Әбдір Сағынтаев
| Әбдір Сағынтаев | |
| Туған күні | 7.11.1921 жыл |
|---|---|
| Туған жері |
|
| Қайтыс болған күні | 12 ақпан 1986 |
| Қайтыс болған жері | Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылы |
| Ұлты | қазақ |
| Қызметі | зоотехник-агроном, "Талас" мемлекеттік асыл тұқымды мал зауытының директоры |
| Балалары | Бақытжан Сағынтаев (ҚР Өңірлік даму министрі), Таймас Сағынтаев(Жамбыл облыстық антимонополиялық агенттік төрағасы) |
| Марапаттары мен сыйлықтары |
|
Әбдір Сағынтаев - Социалистік Еңбек Ері (1949), зоотехник-агроном, ҚазССР-інің еңбек сіңірген мал шаруашылығы шебері. 7 қараша, 1921 жылы Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында туған.
Өмірбаяны мен еңбек жолдары
| ]- 1948 жылдан КОКП мүшесі.
- 1941-1943 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан.
- 1940 жылы еңбек жолын бастаған.
- 1943-1954 жылдары "Талас" совхозында шопан, зоотехник, ферма меңгерушісі. 1948 жылы ол басқарған ферма мемлекетке қаракөл елтірісінің 80%-ін 1-сортпен өткізді.
- 1954-1956 жылдары Қапланбек зоотехникумы жанындағы 2 жылдық курстың тыңдаушысы.
- 1957-1985 жылдары "Талас" мемлекеттік асыл тұқымды мал зауытының директоры.
- 1967 жылы жүз саулықтан 147, 1982 жылы 126 қозы алып, аман өсірді.
- 1966-1971 жылдары КОКП Орталық Тексеру комиссиясының мүшесі болды.
- 6-сайлауда КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.
Марапаттар
| ]- З мәрте Ленин ордені
- Социалистік Еңбек Ері (1949)
- Қызыл Жұлдыз ордені
- "Еңбек Қызыл Ту" ордені
- "Құрмет Белгісі" ордені
Дереккөздер
| ]- ҚазССР Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987
- АЛТЫН ТӨС Мұрағатталған 27 желтоқсанның 2016 жылы.
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 12 ақпанда қайтыс болғандар
- 1986 жылы қайтыс болғандар
- Социалистік еңбек ерлері
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Әбдір Сағынтаев туралы ақпарат, Әбдір Сағынтаев дегеніміз не? Әбдір Сағынтаев нені білдіреді?


Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!