Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай
Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай (22 қараша 1947 жыл, Новостройка, Ленин ауданы, Шымкент облысы) — мемлекет және қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш бас прокуроры (1990—1995). Заң ғылымдарының кандидаты (1996).
Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай | ||||
![]() | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
10 қыркүйек 2006 — 26 сәуір 2019 | ||||
Ізашары | партия құрылды | |||
Ізбасары | Ермұрат Бапи | |||
| ||||
1 желтоқсан 1999 — 14 қазан 2004 | ||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||
Ізашары | Марат Оспанов | |||
Ізбасары | Орал Мұхамеджанов | |||
| ||||
қазан 1995 — қараша 1997 | ||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||
Ізашары | лауазым пайда болды | |||
Ізбасары | лауазым жойылды | |||
| ||||
7 желтоқсан 1990 — 6 қазан 1995 | ||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||
Ізашары | лауазым пайда болды; Қазақ КСР Прокуроры ретінде Ғалым Елемесов | |||
Ізбасары | Мақсұт Нәрікбаев | |||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | КОКП (1975-1991) Отан (1999-2005) ЖСДП (2006-) | |||
Білімі | ҚазМУ | |||
Мамандығы | заңгер | |||
Дүниеге келуі | 22 қараша 1947 (77 жас) Новостройка, Ленин ауданы, Шымкент облысы, Қазақ КФСР, КСРО | |||
өңдеу ![]() |
Өмірбаяны
Шанышқылы тайпасы Көрік руынан шыққан.
- С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1971), заңгер.
- Заң ғылымдарының кандидаты (1996). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекеттік-құқықтық реформа кезеңінде».
- 1963-1966 жылдары - Шымкент облысы Ленин ауданының Энгельс атындағы кеңшарында жұмыс істеген.
- 1971 жылдан - Шымкент облысының Арыс қалалық прокурорының көмекшісі.
- 1972 жылдан - Шымкент облысының соттарда қылмыстық істердің қаралуын бақылау жөніндегі прокурорының көмекшісі.
- 1975 жылдан - Шымкент облыстық прокуратурасының тергеу бөлімінің бастығы.
- 1978 жылдан - Қазақстан Компартиясы Шымкент облыстық комитетінің әкімшілік және сауда-қаржы органдары бөлімінің нұсқаушысы.
- 1980 жылдан - Қазақстан Компартиясы Шымкент облыстық комитетінің бірінші хатшысының көмекшісі, әкімшілік органдары бөлімінің меңгерушісі.
- 1982 жылдан - ҚазКСР прокурорының орынбасары.
- 1987-1990 жылдар аралығында - Маңғышлақ, Гурьев облыстарының прокуроры.
- ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Гурьев облысының №70 Индер сайлау округінен сайланған халық депутаты (1990-1994) Заңнама, заңдылық және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары.
- 1990 жылдан - ҚазКСР бас прокуроры (1991 жылдың желтоқсанынан - Қазақстан Республикасының).
- 1995 жылдан - ҚР Мемлекеттік тергеу комитетінің төрағасы.
- 1997 жылдан - Бас прокурордың орынбасары - ҚР Бас әскери прокуроры.
- 1999 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісінің 2-ші шақырылымының депутаты (Түркістан облысының №57 Сарыағаш сайлау округінен). ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы.
- 2004 жылдан - саяси оппозицияда.
- 2005 жылдың наурызынан «Әділетті Қазақстан үшін» Демократиялық күштер блогы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
- 2005 жылы желтоқсанда өткізілген сайлауларда осы қозғалыстың атынан ҚР Президенттігіне кандидат болған.
- 2006 жылдан бері - Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) төрағасы. ҚР Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі (2000-2004).
Ғылыми еңбектері
- «Қазақстан прокуратурасының мемлекеттік-құқықтық реформа кезеңіндегі дамуы» (1997)
- «Қылмыстық әділет саласындағы ҚР мемлекеттік саясатының құқықтық негіздері» (2004) атты кітаптардың және 30 ғылыми жарияланымның авторы.
Марапаттары
- II дәрежелі «Барыс» ордені
- КСРО және ҚР көптеген медальдарымен марапатталған.
- КСРО прокуратурасының Құрметті қызметкері.
- Әділет генерал-полковник. 1-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.
Отбасы
- Әкесі - Тұяқбаев Айтбай (1902-1978), ұжымшаршы болған. Анасы - Тұяқбаева Тыным (1925-1994).
- Үйленген. Жұбайы - Аптаева Бағила Нығметқызы (1949 жылы туған), математик. Қызы - Әзиза (1973 жылы туған); үлдары - Шыңғыс (1974 жылы туған); Әділжан (1977 жылы туған).
Дереккөздер
- Шанышқылы: Ұрпақтар сабақтастығы. Алматы. Тоғанай баспасы. 2012. 492 бет. ISBN 978-601-7007-86-7. Жауапты шығарушы Мырзахан Ахметов. Редакция алқасы: Тілеуқұл Өмірзақов, Әбдуәлі Данай және тб. 1,2 кітап.
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай туралы ақпарат, Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай дегеніміз не? Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!