Әбдірахман Байділдин
Әбдірахман Байділдин (1891 жыл, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы — 1931 жыл, Мәскеу) — қоғам қайраткері.
Әбдірахман Байділдин | |
![]() | |
Өмірбаяны | |
---|---|
Партиясы | БК(б)П |
Білімі | Омбыдағы мұғалімдер семинариясы (1917) |
Мамандығы | қоғам қайраткері, әдебиетші, публицист, редактор, аудармашы, ұстаз |
Дүниеге келуі | 1891 Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы |
Қайтыс болуы | 1931 Мәскеу |
өңдеу ![]() |
Өмірбаяны
- Арғын тайпасынан шыққан.
- Омбыдағы мұғалімдер семинариясын бітірген (1917).
- “Бірлік” ұйымының мүшесі, әрі оның хатшысы болды.
- 1917 жылы Ақпан революциясынан соң Ақмола облысы Қазақ комитетін ұйымдастыруға атсалысты.
- 1919 жылы Алашорда делегациясымен бірге Уфа мен Самарада өткен кеңестік билікке қарсы күштердің мәжілістеріне қатысады.
- 1920 жылы РК(б)П комитетінің мұсылмандар семинариясының төрағасы
- 1921—1922 жылдары Орынборда Қазақ АКСР Жер комиссариатының алқа мүшесі
- “Еңбекші қазақ” газетінің редакторы
- 1923 жылы Орал облысы партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің мүшесі
- “Қызыл Ту” газетінің редакторы
- 1923 — 1925 жылдары Мәскеуде Орт. баспаның қазақ секциясының қызметкері
- 1925 — 1926 жылдары Қазақ өлкелік БК(б)П комитетті баспасөз бөлімінің меңгерушісі
- 1926 — 1928 жылдары республика оқу-ағарту қызметкерлері кәсіподағының төрағасы
- 1929 жылы ҚазМУ-дің оқытушысы.
- 1929 жылы басталған қуғын-сүргін кезінде қамалып, 1931 жылы ату жазасына кесілді. Тергеу барысында тұрақсыздық танытып, алаш зиялыларына қарсы көрсетулер берген.
Шығармалары
- “Алдымыздағы мақсатымыз” (1926)
- “Оқытушылар мен кәсіпшілер қозғалысы” (1927)
- “Оқу қызметкерлеріне жолбасшы”
- “Жаңа әліппе” (1928) деген еңбектердің авторы.
Дереккөздер
- «ЗАМАНЫНЫҢ СҰРҚЫЛТАЙЫ» (Әбдірахман Байділдин) — ULAGAT (ru-RU).
- Тұрсын Жұртбай. "Заманының сұрқылтай" (жалғасы) (қаз.).
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
- «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
![]() | Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Әбдірахман Байділдин туралы ақпарат, Әбдірахман Байділдин дегеніміз не? Әбдірахман Байділдин нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!