбек, татар мешіттері бой көтереді. Солардың қатарында 1878 жылы Айтбай қажы Балтабайұлының бастамасымен Әулиеата шеберлері Ысқақ пен Қамал құрылысын жүргізген мешіт болды. Мешіт құрылысына Айтбай қажы 40 мың рубль қаржы шығарса, қалған шығынын жергілікті тұрғындар көтерген.
Кеңес билігі кезінде мешіт ғимараты әртүрлі қызмет атқарды: 1950 жылдары кинотеатр ретінде пайдаланылса, кейін ол жерге мектеп-интернат, 1970-1971 жылдары тігін цехы, одан кейін МҒҚҚКШ "Қызылорда қалпына келтіру" мекемесі орналастырылды. Ал қазіргі таңда ғимаратқа мешіт мәртебесі қайтарылған.
Ескерткішті "Қазақ жобалау-қалпына келтіру институты" зерттеп, 1980 жылы мешітті толық қалпына келтіру-жөндеу жобасын жасайды.
Мешіт сипаты
Ғимарат тікбұрышты жоспарда күйдірілген кірпіштерден тұрғызылған, көлемі 16х12 м. Іргетасы да дәл осындай кірпіштерден қаланған. Негізінің тереңдігі 1,70 м, ені 0,90 м. Мешіт ішкі қабырға арқылы намаз оқу залына және вестибюльге бөлінген. Залдың ортасында темір жабындысымен жабылған, шатырға қарай жоғарылайтын күмбез кеңістігі орналасқан. Ғимарат сыланып, әктелген, төбесі боялған. Мешіттің қасбеті, әсіресе, михрабы бар батыс қасбеті, кірпіштермен айшықты қаланып сәнделген, Бұл қасбет белдеушелер, карниздер, пилястрлер сияқты көлденең және тігінен қолданылатын элементтердің әрекеттестіктерінен құралған симметриялы маңдай алды композиция түрінде шешімін тапқан. Қабырғаның беткі жағы пилястрмен бес бөлікке бөлінген: орталық және одан әр жаққа екіден бөлінген. Орталық бөлігіне жақын тұрған бөліктер шеткілеріне қарағанда тар болып келген. Орталық бөлік көркем безендірілген. Оның төменгі бөлігінде қабырғадан шығыңқы түрде орналасқан "көп қырлы" михраб, ал жоғарғысында – картуштармен безендірілген аттик орналасқан. Қалған бөліктер бірдей безендірілген. Олар михраб деңгейінде шығыңқы кірпіштерден сәулелі арка түрінде аяқталған жапсырма "жиектемеулермен" безендірілген. Жоғарғы жағында олар кіші қуыстармен "тігіс" түрінде безендірілген таспалы өрнектермен көмкерілген. Пилястрлер кронштейн-сухариктер түріндегі сәндік элементтері бар жіңішке көлденең шығыңқылармен және ернеулермен айшықталған.
Ескерткіш "кірпіш стилін" жақсы пайдаланудың бірден-бір үлгісі болып табылады. Мешіт ежелгі мұсылман діни-сәулет өнерінен өзгеше түрде салынған.
Нысан – мұсылмандық діни рәсімдер жүргізетін ежелгі, қасиетті ескерткіштердің бірі болып саналады. Мешіт құрылысында ислам сәулет өнерінде сирек кездесетін стиль пайдаланылған. Айтбай мешітіне діни мерекелерде (ораза, құрбан айт және жұма намаздарда) жылына шамамен 1000-ға жуық адам келеді. Мешітте намаз оқитын орын, асхана бар және имамдар да қызмет етеді. Ал мешіттің ауласында, солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс жағында қызмет және тұрғын бөлмелері де бар.
Галерея
- Күзету туралы тақтасы ҚазКСР кезінен
- Ғимараттың қасбеті - тарихи қалау
- Мешітке кіру
Әдебиеттер
- Айтбай мешіті // Алтайдан Каспийге дейін. Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштері мен көрнекті орындарының атласы. 3 томдық. – Алматы, 2011. – Т. 2. – 728 б. – Б. 652–653.
- Байтенов Е., Әбдібаев Ш. Айтбай мешіті // Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. – Б. 53–54.
- Боздақова Ш. Айтбай мешіті // «Сыр елі» Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ. Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 544 б. – Б. 76.
- ХІХ ғ. ортасы – ХХ ғ. басындағы халық ағарту ісі мен Сыр өңірінің рухани өмірі // Қызылорда / Б. Кәрібозұлы, М. Аңсатова, У. Ибраев. – Астана: «Фолиант» баспасы, 2015. – 304 б. – Б. 126–133.
Дереккөздер
- Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017 – 1-шығарылым. – 904 б. ISBN 978-601-7312-78-7
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Айтбай мешіті туралы ақпарат, Айтбай мешіті дегеніміз не? Айтбай мешіті нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!