Синай түбегі
Синай түбегі — Батыс Азиядағы Қызыл теңіздің Суэц және Акаба шығанақтары аралығында; Мысыр жерінде. Аумағы 25 мың км². Оңтүстігін гранит, гнейс, кристалды тақтатастан тұратын тау (Катерин тауы, биіктігі 2637 м), солтүстігін 500 — 1000 м-ге төмендеген, күшті тілімделген Эгма үстірті алып жатыр. Суэц шығанағын бойлай жіңішке құмды ойпат орналасқан. Мұнайдың (Судр, Әбу-Рудайс, Әт-Тур), марганец кентасының (Умм-Бугма) кен орындары бар. Климаты субтропиктік, тропиктік; ыстық, қуаң. Жылдық жауын-шашын мөлшері 50 мм. Тұрақты өзені жоқ. Өсімдік жамылғысы сирек (эфемерлік). Көшпелі мал шаруашылығы (қой, ешкі, түйе) дамыған. Шұраттарда құрма пальмасы, арпа, жүгері өсіріледі. Сәулет өнері мен мәдени ескерткіштерден — қасиетті Екатерина монастыры (IV ғ.), Византия өнерінің құнды толық жинағы, орта ғасырлық қолжазбалар, ежелгі христиан икондары (VI ғ.) сақталған.
Синай түбегі араб.: سيناء | |
![]() | |
Ніл сағасы мен Синай түбегі | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 25 000 — 60 000 км² |
Ең биік нүктесі | 2637 м |
Орналасуы | |
29°30′ с. е. 33°50′ ш. б. / 29.500° с. е. 33.833° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 29°30′ с. е. 33°50′ ш. б. / 29.500° с. е. 33.833° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Акватория | Қызыл теңіз |
Ел | |
![]() |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Синай түбегі туралы ақпарат, Синай түбегі дегеніміз не? Синай түбегі нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!