Дәстем Қарабасұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Дәстем Қарабасұлы (1677, Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Гүлтөбе қонысы - 1752, Ресей, Қорған облысы, Петухово ауданы, Өзентал қыстауы) - ақын, күйші, Толыбай сыншының немересі, Қарабас батырдың үшінші ұлы.

Ауыл молдасынан сауат ашқан. Дәстем өлең-жыр шығарып, ән салу, сыбызғы, домбыра тарту өнерін медреседе жүргенде тастамай, жетілдіре берген. Ел арасында сыбызғымен күй тартып, домбырамен ән шырқап, өлең-жырлар шығарып, сал-серілік құрғандықтан, ақын Дәстем, әнші Дәстем, сал Дәстем, сері Дәстем, жыршы Дәстем атанады.

Дәстем 17-ғасырдың соңы мен 18-ғасырдың 1-жартысындағы қазақ-қалмақ соғысына қатысқан.

"Хан - сұлтандар", "Бозқозыұлы Бөкенбай", "Дәстемнама" тарихи дастандар, "Гүлжаһан", "Майдан", "Ақбоз ат" деген әндер, "Шайқас", "Жекпе-жек", "Ақиық", "Шыжым", т.б. күйлер шығарған.

Керей руыннан шыққан.

Дереккөздер

 | ]
  1. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
  2. Х.М.Ғабжалилов Қазақ ру-тайпаларының тарихы. Керей — Алматы: Алаш ТЗО, Полиграфкомбинат, 2014. — Т. 15. — 607 б. — 1000 таралым. — ISBN 9965-765-46-4.

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Дәстем Қарабасұлы туралы ақпарат, Дәстем Қарабасұлы дегеніміз не? Дәстем Қарабасұлы нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *