Айтақын Алпысбаев
Айтақын Алпысбайұлы Алпысбаев (15 қазан 1921, Текес, Райымбек ауданы, Алматы облысы – 3 желтоқсан 2010, Алматы) – кеңестік және қазақстандық мемлекет және партия қайраткері. Қазақстан КП Қапал аудандық, Қаратал аудандық және Кербұлақ аудандық комитетінің бірінші хатшысы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің ІХ шақырылым депутаты (1975—1980).
Айтақын Алпысбайұлы Алпысбаев | |||||||||||
| |||||||||||
Туған күні | 15 қазан 1921 | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған жері | Текес, Райымбек ауданы, Алматы облысы | ||||||||||
Қайтыс болған күні | 3 желтоқсан 2010 (89 жас) | ||||||||||
Қайтыс болған жері | Алматы | ||||||||||
Ұлты | қазақ | ||||||||||
Әкесі | Алпысбай Мыңжасарұлы | ||||||||||
Анасы | Тәттібала Төпеқызы | ||||||||||
Жұбайы | Бүбіш Нұрғожаева | ||||||||||
Марапаттары мен сыйлықтары |
|
Өмірбаяны
Алпысбаев Айтақын 1921 жылғы 15 қазанда шаруалар отбасында дүниеге келген. Отбасында кенже бала болып туған. Ұлы жүз, Албан руынан тарайды. Ағасы Алпысбаев Ахмет революционер, Қазақстанда алғашқы кеңестер құруға атсалысқан. Кеңес Одағының алғашқы жылдарында Байынқол мен Жаркент уездерінде, Қарқара (кейін Ұйғыр ауданы) мен Іле аудандарында атқару комитетінің төрағасы, төраға орынбасары болған. 1930-жылдары қуғындалған.
Айтақын 1937 жылы Буденный атындағы 7 жылдық мектепті бітірді. 1938-1939 жылдары Алматыдағы театр училищесінде оқыған.
1942 жылы Ұлы Отан соғысына Кеген әскери комиссариатынан шақырылады. Майданда Старый Русь қаласын азат етуге қатысады. Мұнда 86-атқыштар бригадасының құрамында снайпер болып қызмет еткен. Кейін екінші екпінді әскердің 120 мм миномет полкының 2-дивизиясының 1-взводына миномет расчетының командирі болып тағайындалды. Минометпен жау әскерін талқандағаны үшін 4 мәрте "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды. Псков, Дно, Рига, Тухумус қалаларын азат етуге қатысты. Соғыс аяқталған соң, Петербор жанындағы Выборг маңында көпірлерді минадан тазартуға атсалысты. Тек 1946 жылы маусымда туған өлкесіне оралды.
1949-1954 жылдары Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтында оқыды. Кейін Кеген ауданының Кеген МТС-на бас зоотехник болып жұмысқа алынады. Мұнда арқар-меринос қойының жүнділігін арттыру туралы ғылыми жұмыспен шұғылданады. Одан кейін көршілес жатқан Нарынқол ауданында (Райымбек ауданы) Шәлкөде машина мал шаруашылығы станциясына (МЖС) жібереді. 1958 жылғы сәуірде Нарынқол аудандық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Қызметі өрлей беріп, ауыл шаруашылық инспекциясының бастығы, кейін Нарынқол аудандық кеңес атқару комитетінің төрағасы болып 1961 жылға дейін жұмыс істейді.

1961 жылғы сәуірде Қапал аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалды. Мұнда бір жыл жұмыс істеген соң, Кеген ауданына оралып, аймақтық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы болып тағайындалады. Бұл қызметінде 1962-1966 жылдар аралығында жұмыс істеген кезде, Айтақын Алпысбаев ауданға екі рет келіп-кеткен Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы Д.Қонаевпен танысады.
1966 жылы Қаратал аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет ете бастайды. Бұл қызметінде 1973 жылғы дейін істеп, Қаратал ауданындағы күріш шаруашылығы қалпына келтірілді. Аудандағы киіз үй шығаратын комбинаттың өнімділігі жылына 15 000 киіз үйге дейін артып, даңқы КСРО көлемінде таралды.
1973 жылғы желтоқсанда Қазақ КСР Жоғағры Кеңесі Төралқасының жарлығымен Гвардия ауданының құрамынан Кербұлақ ауданы құрылып, оның аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып Айтақын Алпысбаев тағайындалды. Бұл қызметінде 10 жыл бойы 1983 жылға дейін істеп, жаңа ауданның негізін қалады. Ауданның елді-мекендерінде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, инфрақұрылымды қалыптастырды.
Кербұлақ ауданы негізінен қой шаруашылығымен айналысты. Аудандағы мал тұқымын асылдандыру, мал бордақылау комплекстерін құру мәселелері жайлы 1977 жылы "Қойлы өңір Кербұлақ" атты кітабы жарық көрді.
1975-1980 жылдар аралығында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып қызмет етті.
1983 жылы Республикалық деңгейде зейнетке шықты. 1985-1986 жылдары Алматы облысы ауыл шаруашылық басқармасының құрылыс жөніндегі біріккен басшылығының бас инженері, 1986-1987 жылдары Алматы облысы орталық базарларының облыстық басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.
1987-1997 жылдар аралығында "Райымбек батыр" қоғамдық қорының төрағасы болып, Алматыдағы Райымбек батыр кесенесінің жаңартылуына атсалысты. 1996 жылы Райымбек ауданының Сарыжаз ауылына Райымбек батырдың еңселі ескерткіші қойылды.
2010 жылы 90 жасқа қараған шағында Алматы қаласында қайтыс болды. Кеңсай зиратында жерленген.
Алматы облысы, Талғар ауданы, Қайнар ауылдық округінің Жалғамыс ауылында Айтақын Алпысбаев құрметіне ашылған көше бар.
Марапаттары
- 4 мәрте "Ерлігі үшін" медалі;
- 1-дәрежелі Отан соғысы ордені;
- Қазан төңкерісі ордені;
- 3 мәрте Еңбек Қызыл Ту ордені;
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің үш мәрте "Құрмет" грамотасы;
- Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл мерекелік медалі;
Айтақын Алпысбаевтың есімі Республиканың "Құрмет кітабына" жазылды.
Жанұясы
Жұбайы - Бүбіш Нұрғожақызы. 1948 жылы отбасы құрған.
Қыздары:
- Жұмагүл – тарих ғылымдарының кандидаты;
- Жұпаргүл – математика пәнінің мұғалімі, Еңбек ардагері;
- Мәдина – жоғарғы санатты дәрігер-кардиолог;
Ұлдары:
- Серік, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ көлік және коммуникация академиясының ректоры, АТУ проректоры, Қазақ технология және бизнес университетінің ректоры. 20 түрлі оқулық пен оқу құралы, 120-дан астам ғылыми мақала мен жарияланым, 3 өнертабыс патентінің авторы.
- Мәлік – кәсіпкер, экономист;
- Талғат – экономист;
- Қайрат – агроном.
Дереккөздер
- Алпысбаев Ахмет
- https://alatauaraiy.kz/2024/03/28/basty-mindet-awyldyng-aelewetin-arttyrw-aekim/
- https://nabrk.kz/kk/e-catalog?searchType=simple&field=all&value=%D2%9A%D0%BE%D0%B9%D0%BB%D1%8B%20%D3%A9%D2%A3%D1%96%D1%80&operator=AND
- Список депутатов Верховного Совета Казахской ССР IX созыва
- https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V18DRG04586
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Айтақын Алпысбаев туралы ақпарат, Айтақын Алпысбаев дегеніміз не? Айтақын Алпысбаев нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!