Алшынбай Рақышев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Алшынбай Рақышев (19.4. 1931 жылы туған, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Т.Әубәкiров ауылы — 21.4.2020) – медицина ғылмының докторы (1968), профессор (1969), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академик (2003). Арғын тайпасы, Қаракесек руының Қамбар бұтағынан шыққан.

  • 1956 Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бiтiрген.
  • 1956-1964 Осы институтта аспирант, ассистент,Целиноград мемлекеттік медицина институтында (қазiргi Ақмола мемлекеттік медицина академиясы) аға ғылыми қызметкер, кафедра меңгерушісі,
  • 1964-1968 оқу істері жөніндегі проректоры
  • 1969-1977 қазiргi Қазақ ұлттық медицина университетiнде кафедра меңгерушiсi, оқу iстерi жөнiндегi проректоры
  • 1994-1995 Халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті болып жұмыс iстеген.
  • 1978 жылдан Қазақ ұлттық медицина университетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.

Ғылыми еңбектер

 | ]

«Источники формирования тазового сплетения» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Негiзгi ғылыми еңбектерi адамның жүйке клеткаларының морфологиясын зерттеуге арналған. Рақышев вегетативтiк жүйке жүйесiнiң морфологиялық-функционалдық құрылымдарын, шеткi жүйке жүйесiнiң регенеративтiк қабiлетiнiң жолдары мен ерекшелiктерiн зерттедi. Гелий-неон лазер сәулелерiнiң жүйке және тамыр жүйелерiне әсер ететiн заңдылықтарын анықтады. 30 жылдан астам ұлттық медицина терминдерi мен атауларын құрастырып, оларды бiр iзге түсiрумен шұғылданды. Рақышевтың 150-ден аса ғылыми еңбектерi мен 18 монографиясы жарық көрдi.

Марапаттар

 | ]

«Құрмет» орденімен (2005) марапатталған.

Дереккөздер

 | ]
  1. «Қаракесек шежіресі», екінші том, Павлодар, «ЭКО» ЖШС баспаханасы, Т.А. Еңсебаев . Кітаптың таралымы – 500 дана. 2017
  2. Қазақ энциклопедиясы"


wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Алшынбай Рақышев туралы ақпарат, Алшынбай Рақышев дегеніміз не? Алшынбай Рақышев нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *