Алшынбай Тіленшіұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Алшынбай Тіленшіұлы (1783- ө. ж. б.) - би.

Өмірбаяны

 | ]

Айбике, Шаншар елінің басты адамы. 1826–1846 жылдары Айбике-шаншар болысын басқарған. Арғын ішінде - Қаракесек. Қаз дауысты Қазыбектің шөбересі. Алшынбайдан: Қақабай, Бану, Бәпи, Шәпи, Қосық, Жанығұл, Жүсіп тарайды. Абайдың бәйбішесі Ділдә - Жүсіптің қызы. Патша үкіметінен старшина, поручик шендерін алған. Санкт-Петербургтегі патша сарайында болып, Анна лентасына тағылған алтын медальмен марапатталған. Сұлтан Кенесары Қасымовтың көтерілісі кезінде елін тыныш ұстап, патша үкіметіне көмектескені үшін Анна лентасына жазылған күміс медаль алады. Ел аузында Абайдың Ділдәні алған соң, Алшынбайға сәлем бере барып, Шұбар айғырдың үйірін сұрағанда, мұны бере алмай, «батамды алсын» деген ұлы атасына «Ондай батасын сатқан шал өзімде де бар» деген өкпелі сөзі қалған.

Дереккөздер

 | ]
  1. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
  2. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
  3. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Алшынбай Тіленшіұлы туралы ақпарат, Алшынбай Тіленшіұлы дегеніміз не? Алшынбай Тіленшіұлы нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *