Пиреней түбегі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Пиреней түбегі
image
Ғарыштан көрінісі
Сипаттамасы
Ауданы600 000 км²
Ең биік нүктесі3479 м
Орналасуы
40°18′ с. е. 3°43′ б. б. / 40.300° с. е. 3.717° б. б. / 40.300; -3.717 (G) (O) (Я)Координаттар: 40°18′ с. е. 3°43′ б. б. / 40.300° с. е. 3.717° б. б. / 40.300; -3.717 (G) (O) (Я) (T)
Түбекті шаятын акваторияларБискай шығанағы, Атлант мұхиты, Жерорта теңізі, Гибралтар бұғазы
Елдерimage Испания
image Франция
image Португалия
image Андорра
image Гибралтар
image
image
Пиреней түбегі
image Пиреней түбегі Ортаққорда

Пиреней түбегі немесе Иберия түбегі (ис. Península Ibérica; кат. Península Ibèrica; баск Iberiar penintsula; порт. Península Ibérica; фр. Péninsule Ibérique; ағылш. Iberian Peninsula) — Еуропаның оңтүстік батысында орналасқан. Еуропаның басқа бөліктерінен Пиреней таулары, Африкадан Гибралтар бұғазы арқылы бөлінген. Пиреней түбегін Атлант мұхиты қоршап жатыр. Аумағы 584 мың км².

Жер бедері

 | ]

Жағалары нашар тілімденген, тек солтүстік-батыс бөлігінде риас типтік жағалар (теңіз суының тау аңғарларына толуы) тараған. Жер бедерінде таулы үстірттер (Месета, Галисия) мен ұзына бойы созылып жатқан тау жоталары (Пиреней, Кантабрия, Каталония, Иберия, Андалусия, т.б.) басым. Ең биік жері — Сьерра-Невада жотасындағы Муласен тауы (3478 м). Пиреней түбегінің жағалау бөлігін шағын ойпаттар (Португал, Андалус, Арагон, т.б.) алып жатыр.

Климаты

 | ]

Климаты субтропиктік, жерортатеңіздік типке жатады, солтүстігінде және солтүстік-батысында теңіздік климат басым. Ірі өзендері: Тахо, Эбро, Дуэро, Гвадиана, Гвадалквивир. Жерінің 40%-ын ормандар мен бұталар алып жатыр.

Өсімдігі

 | ]

Негізгі өсімдіктері — жерортатеңіздік бұталар (маквис, гарига), шалғындар. Пиреней түбегінде Испания, Португалия, Андорра мемлекеттері мен Британия қауымдастығына қарайтын Гибралтар орналасқан.

Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақ энциклопедиясы, 7 том

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Пиреней түбегі туралы ақпарат, Пиреней түбегі дегеніміз не? Пиреней түбегі нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *