Қарабас өгізшағала
| Қарабас өгізшағала | ||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Амандық күйі | ||||||||||||||
![]() Least Concern (IUCN3.1) | ||||||||||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
| Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
| Ichthyaetus ichthyaetus (Pallas, 1773, Каспий теңізі) | ||||||||||||||
| Синонимдері | ||||||||||||||
| Larus ichthyaetus |

Қарабас өгізшағала (лат. Ichthyaetus ichthyaetus) – татреңтәрізділер отрядының шағалалар тұқымдасына жататын құс.
Қазақстанда Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінде, Еділ – Жайық өзендерінің суқоймаларында, Наурызым мен Қорғалжын қорықтарында, Павлодар мен Қарағанды облыстарының суқоймаларында, Балқаш – Алакөл су алабында ұялайды. Ұшып келу және ұшып кету кезеңдерінде Қазақстанның барлық суқоймаларынан, оның ішінде Оңтүстік Алтайдың таудағы көлдерінен де кездестіруге болады.
Ұялайтын жерлері – ащы көлдердің аралдары. Қанатының ұзындығы 45 – 55 см, салмағы 1,2 – 1,9 кг-дай болатын ірі құс. Бауыры ақ, арқасы көгілдір, атына сай басы қара, көзінің айналасы – ақ, тұмсығы сары, оның ұшы қызғылттау, сирағы – жасыл сары болып келеді. Қанатын баяу қағып, асықпай ұшады. Үлкен шоғыр құрып топталып ұялайды. 3 – 4 жылда жыныстық жағынан жетіледі. Ұясын жерге салып, ондағы 1 – 4 шұбар жұмыртқаны қоразы мен мекиені 25 – 30 күндей шайқайды. Басқа шағалалардан ерекшелігі – балапандарының түсі – аппақ, өзіне жақын қарабас, мойнақ не реликті шағалалардың балапандарына ұқсас болуында. Қарабас өгіз шағаланың негізгі қорегі – балық, жәндіктер (қоңыздар, көкқасқа шегіртке), кесірткелер, кеміргіштер (сарышұнақтар мен құм тышқандары), сол сияқты майда құстар, кейде үйректер мен қасқалдақтарды да ұстайды. Қарабас өгіз шағала – жыл құсы. Ақпанның аяғы – наурыздың басында ұшып келіп, тамыз – қыркүйекте ұшып кетеді. Көпшілігі Каспий теңізінің жағалауларында қыстайды. 1976 жылдан Алматы хайуанаттар бағында бірнеше жұбы бар. Санының жылдан-жылға азаюына байланысты Наурызым мен Қорғалжын, Алакөл қорықтарында, сол сияқты «Реликт шағала» қорықшасында қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Дереккөздер
| ]- Қазақ Энциклопедиясы
- Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
| Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Ichthyaetus ichthyaetus |
- Қауіптен тыс түрлер
- Татреңтәрізділер
- Шағалалар
- Еуразия құстары
- 1773 жылы зерттелген жануарлар
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қарабас өгізшағала туралы ақпарат, Қарабас өгізшағала дегеніміз не? Қарабас өгізшағала нені білдіреді?




Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!